Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тәжірбиелік сабақтардың жоспары



2.3 Тәжірбиелік сабақтардың жоспары

Тәжірбиелік жұмыс №1

Баспа платасының қалыңдығын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Біржақты БП және екі жақты БП-ның номиналды қалыңдығының таңдамалы мәні болып 0,8; 1,0; 1,5; 2,0 мм болып табылады. БП-ның қалыңдығы техникалық шарт (ТШ) немесе ГОСТ 23751-86 стандарты бойынша орнатылады.

Әдістемелік ұсыныстар: БП-ның өзіндік жиілігін анықтау, БП-ын блокқа орнату сипаттамасы есебімен жүргізіледі. БП-ның қалыңдығының есебі, өзіндік жиіліктің ең аз мәнімен орындалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жобалау процесі қандай этаптардан тұрады

2. БП қалыңдығы дегеніміз не?

3. Сигнал көздері

4. Баспа платасының компоненттерінің құрылымын түсіндір.

Негізгі әдебиеттер:

2[181-183], [217-225], [177-190]

 

Тәжірбиелік жұмыс №2

КБП-ның қалыңдығы мен қабат санын анықтау

Жұмыстың мақсаты: КБП үшін электрлік байланыс ұзындығы, ЭРБ шығыстарымен электрлі байланысқан контактілі аудан координатысы мен санының функциясы болып табылады.

Әдістемелік ұсыныстар: Байланыстың суммарлық ұзындығын біле отырып және ln өткізгіш трассировкасының қадамына сүйене отырып, КБП-ның логикалық және сигналдық қабат санын анықтауға болады. БП-ның және ИБК-ның суммарлық қалыңдығын сыртқы қабат бетінің қалыңдығын анықтағандай есептейді.

Бақылау сұрақтары:

1. КБП қабат саны мен қалыңдығы қалай анықтймыз?

2. P-CAD жүйесі қандай жобалау операцияларын орындауға мүмкіндік береді.

3. Автоматты трассировка кезінде қандай жалпы параметрлерді орнатуға                   болады.

Негізгі әдебиеттер: 1 [3-9]

Қосымша әдебиеттер: 2[8-17], [17-28]

Тәжірбиелік жұмыс №3

БП-ның жүргізуші суретінің элементін есептеу

Жұмыстың мақсаты: келесі есептеулерді міндетті түрде жүргізу керек:

1) Монтаждық тесік d диаметрі;

2)  баспа өткізгішінің t ені;

3) контактілі алаң D диаметрі;

4) жүргізуші сурет элементінің ара қашықтығы.

Әдістемелік ұсыныстар: БП-ның құрылымын жобалау кезінде жүргізуші суреттің элементінің өлшемі (ұзындығы, ені, өткізгіш қалыңдығы, контактілі аумақтың өлшемі және т.б.), және олардың өзара орналасуы (мысалға, олардың ара қашықтығы), олар электрлі принципиалды схеманың электрлік параметрлерімен байланысты болғандықтан (токпен, кернеумен, жиілікпен және т.б.), сондай-ақ БП-ның электрлік параметрімен байланысты болғандықтан жоғарыда айтылғандардың барлығы ескерілуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Изоляцияның электрлік төзімділігі неге тәуелді болады?

2. Тоқ бойынша жүктеме қабілеттілігі және өткізгіштер кедргісі неге тәуелді болады?

3. Монтажды тесік диаметрі формуласы жаз.

Негізгі әдебиеттер: 1 [9-20]

Қосымша әдебиеттер: 2 [178-183]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.