Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЛЛЕРГИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.



Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130. С. 237-247.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79. С. 55-60.

3. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С. 197-210

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 75-76

Қосымша

5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 573-576

6. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 230-232.

7. Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 490-551

8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 85 -90

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру

АЛЛЕРГИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

· Иммундық дерттік үрдістер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру

· Топта  жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

 

  Сабақ  жүргізу тәсілдері:

Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади


 

ТАПСЫРМАЛАР


Кейс-стади

№ 1 есеп. Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қызару, қабағының ісінуі; «көзіне құм түсу» сезімі; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, жұтқыншақтың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі, тоқтамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның кейде мүлде болмауына дейін бұзылуы; қақырықты мол шығарумен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамалары байқалды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты.  Дене қызымы – 38-39оС.

1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің дамуында жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр? Байқалған бұзылыстардың дамуы тетіктері қандай?

2. IgE мен IgG4 иммуноглобулиндердің басқа класстарынан ерекшеленетін қандай қасиеттері бар?

3. Атопиямен ауырған науқастардың қан сары суында IgE-нің көбеймеуі мүмкін?

 

№ 2 есеп.28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

1. Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?

2. Дене қызымы көтерілу патогенезін түсіндіріңіз.

3. Осы аллергиялық серпілістің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

№ 3 есеп.Бел омыртқаның остеохондрозын қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу нәтижесінде науқаста дәрінің салдарынан лейкопения дамыды.

1. Бұл құбылыстың дамуына аллергиялық серпілістердің қай түрі себеп болды?

2. Лейкоциттер ыдырауының патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

 

№ 4 есеп.Сіреспеге қарсысары суды енгізгеннен 7 күннен соң науқаста дене қызымы 39 оС-қа көтеріліп, қышитын бөртпе пайда болды. Буындардың зақымданғаны (артралгия, қозғалуының шектелуі) байқалды. Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері және көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды.

1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің дамуында жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр?

2. Байқалған бұзылыстардың дамуы тетіктері қандай? Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

№ 5 есеп.15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

№ 6 есеп. Туберкулиндік сынау (Манту реакциясы) баяу дамитын жоғары сезімталдыққа жатады. Туберкулинді енгізгеннен 6-12 минуттан соң енгізген жерде реакцияның алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын дәрежесіне жетті.

  1. Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?
  2. Қабынулық инфильтраттың жасушалық құрамы қандай және оның түзілу тетіктері қандай?

 

№ 7 есеп. Науқас Ш., 38 жаста, аллерголог-дәрігерге суық ауа райына бетінде қызыл қышитын дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Сонымен бірге, суық суға жуынғанда су тиген жерде терісінің ісінуі және қышитындығын байқаған. Иық терісіне мұзды қою арқылы суықтық сынау жасағанда  гиперемия, көпіршік пайда болды.

Суыққа осындай реакция пайда болуыының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.

 

№ 8 есеп.  Төмендегілер аллергиялық серпілістің қай түрін дамытады?

  1. Үй шаңы, қайызғақ, жануарлар жүні
  2. Трансплантант жасушасы
  3. Бөгде нәруыз
  4. Өсімдіктер тозаңы
  5. Вирус енгізілген жасуша
  6. Бактериялар, саңырауқұлақтар
  7. Сарысулар
  8. Резусы және тобы сәйкес емес эритроциттер

 

Көрсетілетін материал: ситуациялық есептер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 210-221.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1 с.362-403

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. – С. 224-237.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 47-54.

Қосымша

1. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101.

3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2010, P. 193-223.

5. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

Бақылау: ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру

 ӨСПЕ ӨСУІ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

· Канцерогенез бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

 

Сабақ жүргізу тәсілдері:

Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу


 

ТАПСЫРМАЛАР



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.