|
|||
Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?№38 Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма? Өр рухты қазақ халқының өріндей өткір ұрпағы қаншама! «Дос болғанға құшағы ашық туыспыз,Қас болғанға қиып түсер қылышпыз»,-деген Абылай бабамыздың бұндай сөздерінен ұлтымызға тән ұлылықты ұғынамыз.Отаны үшін жан аямай күрескен Абылай ханның ізін жалғастырған қаһармандар аз болмады.Сол батыр ұрпақ тізімінің көш басында Бауыржан Момышұлы тұр десек,артық айтқанымыз болмас.
Елінің ертеңі үшін жауынан тайсалмай соғысқан ерлерді жырламау үрпаққа сын.Сондай асқан ерлік пен ендіктің жыршысы – Әзілхан Құршайықовтың асқан шеберлігінен туған «Ақиқат пен аңыз» роман диалогі.
Әзілхан Құршайықов аталмыш туындысында Бауыржан Момышұлы бейнесін өте жоғары дәрежеде аша алды деп септеймін.Неге десеңіз,шығарманың кереметтігі соншалық,кітаптан алғашқы беттерінен-ақ Бауыржан атамызға тәнті болып,батырды жаңа қырынан таныта түседі.
Сұхбат мақсатымен басталған бұл диалогтің халық жүрегінен ерекше орын тепкен романға айналарын кім білген? Батыр атамыздың Отанына соншалықты берілгені,тәртіп пен тәрбиені өмірлік ұстанымы еткені мәні тәнті етті.Оны өрісің мынадай сөзжерінен аңғаруға болады:
«Тәрбиелі – тәртіңтің құлы, Тәртіпті – сөздің құлы».
Роман – диалогті оқи отырып,батыр Бауыржанның сергелдеуге түспейтін салқынқанды екенін,қандай да бір оқыс оқиға,төтенше жағдай орын алса да дегбірсізденбей,байыппын шешетінін оңай аңғара аламыз.Батырдың сұсты қабағы мен рухты сөздері әрбір жауынгердің жүрегіне от жақты, жасытпады. Отанына,оның ұлағатын ұландырына риясыз берілген батыр барша қатарластарына,қол асты сарбаздарына үлгі болды.Тіпті,өмірдегі әкесі тұтқан,ұлылар санатына қосқан командирі генерал-майор Покатиловтің қазасын да үнсіз жабығып,қайғысы қабатқа жасырған бауыржанды асқан сабырлы,екерше болыпты деп есептемеске болмас.
Қорытындылай келгенде,жазушы Әзілхан Құршайықов батыр бейнесін өз дәрежесінде аша білді. Кем – кемігі,асыра сілтеуі жоқ бүл шығарма біз үшін ұлағатты қаһарман атамыз Бауыржанмен танысу рөлін атқарды.Батырдың әрбір сөзімен жәгер алып,өзіңе үлгі ететін.Батыр болса дәл біздің Бауыржандай болсын,шіркін!
|
|||
|