Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кейс - стади



Кейс - стади

Есеп 1. Теріс эмоциядан бір күннен соң ауруханаға түскен науқастың қанында АКТГ, глюкокортикоидтар деңгейі артып, артериялық қысымы жоғарылады, тамыр соғысы минутына 85 рет.

1. Науқаста қандай жағдай (үрдіс) дамыды?

2. Байқалған өзгерістер үрдіс дамуының қай сатысына сәйкес келеді? Оның даму тетіктерін түсіндіріңіз.

Есеп 2 АҚШ ВВС ұшқыштар құрамына жүргізілген зерттеулерден бомбардировщиктер экипажына жаңадан жұмысқа қабылданғандарда ұшу кезінде және одан соң 17-оксикетостероидтардың зәрмен бөлінуі артты.  Ұшу өтілі артқан сайын бұл құбылыс азайды. Экипаж құрамындағы ұшқыштардың гормондар мөлшері бірнеше ай бойына өзгермеді.

  1. Экипаждың жас мүшелерінде қандай  синдром дамыды?
  2. Берілген синдром дамуының қандай сатылары бар? Бұл сатыларды сипаттаңыз.

Есеп 3 Училищені жақында тәмамдаған және жұмысқа енді қабылданған биіктікте жұмыс жасайтын жұмысшылар жұмыс мезгілінде гормондық құрамын тексертуге келісті. Жас жұмысшыларда жұмыс жасайтын биіктік артқан сайын қанда катехоламиндер мөлшері 2-3 есе артты. Жұмыс өтілі артқан сайын бұл құбылыс аз айқындалды.

1. Жұмысшылардың қанында катехоламиндер деңгейі артуы қай синдромды дамытты?

2. Бұл не себепті дамыды?

3. Берілген синдромның дамуында қандай сатылар байқалды?  Патогенезін түсіндіріңіз.

Есеп  4  20 жастағы студентте сессия кезінде емтиханды сәтсіз тапсырғаннан кейін он екі елі ішектің ойық жарасы дамыды.

  1. Бұл ауруды аурулардың қай тобына жатқызуға болады?
  2. Бұл аурудың мүмкіндік даму тетіктері қандай?

Есеп 5  28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, терісі бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек


соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, АҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ.

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

 

Есеп 6             Науқас Т., 29 жаста, қол саусақтары, денесінің алдыңғы бөлігі мен беті 2-дәрежелі күйікке шалдықты. Зақымдану аймағы 30%. Науқас қозу жағдайында, айқын ауыру сезімі, қалтырау, дене қызымының көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: есі сақталған, есі бұзылмаған, кеңістік пен уақытты бағдарлайды. АҚ 150/90 мм с.б. 15 минуттан соң АҚ 90/60-қа дейін төмендеді, есі тежеле бастады.

1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

 

Есеп  7 Науқас  Р., 28 жаста, хирургиялық бөлімшеге оқ тиіп жарақаттанған соң 15 минуттан соң әкелінді. Науқастың есі бар, көп және қатты сөйлейді, көмек сұрайды, мегіл- мезгіл ыңырсиды, төсектен тұрғысы келеді. Беті бозарған, суық термен жабылған. Қарашықтары кеңейген, қысымы 140/100 мм с.б. тамыр соғысы минутына 90 рет, кернеулігі жоғары, тынысы минутына 30 рет.

1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

 

Есеп 8. Науқас  Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.

1. Дамыған жағдайды сипаттаңыз, зақымданған нейрондардың патогенезін түсіндіріңіз.

2. Берілген жағдайдың даму сатыларын атаңыз.

 

Таратылатын материал- ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.