|
|||
Рефлексиялық - түзетушілікРефлексиялық - түзетушілік «Менің досым» ойыныменаяқтау. Допты лақтырып, қағып алған балаға педагог досының атын, білетін болса, достық туралы мақал-мәтел айтқызады. Ойын ойналады. Күтілетін нәтиже: Біледі: шығарманың мазмұнын. Игереді: достық қатынасты бағалай білуді. Меңгереді: адал дос болуды, досты сыйлауды.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 23.Тақырыбы:«Өкпелеме» өлеңі Мақсаты: шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету. Көрнекілік: хрестоматия. Сөздік жұмыс:өкпелеме. Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру сәті. Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасату. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға-солға түзу тұр, Солға-оңға түзу тұр. Жоғары-төмен қарайық. Бойымызға күш жинап Бір тынығып алайық. Шеңбер бойына тұрып, бірге қайталайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Өкпелеме» өлең шумағын тыңдап көрейік. Өлеңді мәнерлеп оңу. Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу. - Осы оқылған өлең шумағында не жайлы айтылған? - Өлеңнің авторы кім? - «Өкпелеме» сөзін қалай түсіндіңдер? Сергіту сәті Біздер тату боламыз, Гүл-гүл жайнаймыз, Жаттығуда сергіп қаламыз, Бір, екі, үш, Жоғары қолды созамыз. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. Мұқият тыңдайды. Балалардың жауабы. М.Әлімбаев Қимылдар жасайды.
|
|||
|