Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?



№15 Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.

Ұлттық әдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер тұтастығы.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,Әсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның «Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды.

Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің ақын-тұқымын әңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман әулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман әулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.

                       «Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,

                        Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі жыл болғандығын көркем дәлелдейді. Оның ерекшелігі – өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.

                        «Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,

                          Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы әлеуметтік теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге әлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының әлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны.

  Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман әулетіне бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын әріппен өшпейтін таңба қалдырған ақыл-сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай әнші ағамызға не жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек.

 

 

№16 Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?

Мұхит Мералыұлы – 1841 жылы Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Ақбақай ауылында туып,1918 жылы дүние салған.Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрпағы,Қаратай сұлтанның шөбересі.Сүйегі асыл ауқатты отбасынан шыққан.Халық композиторы әнші-ақын,күйші – домбырашы.Мұхит уақыт,қоғам,өмір туралы «дүние-ай», «Зәуреш» әндерін шығарды.                                      

 

  Мұхит Мералыұлының «Зәуреш» әні: аңызы мен ақиқатқа толы.Тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сол Мұхит еді.Шандоз ән шебері,халық психологиясының білгірі сол Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құрімен тыңдаушысын эстетикалық – эмоциялық көңіл-күйде қалдырып отырған.Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сөзі дік әсерін әуен арқылы арттырып,күшін өсіре түскен.Соның бірі-байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» еді.Өрнегі бөлек әндердің бірі.Бітімі өзгеше.

 

  Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек.Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ.Әкесінің бар үміті,бар жұбанышы – Зәуреш,өмірінің шырағы болар деген.Тағдырдың тауқыметін көп көреді.Ажал тырнағына ілінеді.Саулы әнгендей боздап келіп,суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мқхит кейін өлеңге айналдырып,зор әнге қосқан, - дейді.Сөздері қамықтырарлық.

Ка,Зәуреш,сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің өскен жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйейін деген едім?

Құланның жонда өрдім шоқырағын,

Қайынның жаста көрдім жапырағын.

Қарамай кетіп қалып жең сорға,

Бір уыс көп көрді ме топырағын.

Атақты сол Мұхиттың осы «Зәуреш» әніндегі Зәуреш Ырғызда ғұмыр кешкен екен.

«Айнамкөз» әні.Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жұргенде біреудің үйіне түсіп,ән салып,ауыл адамдары жиналып,кеш бойы сауықтайды.Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы,мінезі,ажары Мұхитқа қатты ұнап,сол ара-бір ән шығарады.Әншіге қыздың көзі ұнайды.Сондықтан ол: «Шырағым,мына бір әнді саған арнадым,нағыз айнамкөз екенсің,әннің аты да «Айнамкөз» болсын», - деген екен.

 

 Мұхиттың әні халық арасында көп тараған, «Айнамкөзді» айтпайтын адам аз.Әсіресе,жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатыны анық.Мұхиттың қай әні болмасын,басынан аяғына дейін лирика,ешбір қайғының ұшқыны жоқ,сүйгенін жақсы көргенін сағынған әуендер.Әннің кеудесі мен қайырмалары бір-бірімен жалғасып кетеді.Әндері байсалды,орнықты екпінде жүреді.Орындаушының шеберлігі де,өте жоғары болған екен.

 

  Мұхиттың келе,біз Мұхит ақынның әндерінде адамның жан д.ниесін,ой-арманын,махаббат сезімін суреттеу,табиғатты тамашалау,адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленгенін байқаймыз.Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға,ғажайып дарынды талант иесі.

             

                                                  

                                                                                          

 

№17 Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» атауына себепкер болған ой.

Өмірдің әр кезеңі болмасын әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отырды.Сондай бір дарынды тұлғаныі бірегейі қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шоғырлану өнерімен айқын із қалдырған әнші ақындардың бірі – Үкілі Ыбырай Сындыбайұлы. Қазақ топырағындағы тарихи экономикалықжәне әлеуметтік рухани өзгерістер патша тарапынан жүргізілген отарщылдық саясатшыл ақынның көңіл күйі мен өміріне әсер етпей қоймады. Көргені мен түйгені оны терең ойға қалдырды.Міне, осындай тартысқа толы тағдырды ол өзінің «қалдырған» атты терең пайымдауларда құрылған шығармасын жазып шығарды.

     «Қалдырған әні» - ойы кіршіксіз сезімі сыршыл ақынның жүрегінен шыққан әдеби шығармасы кімде – кімнің талай – талай тауқыметті шақтарды бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, елдің тағдырын түйінде кезеңіне аяқ басқан сәт болатын. Осы кезде әркімде өз өмірінің қиындықтарын бастан өткізіп жатты. Әннің «қалдырған» аталу себебі ол өзінің дәл қазіргі күйіне , болашағына, үкілі үмітпен, өткен өміріне күйіне отырып жазған. Ол болашақтаңы қазақ өмәрән ұрпаққа сеніммен қалдырған. Сол себепті ін осылай аталған Сыршыл ақын осы шағырмасында терең шолу жасайды. «Жасымда халқымды сұлі сөздің нәріне бөлеп,кәріңді таңқалдырған ақын едім, халқым да мені ерекше құрмет тұтып, маңдайымнан сипап қадірлейтін. Соның, нәтижесінде Сарыарқаңда сайраңдап ғұмыр кештім.Енді міне, алпысқа келген шағымда сұм дүние менен теріс айналуы, мені іздейтін жан қалмауы» деп өткен өміріне көз тастап күйінеді.Ыбырайдың шығармасындағы кейіпкер басында нәзік сезімде, сыңғыр күлкісі таза бұлақтай сылдырлаған болатын, ал шығарма соңында ешкімге керек еместей сезініп, тек Анаға деген сенімінің арттыра түзеді.

          Жалпы,ақын өмірілік жолын бір өлеңге сидыра отырып, болашаққа үндеу тастап, «Қалдырған» өлеңін жазады. Бұл өлеңде ақын кіршіксіз көңілінің сыры жазылған ән-өлеңдерінің асыл шығармасы деуге лайық.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.