Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рефлексиялық - түзетушілік



Рефлексиялық - түзетушілік

Ертегіні сахналау. Қорытындылау.

Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқыза отырып, оқу іс-әрекетін аяқтау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

демекші, бірліктің арқасында

шалқанды жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай.

Рөлге бөлініп сахналайды.

Мұқият тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды.

Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.

 

Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі:«бала тілін дамыту» 

4.Тақырыбы:«Алтын дән» (өлең)

Мақсаты: еңбеккеқызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.

Сөздік жұмыс:алтын дән.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Тәрбиешімен бірге шеңбер бойы­на тұрып, төмендегі өлең жолдарын орындайды.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достың мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.

 

 

Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.- Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оңып, оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды.

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында аң бидай

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Өлеңнің авторы кім?

- Сендерге өлең ұнады ма?

- «Алтын дән» дегенді қалай түсінесіңдер?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.