Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?



№22 Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махабаттан,ғашықтықтан асқан өздігінің ұғымына,дініне,дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты.Мәселен,ертедегі ера, рим қолжазбаларында махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп,дүниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелдедә.Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұсынылған.Ал түркі халықтарында махаббат ең ұлы күш. Оның көлемі өлшеусіз,шексіз.                                                                                                                                                                  

  Осы бір алапат сезім жайында халық арасында көптеген аңыз,әңгімелер,дастандар мен хикаяттар тараған.Атап айтсақ «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік -Кебек», «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», т.б. шығармалар.Бұл еңбектер халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына,үйлену салтына байланысты туған.Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайлы,олардың қуанышы мен арман-мұңы,қайғы-шері суреттеледі.Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы,олардың арман – мүдделеріне жетуі,сүйгендеріне қосылуы жолында көптеген бөгеттердің кездескендері,ал бөгеттерді жеңе алмай ауыр,аса зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады.

   Осындай лирикаға,сезімге толы жырлардың бірі Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен»поэмасы.Поэмадағы Сәлиха мен Сәмен де бас бостандығы үшін, махаббат жолын да құрбан болған жандар.Шығармада Алтай тауын мекендеген Моңғолдың,Ясуки деген ханның асқан сұлу қызы Салиха сипатталады.Қанның қолындағы батыры Сәмен мен Салиха көңіл қосады.

   Қорытындай келсек,адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махабаттан артық күш жоқ!Оны ешкім жеңе алмады.Қызды сүйген жігіт қандай,азапқа да көнуге бар,ал баланы жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан құдыретті етіп,дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан.Сондықтанда,махаббатың алдында кім болса да әлсіз,амалсыз!

 

№23 М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?

«Бақытсыз Жамал» - қазақтың ұлтық әдебиетінде роман деген атпен басылып,проза үлгісінде жазылған.Бұл роман жазушының шығармашылың жолында ірі табыс қана емес,бүкіл қазақ әдебиетәндегі елеулі көркем туынды болды.Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын,сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту.

Туындыдағы үстем тап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін.Себебі,шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген.Және де билік үшін қыз тағдырын аяқ-асты еті,оның ішкі сезімдерімен санаспау,бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленестіре түседі.

Романның сюжетіне тоқталатын болсақ,ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады.Содан кейін қыздың қмірінде әртүрлі оқиғалармен азапты кұндері бір-бірімен сабақтасып,махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп,қиын кезде қасында болған ғашығы Ғалидың дүние салуы.Жамалдың еңсесін түсіріп,жолытады.Ол жалғыз қалғандықтан,еріксіз Байжанның босағасын аттап,сол шаңырақта зорлық көреді.Ақыр аяғында өмірдің қиын да,ащы өтпелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып,қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді.Міне,шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді дасттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін.

ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қалы үшін ширығып,жан беріге даяр болған қамалгер Міржақып Длатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін,салт-дәстүрі мен мінез-құлқын,кемшіліктерін баяндайды.Қазақ халқының азаттығы мен отарлық езгіден құтылып,тәуелсіз ел болуды аңсады.Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ,ақынның өмірлік мақсаты да,романдағы мақсаты да орындалды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.