Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.



№29І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.

Ас беру – өлім – жітімде жасалатын кәденің соңғысы,еске алу рәсімі,оны тіпті «жылан беру» деп те атайды «Сауын айтып ас берді»,- дейді,яғни төрт тарап жұртқа,астың өтілетіні туралы хабар беріледі.Хабар тиген жұрт ас болатын жерге жиыла бастайды.Қазақ ас беруді бір жағынан той деп есептеп,ат шаптырып,бійге береді.

«Аруақ риза болмай – тірі байымайды» дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды.Астан кейін ол үйде қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады.Жесір қалған әйел тек ерінің асын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті.Ас беруге қайтыс болған адамның туыс,жекжат,дос – жарандары ат салысады.Осыған орай «Ас пен той ортақ» деген қағида қалыптасқан.Көзі тірісінде елге атағы жайылған,соңында қалған ағайын – туысы мол адамдардың асы ұлан – асыр той дірежесінде өткен.Бүған әр елден есімі белгілі ақсақалдар,батырлар,ақындар,палуандар,әнші,жыршылар,кқкпаршылар,мергендер арнайы шақырылып,жүйрік аттар келетін болған. «Алтын той тұяқ», «алтын жамбы» бастаған бәйгелерді тоғыз-тоғыздан туысқандары бөліп алған. Асқа келген қонақтар тек ішіп-жеу үшін ғана емес ел көріп,жер тану үшін,аста көрсетілетін түрлі халықтық өнерді тамашалап,өзіне бір рухани тәрбие алу үшін келеді.

Осындай астардың бірі – «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы.Үлкен болысты басқарған Паң Нұрмағамбеттің әкесі Сағынайдың асы.Сағынайдың асы 1886 жылы өтіпті.Ол асқа бес жұз ақ үй тігіліп,оған бес жүз бұхар кілем ілінді.Бес тонна шәй әкелініп,жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алынған. Он мың көрпе-жастық,қонақтарға сыйлауға бес жүз бұхар шапаны әкелініп, Сібірден бес жүз бағалы аң терісі алынған.Жиырма мың қой,жүз мың жылқы сойылған.Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал кесенесін салуға жұмсалған қарасымен бірдей болған

Осындай тағы бір астың бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асы бір тобықты емес,тіпті,бұл өңір,бұл атырапта талайдан болмаған ас делінеді.Молшылық,сый-сыяпат,барлығы да үлгі-өнеге берерлік болыпты.Ас өлік үшін ғана емес,әсіресе,тірлік үшін керек.Олар өлімді сылтау етіп,өздерінің абыройын,атағын,мақтаныш айдынын да асырады.Сондықтан асты кім болса сол жасамайды тек жуан бай-шонжарлар ғана жасаған.Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болды.Ас жылы туылған бала ғана емес,астан бірнеше жыл кейін туғанда да сол астың «ар жақ-бер жағы» деп,асқар белген бастағандай,межелейтін болған Бөжей осының атағы осыда.

Ас беру – асыл өнеге.Ендеше,халқымыздың намысынан жаратылып,дәуір жүгін арқалап өткен бабаларға тәу ету барша қазақ жұртының перзенттік парызы дер едім.

№30 М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.

Алаш қайртакері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі – Мұхтар Әуезов.Ол халқының рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер – Абайдың шынайы бейнесін аша білді.

Мұхтар Әуезов атамыздың әйгілі болуына қазақ елінің қайндай халық екендігін әлемге танытатын бірден бір туындыларының бірі,ол әрине,жарты ғасырлық өмірді қамтиты «Абай жолы» роман-эпопеясы. «Абай жолы» - ғасырлық туынды.Төрт таңды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық,әлеуметтік,тұрмыстық,отбасылық ғұмырын мейлінше дәл,айқын,адал бейнелейді.Бұл шығармада оқиғалар күн демей,түн демей талассыз өтіп жатады,бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады.Біз шығармадан мәңгілік толыс таппайтын жақсылық һәм жамандықтың,ізгілікпен зұлымдықтың шайқасын көреміз,рухани қорымызды байыта түсеміз.Романда Абайдың балалық шағынан басталып,өмірінің соңына дейінгі жағдайларды дәріптейді.Бала кезінен әкесінің орнатқан тәртібіне,зорлық*зомбылығына,қатігез ит мінезіне жиіркене қарап өседі.Сондықтан халқының сөзін сөйлеп,елінің жағына өтеді.

Ендігі кезекте менің осы роман * эпопеясындағы АбайдыңБөжей асын өз қолына жүктеп қалуын талдап,оның мәнісін айтқым келіп отыр.Иә,бұл кезекте ас беруінің себебі,әкесі Құнанбайдың араздасып,қалған жауы үшін болатын.Анасы Ұлжан осы істі Абайдың қолына алуын сұрайды.

Анасы: «Күндестің күні күндес» дегендей,сен оны білмей-ақ қой.Қанша жерден әкеңді дұшпан десе де,сен оған әділ бол! Деген анасының өсиетін жадына берік сақтайды.Сөйтіп,әкесіне жау адамдарға құрмет көрсете бастайды.Абайдың Бөжей асын өз қолына алып өткізуінен аңғаруға болады.Бөжей асы бр тобықты есем,тіпті,бұл өңір,бұл атырапты талайдан болмаған ас делінеді.Молшылық,сый-сияпат,барлығы да үлгі – өнеге берерлік болады.Абайдың Бөжей асын өткізуге берген көмегі елде ағыз боп айтылады.Бүкіл ел Абайға батасын берді.Абайдығ өзі асқа он бес үлкен жылқы,бес тайдың етін,қырық саба қоныс жасап қонақ күтті.Абайдың өмірінде бірінші рет ұйқы көрмей,қасағы қатып,қажыған жасы осы еді.БұлЖолыАбайға Бөжей жақтың адамдары да,өзінің тума-туыс,ағайын-бауырлары,әулет-ұрпақтары да,дұрыс көріп,қолдау көрсетіп,оның ісінің дұрыстығына сене отыра Абайға «Ұлы» деген атаө береді.Бөжейдің нағашы жағы Абайға шексіз ризашылықтарын,алғыстарын тоқтаусыз білдіріп,жатады.Бұл асты бергеннен кейін Құнанбайдың әулеті жоғары және сыйлы жәрежеге жетеді.Бұл айтылғандардың барлығы Абай атамыздың қандай екендігінің айғағы.Игілікті дәруптеу бұның барлығы осы романда қамтып жазған Мұхтар Әуезовтың мұрасы өшпес тарихты қалары сөзсіз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.