Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?



№32 М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.

   

       Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай,басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып,жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік - Кебек» трагедиясы туды.Драма заңдылықтарын жеке меңгергенін танытып,оның іргетасын қалаған – Мұхтар Әуезов еді. «Еңлік - Кебек» пьесасы Әуезов творчествосында да,қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.

   

    Зейінді жас Мұхтар әртүрлі әлеуметтік теңсіздіңті көріп,қалаға жаны жабырқап қайтатын.Қызды еріксіз малға сату,көп әйел алу,барымты,кісі өлтіру,құн төлеу сияқты зорлық – зомбылық заңдарына жаны түршігетін.Осыған байланысын өз елінде анық болған оқиғаға негізделген «Еңлік- Кебек» пьесасында өз теңіне қосылуға бел байлаған қыз Еңлік пен оның сүйген жігіті Кебек батырдың қайғылы тағдырын бейнелейді және олардың асаудың құйрығына байлап өлтірген қатыгездікті әшкереледі.

    

   Екі қос ғашықтың артынан қорғамсыз сәби шырылдап,жылап қала берді.Кебектің : «Бағың ашылатын күн болар ма,әлде сорға туған сорлымысың,бейшара?!» деді нағыз шарасыздың әрі әлсіздігін білдіреді.Бұған себеп,біріншіден,оның шарасыздығы іс – әрекеттің,амалдың,қиып кезден шыға алмауы ішкі толғанысы,жан сыры көкейін теседі.Амалсыздан ой – арманына бас ұрады.Бірақ үмітінен бар екеніне сенеді.Ал,екншіден,әлсіздігін шыдамдылығын шыңдай береді.Бұның бәрі айтылған сөзді деректермен толықтыратын болсақ,бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңлік бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмеуі үлкен дауға,ерегеске әкеледі.Әлсіздігі жан дүниенің күйзелуімен сабақтасқан еді.Кебек батырдың сөзішарасыздығы менәлсіздігі жанына маза бермегені.Айтқан сөздерді тұздықтасақ сол заман ағымындағы мен қазіргі адамдардың салт – дәстүр,үлкенге қарсы шықпау, құрмет көрсеті қазақ халқының қанында бар зат. Ал Еңлік пен Кебектің қайсарлығын,өздерінің тадыры үшін күресін байқаймыз.

   

Түйінін шығаратын болсақ,қазақ халқының заман бойы қалыптасқан тарихи тұлғасы сомдалып,оның әдет-ғұрып,салт – сапа,тұрмыс – тіршілігі кеңінен суреттелген.Халқымыздың бүгінгі тарихында,мәдениеті мен әдебиетәнде Мұхтар Әуезовтың шеберлік пен шабытшылығы,өшпес қуатының түпкі тамыры «Еңлік- Кебек» классикалық пьесаға айналды.

 

№35 С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?

Тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті.1941 жылы:

                                «Тыңда,жолдас комиссар.

                                Жібер мені майданға.

                                Қан жорықта жүрейін,

                                Қойырламай қайранға...»,деп өз тілегімен соғысқа аттанған Сырбай Мәуленовтің шығармашылығының негізгі бір тобы осы соғыс тақырыбына арналған.Өйткені жастық шағының елеулі бір кезеңін ұрыс даласында өткізген майдангер ақын жүрегінің лүпілі ақ қағазға түсірілген өлең жолдарына айналуы табиғи құбылыс.Небәрі он төрт жолдан тұратын,соғыстың не екенін сізге бүкіл тұла бойыңызбен,жүрегіңізбен сезінуге мәжбүр ететін «Түбірлер» өлеңі – соғыс тақырыбына арналған суреткердің мәңгі өшпейтін бейнелі полотносы тәрузді.Оқып қарар болсақ:

Көрінеді

Орманнан

Түбірлер

Айрылған

Аяқ-қолдардан

Түбірлер

Оқ жұлғандай етімді,

Жүрегім тулап дүбірлер,

Кезеріп ерінім күбірлер.

«Соғыс не?!»

Менен біліңдер»,-

Деп тұрғандай түбірлер.

Ақын бұл өлеңіне неге «Түбірлер» деген атты қойды?

Түбір – жайқалған жапырағынан,аспанмен таласқан биіктігінен,берік діңінен айырылған,кесілген,сынған ағаштың түпкі бөлігі.Соғыс небір бозымдарды жалмады емес пе?Небір азаматтарымыз қол – аяғынан айырылып,мүгедек атанған жоқ па? Бүкіл адамзатқа зардап шектірген соғыс кезеңіне арналған С.Мәуленовтің бұл өлеңін оқып атырып күйінесің,күйзелесің.Халық діңінен,тірегінен,қамқоршысынан,жақынынан айырылды.Дегенмен жойылып кеткен жоқ, «түбірі» қалды.Ағаш түбірі барда қайта көктеп бой көтеруі сөзсіз.Зұламат соғыс зардабы қаншалықты ауыр болғанмен,өмірді жалғастыррар «түбірлер» ,ұрпақтар қалды.Менің ойымша,ақын бұл тақырыпты сондықтан да таңдаған.Ата-баба жолын жалғар,ешкімді де,еш нәрсені де ұмытпайтын,ұлтын ұлықтар жол ұрпақтың өсіп жетілуіне сенді.Қайндай астарлы ой,әскери оптимизм!

Қорыта келгенде Сырбай Мәуленовтің соғыс тақырыбындағы жырлары соғысты осы күнге дейін ұмыттырмай келе жатқан сезімдерді сыздата бейнелеген асыл мұра,бейбіт күннің бағасын бағадатар құдірет.

 

                                                                                                          



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.