Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жаз.



№36 Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. 

Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп,оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шыңармасы - «Мен - қазақпын» поэмасы

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды.

Бүл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады.Қазақ халқының ұлттық екершеліктерін ашуда,оның ерлік дәстүрі,туған жер мен ел,оның байлығы,адымдары жайлы асқақтата көркем деп жырлап білді.Әсіресе,еліміз егемендік алып,қазақтығымызды,оның азаматтық жолындағы «Мың өліп,мың тірілген» күндерін еске алғында,Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі.

               

          Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген,

           Жөргегімде табыстым мұң тілімен,

           Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

           Қуанғанда күлкімен түн түрілген,-деген өлең жолдарында ақынның қазақтық,азаматтық,патриоттық намысын бірден танимыз.Өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы – оның ерекшелігі бір көрінісі десек қателеспейміз.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді.Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын,бірақ залық бәріне төтеп беріп,елдігі мен салтын сақтап қалғанын мақтана асқақтата жырына қосады.

              

         ...Қарсыласпай өлмедім,қан татырдым,

         Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым,

         Сансыз басты дидай сан сүміріп,

         «Мен - қазақпын» дегенді айта тұрдым»,- деп,оқырманды жігерлендіре түссе,енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді.

             

            ...Күй емеспе,батасыз нар идірген?

           Ән емес пе,аққудай жар ілдірген?

           Жыр емес пе,жүрекке жел бітірген?

           Олар барда қалайша тарылды іргелі?- деп қазақ халқының ән-күйінің даралығын паш етіп,мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады.Поэманың келесі бір шумағында:

               

             Ұлы аманат етейік еркіндікті,

             Ел құлдықты білмесін,жер күндікті,

             Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең

           «Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті,- деп бүгінгі егемендікті жыр еткендей әсерге бөлейді.Ақын болашаққа сенеді.Сондықтан да ол ақынша желпіне,көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды.

                

             Мен – қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

             Қайта тудым,өмірге қайта келдім

             Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-

             Айта бергім келеді,айта бергім,- деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезімін,ақындық даңқын көтере түседі.

Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жаз.

 

Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов -қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі. Оның соңғы қалам тартқан және де прозасының ең биік шыңы –«Шырағың сөнбесін» романы.

  Ал енді жалпы романның негізгі құрылысы және романдағы кейіпкер, яғни әйелдер психологиясы жайлы талдап, сөз қозғайық.Егер де Тахауи осыған дейін,отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаhарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шағында қағазға түсірген мына «Шырағың сөнбесін» романында соғыстың неліктен болмауы керектігін , адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етеді. Және айта кететін бір жәйт :соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда әйелдердің көзімен суреттейді, сол себепті сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең, асқан бір шеберлікпен бейнелеп берген бұндай роман қазақ прозасында жоқтың қасы деп айтсам қателеспеймін. Бұл роман -қазақ әдебиетінің әскери жанрындағы санаулы жәдігерлерінің бірі. Соғыс басталып кеткен кез. Көрген күнінің бәрі қасірет, алғанының бәрі азап, баласын құшақтап қалған жесір әйел. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйелдердің ішінде осы Назира да болады.Әрине бұл бір сөзбен айтқанда.Оқи, көре , аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне , не театр сахнасына , кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға ,жалпы, Назираның ауызыннан да баяндалады. Бәрі осы кейіпкердің көзімен беріледі. Соғыс, ел басына тускен ауыр жағдай әйел, бала -шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді.Жұрт қалай шегінсе де , алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын ,қақпалап апарып қан майданға салып жіберді. Романда жеке-жеке тоқталуды қажет ететін кейіпкерлер толып жатыр. Бірақ бәріне бірдей тоқталып кету мүмкін емес .Роман желісіне бінеше ұрпақтың өкілдері қатысады. Осының өзі романға үлкен ауқым , кең тыныс беріп тұр.

      «Шырағың сөнбесіннің» тілі шұрайлы-ақ. Бейнелі сөздер , орынды қолданылған мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Жеңіл ,жақсы оқылады. Оқушы көңіліне қанат бітіреді. Тұсамайды. Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу , психологиялық тұрғыдан іс-әрекеттерін дәйектеу осы романда анық кездеседі. Дәуір шындығын , оған қатысты басқа да әрқилы тарихи кезеңдер ақиқатын сабақтастыра қараған роман – қазақ әдебиетінің биік белесі болды . Сондықтан да Тахауи Ахтанов шығармалары қазақ әдебиетінің жарқын , қуанышты биіктеріне айналды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.