Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 2. Қаржы менеджментінің тұжырымдамалары және базалық категориялары



Тақырып 2. Қаржы менеджментінің тұжырымдамалары және базалық категориялары

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері

2. Құнға бағытталған стратегиялық қаржылық басқару концепциялық көрсеткіштер

 

1. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері

ҚМ базалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- қосылған құн;

- инвестицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі;

- инвестицияны жүзеге асырудың нетто нәтижесі (салық пен пайыздық төлемдерді төлегенге дейінгі пайда);

- активтердің экономикалық рентабельділігі;

- Дюпон формуласы

- Меншікті капиталдың рентабельділігі;

- Активтердің рентабельділігі;

Қосылған құн = өндірілген (сатылған) өнімнің құны + дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің өсуі - тұтынылған материалдардың құны - өзге ұйымдарға көрсетілген қызметтің құны. ҚҚ шамасы кәсіпорын қызметінің ауқымын және оның ұлттық байлықты құруға салған салымын көрсетеді.

Инвестициялық капиталдың рентабельділігі =қосылған құн-ҚҚС-еңбекақы және оған байланысты төлемдер шығыны (әлеуметтік салық, зейнетақы аударымы, жеке табыс салығы) - корпоративтік салықтан басқа да салықтар=инвсетицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі (ИЖБН). ИЖБН – кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аралық нәтижесі болып табылады. Ол амортизацияны, қарыз құралы бойынша қаржылық шығындарды және корпоративтік табыс салығын шегергенге дейінгі пайда. Оны шамасы барлық шығындарды өтеуге құралдардың жеткілікті екендігін көрсетеді.

Инвестицияны жүзеге асырудың брутто нәтижесі негізгі құрлдарды қалпына келтіру шығындарын айтамыз.

Инвестицияны жүзеге асырудың нетто нәтижесі (ИЖНН) несие үшін пайыз бен корпоративтік салықты төлегенге дейінгі пайданы көрсететін экономикалық тиімділік. Салық салғанға дейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс ИЖНН мен өнімнің өзіндік құнына енетін несие үшін пайыздың қосындысына тең.

Активтердің экономикалық рентабельділігі келесі формуламен анықталады:

Рент=ИЖНН/актив*100=(баланстық пайда+өзіндік құнға енетін несие бойынша пайыз)/актив

Немесе Рент=ИЖНН/актив*айналым/айналым*100= ИЖНН/айналым*100*айналым/актив=коммерциялық маржа*100*трасформациялау коэффициенті

 

Коммерциялық маржа – бұл сатудың экономикалық рентабельділігін айтамыз, ол әрбір 100тг қаншалықты нәтиже беретінін көрсетеді.

Трасформациялау коэффициенті – 1 тг активтің қанша теңге айналым жасайтынын көрсетеді.

Дюпон формуласы. Қаржы менеджментінде кәсіпорын активтерінің тиімді пайдаланылуын талдау үшін дюпонның интегралдық жүйесі қолданылады. Оның мәні активтер рентабельділігінің көрсеткішін бір жүйедегі өзара байланысты бірнеше жеке қаржылық коэффициенттерге бөлу болып табылады.

Активтер рентабельділігі=өнімді стау рентабельділігін*активтердің айналымына

Акционерлік капитал рентабельділігі=таза табыс/айналым*айналым/ актив*100*актив/акционерлік капитал

Бұл формула активтердің рентабельділігіне қандай фактордың әсер еткенін анықтайды.

акционерлік таза табыс

капиталдың = -------------------------------- =

рентабелділігі      акционерлік капитал

 

           ТТ       айналым    актив

= ---------- х --------------- х -----------------

           АК      актив           АК

 

Акционерлік капиталдың өзгеруіне келесі факторлар әсер етеді: 1 тг айналымнан таза табыстың өзгеруі; активтерді неғұрлым тиімді пайдалану; АК ұтымды пайдалану;

Экономикалық рентабелділік графигі (коммерциялық маржа (КМ) мен трансформация коэффициентінің көбейтіндісі (КФ).
Идеальная позиция – зона 3, бірақ іс жүзінде жоғарғы КМ мен жоғарғы КТ біріктіру өте қиын. Өсім кезінде КТ айналымы өседі, ал КМ азаяды. Бұл жағдайда егерде ИЖНН тез өспейді. Көптеген кәсіпорындар үшін көрсеткіштер 1 және 2 аймақ арасында болады. 4 аймақтағы төмендеу өте қауіпті, алайда экономикалық рентабелділік төмендейді.

Дюпон формуласытабыстың қандай фактор әсетінен өзгергенін анықтауға мүмкіндік береді:

 

Период КМ, % КТ ЭР,% = КМ х КТ

Құнға бағытталған стратегиялық қаржылық басқарудың негізгі көрсеткішетері:

TSR (total shareholder value) или TBR (total business return) – акционерлер үшін жалпы табыстылық көрсеткіші

EVA (economic value added) - қосылған экономикалық құн

MVA (market value added) - қосылған нарықтық құн

ROCE (return on capital employed) или ROIC (return on invested capital) – инвестицияланған капиталдың рентабелділігі

CFROI (cash flow return on investment) –инвестициядан түскен ақша ағымының көрсеткіші

NOPAT (net operating profit) – салықты шегергеннен кейінгі таза операциялық пайда

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.