Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» Өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз



№48 Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.

 Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті міселелердің біріне айналған.Расында, заман көрсеткіші жастар болса,бұл біраз ойланарлық мәселе.Қазіргі таңда,көркем мәнездә яки ерсі мінезді жастарды тез ажыратып,тануға болады.Жастар мәдениеті мен әдебі екі топқа бөлінді десек қарсы пікір болмас.

Менің пікірімше,бұл бұрыннан қалыптасқан,жастар өз мінезіе заманымен ұштастырып,сан-қилы бағытта өркендетеді.Мәселен,Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінденгі ұл-қыздардың қылықтарын кездестіруге болады ма?Екі заман кезеңіне салыстыра талдауу жасайық.

Біріншіден,бүгінгі жастар бойындағы немқұрайлылық пен жағымсыз қылықтарын қарастырайық.

 Жастардың мәдениетіне тосқауыл қоятын бірден-бір себеп-тілдің шоршақтығы,мәдениеттен жұрдай болуы және надандық.Шортанбайдың өз өлеңіндегі айтпағы да осы еді.

                        

                    «Ұл-қызыңнан үміт кетті,

                    Айырылдық құда,досыңнан»- дей отырып, өз заманасының жастары қараңғы екендігіне ой тастайды

Екіншіден,жастарымыздың,яғни,ұл-қыздарымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы.Мәселен,қазіргі ұл балалар қыздарды бұрынғыша құрметттеп,аялап қарамайды.Әрине,бұған себепші қыздырдың өзі.

Жамандықтың белгісі:

Ұлың көңілі бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек,

Өзіңнің көңілің бір бөлек...,-деген өлең шумақтарынан-ақ зар заманша ұқсастықты байқасақ болады.

Үшіншіден,салыстыра қарайтын болсақ,сол қаман жастарының надан болуының бірнеше себептері бар.Ол – орыстарды отаршылың саясаты.Ал,бүгін ше?! Бүгінгі жастар азат елде,бей-қам өмір сүруде.Олай болса,бүгінгі жастардың «зар заман» жастарынан үлкен бір кемшілігі осы.

Жалпы,қорытындылай келе,екі заман легінің ұл-қыздарының қалықтарын салыстыра отырып,мынадай шешміге яки тұжырымға келдім десек болады:заман қандай болсын,жастар бәрі бір жақсы жіне жаман болып бөлінуін доғармайды.Бүгінгі жастардың бойынан «Зар Заман» өлеңіндегі ақын санаған ұл мен қыз қылығы кездеседі.

Негізгі түйінге тоқталар болсақ,ұл мен қыздарымыздың көзін ашып,зар заман өтіп кеткендігін аңғартуымыз керек.

 

 

№49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» ( М.Дулатов) дегендей, ұрпақ аузында Абай сөзі... Көбінесе ұлы ақын «улы сия,ащы тілін» заман адамының ұнамсыз бейнелерін әшкерелеуге арнады. Мақсаты, ұрпағын түзу жолға салғысы келді. Енді ғасырлар өтсе де, ақын сөзінің жаһұттай жарқырай түсуінің құдіреті неде деген ойды қаузап көрейін. Мүмкін Абай дәуіріндегі кейіпкерлер бізде де кездесер, әлде заман адамы өзгерді ме...

Ойымды ақынның «Жігіттер, ойын-арзан, күлкі- қымбат»өлеңі бүгінгі өркениетті заманда мәнін жоғалтып алған жоқ па деген сұрақпен өрбіткім келіп отыр. «Жоқ» дейді ішкі ойым. Себебі адамдар арасындағы адал достық, әділеттілік, мейірбандық, татулық мәселесі- қай заманда болсын құнын жоғалтпайтын ұғымдар. Ал, Абай бұл өлеңінде жастарға:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!,- деп шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады. Ал біздің заманымымызда да «бояма мінезділер» көп. Дәуренің жүріп тұрса, алдыңды орап, шылауыңа жармасатындар жетерлік. Сондықтан оларды Ұлы ойшылдың сөзімен емдесек, өз пиғылдарынан ұялар ма еді деп ой түйгім келеді.

Абайдың өлең жолдарын оқыған сайын тереңіне құныға түсем. Көрсеқызар, екіжүзді жастардың бейнесін «улы сиямен» әшкерелегеніне айызым қанады. Мысалы,

Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе,-деген сөзі бүгінгі таңда тек құлқынның құлына айналып бара жатқан замандасымның бейнесін ашып тұрғандай. Ғасыр өзгерсе де, адамның пиғылы,пендешілігі көп өзгеріске түсе бермейтініне таң қалам. «Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас» деп ақын сынаған бір күндік қызықты ойлаған жігіттер мен қыздар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Жылтыраққа ұмтылған «көбелектердің» кеселінен қаншама бала жетім, тастанды атанды. Қаншама шарана нәжіс пен қоқысқа лақтырылғанын шыққыр көзіміз көріп жүр. Бұдан асқан азғындық бар ма жер бетінде! Осы қатыгездіктің алдын алу үшін « баланы жастан» деген халқымның сөзіне сүйеніп, Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылын ана сүтімен бірге дарытуымыз қажет.

Өлеңде халқын сүйген ақын үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан іздеді. Өздерін жаһанданудың жастарымыз деп кеудесін қағып, еркін махаббатты сылтау етіп жүргендерге ақынның мына өсиетін айтқым келеді.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Санасы бар адамға мұнан артық сөз қажет емес.

Мен, менің замандасым ақын үнін естідік, санамызды сол үнмен суардық. Әр заманның өз сұрқылтайы бар екеніне көз жеткіздік. Ойымды қорыта келе, «Мәңгілік елімнің» босағасы берік болсын десек, ақын сөзін шамшырақ етіп ұстай білейік, ағайын.

 

№50Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.

Ердің ерлігі - елге аманат.

Халық мақалы

Тарихтың қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, « ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайтын» талай ерліктің куәсі боламыз. Соның бірі- елі мен жерін фашистің қанды тырнағынан азат еткен, елдіктің белгісі болған Ұлы Отан соғысы. «Әдебиет- тарих айнасы» дегендей, сол кезеңнің шындығы, жауынгерлердің бейнесі ақын-жазушылардың шығармаларынан сүбелі орын ала білді. Дауылпаз ақын Қасымның поэмасына арқау болған Абдолланың ерлігі осыған дәлел. Бір ғана Абдоллла емес, жеңістің туын тіккен батырлар Шығыс өңірінде де аз емес. Бүгінгі таңда осы батырлардың қаһармандық жолы санамыздан өшіп бара жатқан жоқ па?

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Себебі, қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Біздің аймақтан да мыңдаған жауынгер ұрыс даласына аттанды. «Майдан жүгін» арқалап өткен Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов, Ізғұтты Айтықов, Крахмаль Алексей, Мыза Владимир, Құмаш Нұрғалиев сынды жерлестеріміздің есімдері осы тізімді толықтырды.Сондықтан жеңісті бір табан жақындатуға ат салысқан ерлердің ісін Жеңіс күні ғана еске алмай, үнемі іс-шаралар арқылы жаңғыртып отыруымыз керек.  

Яғни, олардың ерліктерін даралап көрсеткеніміз жөн. Жерлесіміз Қасымның ерлігі ұрыс даласында «өр кеудесін қалқан етіп» ерлікке барған Абдолла Жұмағалиевтің ерлігімен пара-пар. "...Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады" деген В.Григорьевтің естелігі осының дәлелі. Ал «Вася партизан» атанған Қасым отты жылдарда қару құрсанып, мұз төсеніп, партизандар отрядына басшылық жасады. Қара бастың қамынан гөрі халқын ойлайтын намысты ұлдары ақтық демдері қалғанынша қайсарлықпен жауға қарсы тұрды. Бұлардың жігерін ұштаған Отанға деген шексіз махаббат еді. Мұндай патриоттық сезімді бүгінгі жеткіншек бойына да сіңіруіміз қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм» осыдан бастау алары хақ.

Сонымен қатар, қару мен қаламды қатар ұстаған қаһарман ұлдардың ұрпағына айтары көп еді. Салмағы 4 килограммдық автомат пен 4 граммдық қаламды салыстыруға келмейді. Алайда қанды қырғын ортасында жазуға уақыт таба білген. Соғыс кезіндегі барлаушылардың тағдырын көзбен көргендерін қағазға түсірген, төл әдебиетімізге түре салған сөз батыры да болған.

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп ел мерейі үшін ұлы істерді тындыруға қандай құштарлықпен ұмтылды десеңізші?!

Міне, Ұлы Жеңіске 72 жыл толып отыр. Арамыздан ардагерлерді жиі кездестіре бермейміз, қатары жыл сайын сиреп барады. Бірақ тарихта жазылған ұлы ерліктері олардың даңқын мәңгі асқақтата береді.

 

№51 М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» Өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

  

Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі – М.Мақатаев.

«Әжем есімде,әрнеге қозбайтұғын,әріден көп әңгіме қозғайтұғын» деп айтқан ақын.Балалық шағы соғыс жылдарында өткен ақынның – ақ жаулықты әжесінің аты – Тиын болған

   

Әже,сен бірге жүрсін меніменен,

Өләге өзіңді тілемеген

Ақ кимешек көрінсе,сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса...нені көрем?

 

– деп ақын сағынған асыл әжесіне жыр арнаған.Жүректің сырлы сезімінің суретін сөзбен салған,сезім сырларынан өлең өрген ақынның Тиын әжесі туралы филология ғалымдарының кандидаты,танушы Нұмаш Өтеев былай деп сыр шертеді:

   – Сырлы сезіммен өрнектелген жырларына өмірдің мәнінсыйдырған Мұқағалидың бала күнінен өмірінің соңына дейінгі жан досы,мұңдасы - Сыдық Ахметов болған.Сондықтан оның айтар әңгімесі,шертер сыры сан алуан.70-тің желкесіне шыққан әлі де қимыл – қозғалысы анық,сөзі шырақ Сыдық ағаның әңгімесі.Бұл «қара өлеңнің қол шебері» атты кітапта толық айтылған сонда Мұқағалидің әжесі Тиын туралы мынадай дерек келтіріпті.Сырғабай деген үшінші кіші інім мені емханадан шығарып алуға келді.Ауыл жаңалығын айтқанда,Тиын әженің қайтыс болғанын жеткізді.Әрі лашыны хат әкеліпті,хатты беруге Мұқағали тұрған үйге келдік.Үй иесі ардақты қазақ еді.Сол кісіге өлімді естіртуін өтіндік.Ақсақал көп жасаған,жөнін білер дегенбіө.Сөйтсек,мүлде олай болмай шықты.Нағыз орысша өскен жан екен.Бірер рөмкеден кейін «әңгіме бұзау емізеді,бұзау таяқ жегізеді», «әжең өліпті» дегені Мұқағали үні өшіп,басын ұстап,не өкіріп жылай алмай,теріс қарап отырып қалды.Әрең кеудемізге жол кіріп,іім лашынның хатын ұсынды.

     

 Әже – 3 әріп,терең мағына қай ақынды алып қарасақта бұрын  әжесінің тәрбиесінде өскен.Ақындық ақын болып қалыптасуына ықпал еткен әжелері.

    

  Әже әлдиі – әлемдегі ең әдемі ән.Парасатты әженің даналық мектебінен нәр алған,ұлттық қасиеттерге сусындаған.Абайдың жүрегіндегі сүйікті әжесінің жан әлеміндегі сезім жыллуын сездіретін әдемі әуені мәңгілікке қаламды сағынышпен ғажап ән салып қанған.

    

Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжем Айғаным үлкен әсер етті.Тумасынан сезімтал,дарынды баласы жас білім мен халық даласының сарқылмас көзі болды.Шоқан әуелі Құсмұрындағы әжесі салдырған мектептен арабша хат таныды.Қарындашпен сурет салуды үйренді,кейін орысша оқуға аттанды.Әжесі марқұмның «Айғаным – Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» деуі тегін емес.Сонымен қатар

Қадыр Мырза Әлиде әжесіне жыр арнаған:

 

Асыл әжем,асы әжеп,аңсаған.

Сағыныш сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күйге еркелеймін мен саған,

 

– деп әжесіне деген сүйіспеншілік сезімін жеткізген.

 Қорыта айтсам «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің әжесіне деген сағынышын,ыстық сезімін өлеңмен жеткізген.Өлеңмен де,өмірмен де бүкпесіз қауышып,әжесін шексіз сүйген ақын.жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.Жүрегінің түбіне нәр алатынын айтып кетті,арманына жетіп жырлап кетті.Әже өмірдегі ең ардықты асыл адам.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.