|
|||
Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріКүні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 1.Тақырыбы:«Күз» (өлең) Мақсаты: күз туралы білімдерін тиянақтау. Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт-береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту. Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреттері, хрестоматия, себет. Сөздік жұмыс:күз, ырыс, құт-береке, молшылық. Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге Ж.Қалжанованың «Күз келгенде» әнін орындайды. Күз келгенде Күз келіпті, көңілсіз Десек те, десек те, Күздің берер жемісі Есепте, есепте. Қайырмасы: Түрлі түсті бояуын Жер бетіне кестелеп. Күз келгенде, егінші Егін жинар дестелеп. Күз келіпті, көңілсіз Десек те, десек те, Бау-бақшаның пісері Есепте, есепте. Қайырмасы. Күз келіпті, көңілсіз Десек те, десек те, Мақта теру маусымы Есепте, есепте. Музыка жетекшісімен бірге орындайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар.
Қызыл, сары немелер Су бетінде қалқиды. Соқса егер салқын жел Ырғалады, толқиды.
Жиын-терін болатын, Қамбаға астық толатын. «Қызыл қырман» ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?
Аспай піскен, Қайнамай түскен.
Бақшада өседі, Көп өнімін береді.
Сурет бойынша әңгімелеу: «Күз мезгілі» - Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Күз туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер? «Күз» өлеңін оқып беру. Бидай Жапырақ Күз Жеміс Көкөніс Күз Рефлексиялық - түзетушілік Қорытындылау: «Жеміс жинау» ойыны. «Күз - жомарт» әні орындалады.
Күтілетін нәтиже: Біледі:жыл мезгілдерін. Игереді: жаңа сөздерді.
|
|||
|