Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәріс. БП жобалаудың автоматтандырылған жүйелері



14 дәріс. БП жобалаудың автоматтандырылған жүйелері

БП жобаладағы автоматтандырылған жүйе программаның күрделі кешенін көрсетеді. Ол электрлік принципиалды сұлбаны сызудан бастап, ЭРБ орналастыру, БОК мен басқа сатылар, БП өндіріске дайындау автоматтандырылған жүйе көмегімен іске асырылады. БП АЖЖ жобалаудың өткізгіш жүйесін көрсетеді.

    Қазіргі заманғы БП АБЖ-не қойылатын негізгі талаптар:

· жүйенің толық русификациясы;

· нақты уақытта өткізгіш жобалау жүйесі;

· нақты мекемеде БП жобалау технологиясы мен өндірісіне бейімделу мүмкіндігі;

· ЭРБ мен БОК отандық және импортты деректерде базасының болуы;

· технологиялы жабдықталған интерфейстің болуы;

· ЭРБ мен БОК автоматты орналастырылуы мен БП трассировкасы;

· МЕСТ 2.123-93 сәйкес конструкторлық құжаттың автоматтандырылған шығарылуы.

БП өндірісін дайындау мен жобалау үшін бағдарламаның                              қамтамасыздандыру нарығы қазіргі уақытта көп түрлі және күннен күнге кеңеюде. БП АБЖ қолдану өндірісте қолданылатын технологиялық жабдық, БП конструкциясы, шешілетін тапсырма деңгейіне байланысты.

БП трассировкасында БП сыртқы қабаттарына сәйкес кең өткізгіштер ЭРБ қалыпты дәнекерлеуі кезінде кедергі келтіруі мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірнеше әдістері болуы мүмкін.

1)жіңішке өткізгіштерді қолдану, өткізетін жіңішке өткізгіш ұзындығы 0,25 мм  аспауы керек, ал ені 0,25– 0,125мм аралығында болады.

2)контактілік аумақтың айналасында барлық жағынан маска ендіріледі.

БП АБЖ қағазды және магнитті тасығышта барлық қажет конструкторлы құжаттама алуға мүмкіндік береді.

Қағазды құжаттарға жатады:

· БП сызбасы;

· ұяшықтың жинама сызбасы; (ЭРБ немесе БОК орналастыру сұлбасы);

· КҚБП специфика мен ұяшықтың жинама сызбасы;

· дәнекерлеуге арналған дәнекерлеуші маска сызбасы;

· саңылаулар сызбасы;

· электрлі принципиалды сұлба;

· элементтер саны;

· қосылыстар кестесі.

 

 


14.1-cурет. Қосылыс трассировкасының алгоритмдік әдістерінің жіктелуі

 

Магнитті тосығыштағы құжаттамаға жатады:

· фотошаблондарды дайындау үшін басқару файлдарын құру;

· саңылауларды бұрғылау;

· контур бойынша өңдеу;

· жинау автоматтарын бақылау;

· технологиялық операцияларды бақылау;

· жобалауға тапсырма файлдары;

· саңылаулардың геометриялық сипаттамалары;

· контактілі аумақтардың сипаттамалары.

БП ЭРБ орналастыру алгоритмдері ішінде математикалық модель, бастапқы орналастырудағы конструктивті алгоритмдері, үзіліссіз дискретті әдістері бар.

Қосылыстар трассировкасының алгоритмдік әдістеріне топографиялық және графо-теориялық әдістері жатады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.