|
|||
Рефлексиялық - түзетушілікРефлексиялық - түзетушілік Қорытындылау (сурет арқылы): - Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар? - Суретте қандай мамандың иелері бейнеленген? - Тағы қандай мамандың түрлерін білесіңдер? - Сендер өскенде кім болғыларың келеді? Балалардың жауабы. Күтілетін нәтиже: Біледі: мамандық туралы білімдерін кеңейту. Игереді: болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді. Меңгереді: өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«бала тілін дамыту» 3.Тақырыбы:Шалқан (орыс халың ертегісі) Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия. Сөздік жұмыс:шалқан.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Достар, достар, жүрсің қайда, Бірге еді ғой жанымыз. Көмек сұрап бір-бірінен Жеңіп шықтық бөріміз. Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу. - Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар? - Шалқан қайда өседі? - Атай көмекке кімді шақырды? - Әжей кімді шақырды? - Немере қыз кімді шақырды? - Күшік кімді шақырды? - Мысық кімді шақырды? - Сонымен, бәрі бірігіп не істеді? - Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз. Зейін қойып тыңдайды. Балалардың жауабы. Әжейді Немере қызды Күшікті Мысықты Тышқанды
|
|||
|