Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





айнар көздердің жалпы сипаттамасы



3. Қайнар көздердің жалпы сипаттамасы

Қаржыландыру қайнар көзі-халық шаруашылығын, аймақтарды,кәсіпорындарды, кәсіпкерлер мен азаматтарды,сонымен қатар әртүрлі экономикалық бағдарламалар мен экономикалық қызмет түрлерін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.Қаржыландыру бірлестіктердің,кәсіпорындардың меншікті қаражаты,мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат,шетелдік көмек,несиелік қаражат және басқа көздерден бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның қаржыландыру қайнар көздері оның пассивтерін құрайды.Кәсіпорынның қаржыландыру қайнар көздерінің жіктелуі;

1.Құрылу табиғаты бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкіге жататындар:табыс,амолтизациялық есептеулер негізгі және айналым капиталдарынықысқаруы,дебиторлық қарыздардың өтелуі,кәсіпорынның тұрақты кридитор қарыздары(егер жабдықталушылардан коммерциялық несие алынса).Сыртқыға жататындар:несиелік және инвестициялық бағалы қағаздар арқылы тартылған қаражаттар.

2.Меншіктік формасы бойынша:меншіктік және қарыздық болып бөлінеді.Меншіктікке жататындар:жарғылық қор,табыс,табыстан есептеулер арқылы құрылатын арнайы қаржылық қорлар.Қарыздыққа жататындар:ол белгіленген шарттар негізінде алынатын ресурстар,яғни несиелер.

3.Қызметке қарастыру мерзімі бойынша қысқа,орта және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Қысқаға бір жылға дейін,орта-1-5-жылға дейін,ұзақ-5жылдан жоғары пайдаланылатын қаражаттар.

Қаржыландырудың қайнар көздерін басқарудың негізгі мақсаты-анықталған мерзімге қажетті қаржыландырудың қайнар көздерін тарту.

 Қаржыландырудың қайнар көздерін таңдаған кезде келесідей сұрақтарға назар аудару қажет:

 -қайнар көздердің құны;

 -кәсіпорын табыстарының мөлшері;

 -пайдалынылатын қайнар көздердің кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсері;

 -қаржылық тәуекелді есепке алу;

 -инфляция;

 -кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өтімділігі;

 -салық салу мөлшері т.б.

3. Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі.ҚМ өзінің мақсаты мен міндеттерін нақты қызметтер арқылы жүзеге асырады. Бұл қызметтер екі топқа бөлінеді:

1) басқару шешімі ретінде; 2) кәсіпорынды басқарудың арнайы аймағы ретінде.

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.