|
|||
Кекілбаевтың «Үркер» романындағы 7білқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.№9. 7.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы 7білқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз. «Үркер» - тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен толғайтын кең құлашты күрделі роман. Бұл романның негізгі тақырыбы – қазақ халқының 18 ғасырдың басында ел т<уелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы ел мен жердің тұтастығы мен т<уелсіздігі болып табылады. Zсіресе романның бас кейіпкері, <рі өз тұлғасымен жазушыны шабыттандырған Zбілқайыр бейнесі ерекше берілген. Zбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелігін саралап өтсем. Ол – хан, ақылға да, айлаға да жүйрік; тарихи д<уір мен оқиғалардың ең өзекті, м<нді сипаттамаларын саяси <леуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды; халқының тағдыры үшін батыл шешімдер қабылдайды; қайсарлығын таныта отырып, елдің игілігі үшін дұшпандары мен жаударына қасқайып қарсы тұратын ардақты ер деп толықтай айтуға болады. Алайда жазушы батыр <рі ханның тұлғасын сомдауда қандай суреткерлік көркем бейнелерді қолдана білді? Романды көркем жеткізу үшін Zбілқайырдың қандай ерліктері арқылы жеткізді? Менің ойымша, Zбілқайырдың алғырлығы мен қайсарлығын романды оқи отырып анық байқайтындаймыз. Ол <уелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды. Іске де, сөзге де мығым келеді. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқаныкі болғанымен, ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл басқа сұлтандардан <лдеұайда үстем болып өседі. Ол өзінің осы қасиетін байқап қана қоймай, өзгелердің сол қасиетіне көздері жеткенін қалайды. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс ақсақалдардың, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып, көрсете біледі. Міне, осы кезде Zбілқайыр іргелі мақсатқа қол созғанда осы секілді <рекеттерімен үлкен жетістіктерге жете білгендей. Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін <діл болып шыққанын көруге болады. Менің пайымдауымша, жазушының ең <серлі суреттеп жеткізен жері, Zбілқайырдың халық қамын ойлап, толғанып, бір шешімге келуі – елінің амандығы үшін Ресейге пана іздеп баруы деп білемін. Сондай-ақ романның соңында елі үшін туып, халқына қызмет көрсеткен ердің арманы мақсатына айналып, үміт оты жануы Zбілқайырдың ерекшеліктері мен болмысын түйіндеп тұрғандай. Романның тағы да бір ерекшелігі деп, ел басына қиын қыстау кезең туғанда, өз жеке басы үшін емес, ел тағдыры деп басын т<уекелге тігіп, игілікті жолын таңдауы. Мұның өзі ханның сыртқы саясаттағы біліктілігі мен алғырлығының белгісі ретінде танылады. Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете білген Zбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын. Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.
|
|||
|