Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫЖӘНЕ ЖҰМЫС ЦИКЛІ



ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫЖӘНЕ ЖҰМЫС ЦИКЛІ

Автомобильдердің іштен жанатын жылу двигательдерің көп тараған двигательдердің бірі болып саналады. Жанармай олардың цилиндрлерінің ішіндежанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.

Қолданылатын отын турлеріне қарай двигательдер тез буланғыш сұйық отын – бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін – дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газ–баллонды түрлерге ажыратылады.

Бір цилиндрлі двигательдің жұмыс істеу принціпі төмендегідей.

Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршень болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипінің мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршеньиінді білікпен оның екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Двигатель өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядың жанартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында. Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан сон цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды.

Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланыл-ған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың сиреуі салдарынан клапаны ашылған енгізу тесігінен жанар қоспасының жаңа заряды цилиндрге толтырылады. 

Поршень төмен жылжыған кезде газдардың қысымы пайдаланыл-майтын болғандықтан қоспаның жануы тиімсіз, сондықтан поршеньді өзінің алғашқы (жоғары) орнына қайырып, жұмыс қоспасын қысу керек. Қысылған жұмыс қоспасы ұшқынмен от алады да паида болған газдардың қысымымен поршень қайтадан төменге ығысады.

Поршень цилиндрде қозғалған кезде өзнің қозғалыс бағыттарын өзгер-тетін ең шеткі қалпына келеді. Цилиндрдегі поршенің қалпын өлі нүктелер деп, ал поршеньнің осы нүктелер аралығындағы жолы поршеньнің жүрісі деп аталады. Поршеньнің бұл жүрісінде иінді білік 1800 градусқа бұрылады, яғни жарты айналым жол жүреді. Поршень бір жүрісінде цилиндр ішінде болатын процесті такты деп атайды.

Цилиндр ішіндегі поршень жоғары өлі нүктеге жеткенде оның үстін-дегі кеністікті жану камерасы деп атайды.

Поршень өзінің жоғары өлі нүктесінен (ж.Ө.н) төменгі өлі нүктеге (Т.Ө.н.) жылжудағы босаған орынды (көлемді) цилиндрдің жұмыс көлемі деп атайды.

Ц и л и н д р д і ң т о л ы қ к ө л е м і деп – жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс көлемдерін қоса алғандвағы көлемді атаймыз.

Көп цилиндрлі двигательдерде барлық цилиндрдің жұмыс көлемдері-нің литрмен алынған қосындылары двигательдің литражы деп аталады. Двигательдің литражы атқан сайын оның қуаты да артады. Жану қоспасы цилиндрге енгенде оның толық көлемін толтырады. Сығу процесі ақталған кезде қоспаның көлемі жану камерасның көлеміне дейін азаяды.

Цилиндрдің толық көлемінің жану жану камерасының көлеміне қатынасын сығылу дәрежесі деп атайды. Қарастырылып отырған бензинмен жұмыс істейтін двигатеьдің с ы ғ ы л у д ә р е ж е с і 6,5 - 3,2 тең. Сығылу дәрежесі неғұрлым үлкен болса, жылу шығының азаюынан және поршеньге келетін орташа қысымның артуынан двигательдің қуаты мен үнемділігі жоғары болады. Двигательде жылу шығынын кеміту үшін газбен жанасатын жану камерасының ішкі бетін азайту керек.

Бірінші такт – енгізу – цилиндрді жанар қоспасымен толтыру үшін қажет. Поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ауысады, енгізу клапаны ашылып шығару клапаны жабылады. Пайда болған қысымның әсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жану қоспасы толады.    

Екінші такт - сығу – жұмыс қоспасын оталдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, бұл кезде тесіктің клапаны жабық, жұмыс қоспасының көлемі 6,5 - 8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10-12 кгс/см2 жетеді. Бұл кезде жұмыс қоспасы 300-4000 С температураға дейін қызады.

Үшінші такт – ж ұ м ы с ж ү р і с і (жану немесе ұлғаю) сығылатын жанар майдың энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру үшін қажет. Сығылған жұмыс қоспасы электр ұшқыны мен от алғандағы бөлінетін жылу газдарды 2200 – 25000 С темпертураға шейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршеньнің үстінде 35-45 кгс/см2 ге дейін қысым тудырады да, соның әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі тесік те клапанмен жабылады. Поршеньге әсерін тигізуші газдардың қысым күші шатун арқылы кривошипке беріліп, двигательдің иінді білігіне айналдырушы момент туғызады.

Төртінші такт – ш ы ғ а р у – цилиндрді пайдаланылған газдардан босату үшін керек. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, енгізу клапаны жабылады.

Одан әрі двигательдің жұмыс тәртібі жоғарыда көрсетілген ретпен қайталана береді.

Сайып келгенде, жұмыс кезінде цилиндрлерде белгілі бір тәртіппен (енгізу, сығу, жұмыс жүрісі, шығару) жүріп отырған процесті ж ұ м ы с ц и к л і деп атайды.

Поршеннің әрбір төрт жүрісінен кейін, немесе иінді біліктің екі айналымынан кейін тактілері қайталанып отыратын двигательдерді төрт тактлі деп атайды

Двигательді іске қосарда дайындық тактларын иінді біліктін қол тұтқасымен не стартермен бұрап іске асырады. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде бұл тактылар жұмыс тактысында жиналған маховиктің энергиясымен атқарылып отырады.

Іштен жанатын двигательдің жұмыс цикілінің барлық процестерін жузеге асыруды: кривошипті–шатундық және газ тарату механизмі және салқындату, майлау, коректендіру мен оталдыру жүйелері атқарады.

К р и в о ш и п т і - ш а т у н д ы қ м е х а н и з м і жану тактісінде газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да поршеннің түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстарын иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналдырады.

Газ тарату механизімі - двигательдің цилиндріне дәл уақытында жаңа отын қоспасының қажетті зарядын енгізіп және пайдаланылған газдарды шығаруға арналған.

Салқындату жүйесі - двигательдің жылуын оның бөлшектерінен бөліп, оны қалыпты жылу режимде ұстап тұруға арналған .

Майлау жүйесі двигательдің үйкелетін бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкелу күші азаяды, оларды қамтамасыз етеді.

Қоректендіру жүйесі отын жеткізіп беруге, карбюраторға ауа жіберіп, оны тазартуға және жанар қоспаны дайындап, цилиндрлерге беруге, бұдан пайдаланған газды шығарып отыруға арналған.

Оталдыру жүйесі – электр ұшқындарын жасап, онымен двигательдің цилиндрлердегі жұмыс қоспасын оталдыру үшін керек.

Бір цилиндрлі двигатель, әсіресе оның көлемін үлкейткенде жұмысының бір қалыпсыздығын азайтатын маховигіне қарамастан біркелкі істемейді, өйткені төрт тактысының біреуі ғана жұмыс істеуші болып есептеледі. Двигательдің біркелкі жұмыс істемеуінен ол дірілдеп, бекіту тетіктері босап және бөлшектері тез тозады. Бірнеше бір цилиндрлі двигательдерді қолданғанда жқмыстың бір қалыпсыздығы едәуір қысқарады, олардың ортақ бір ғана иінді біолігі болады. Мұндай жағдайда әр түрлі цилиндрлердегі жұмыс тактісі белгілі бір қалыппен кезектесіп отыратыдықтан ,көп цилиндрлі двигательдің жұмыс істеуі тұрақты болады. 

    Қаралып отырған автомобиль двигательдерінің негізгі техникалық пайдалану мәліметтері 2-таблицада көрсетілген.

2 – т а б л и ц а

 

Негізгі мәліметтер

Двигатель

ЗИЛ-130 ЗМЗ-53 ГАЗ-24
Цилиндрлердің орналасулары

Ү тәріздес

Қатарлы
Цилиндрлердің саны
Цилиндрлердің жұмыс істеу реті 1-5-4-2-6-3-7-8 1-5-4-2-6-3-7-8 1-2-4-3
Двигательдің қуаты, а.к. (квт)
Толық қуатпен істегенде иінді біліктің айналу саны, айн/мин
Литражы, л 6,000 4,250 2,445
Сығу дәрежесі 6,5 6,7 8,2

 

 

№3-Дәріс

КРИВОШИПТІ-ШАТУНДЫҚ МЕХАНИЗМІ.

1. Цилиндрлер блогы

2. Поршень тобы

3. Иінді білік

4. Маховик

Кривошипті–шатун механизміне қалпақша мен цилиндрлер гильзасы, сақиналар мен оның поршеньдері, поршень саусақтары, шатундар, иінді білік, маховик және картер кіреді.

1. Цилиндрлер блогы. Цилиндрлер блогы двигательдің негізгі бөлшегі болып табылады, оған барлық бөлшектері мен механизмдері бекітіледі. Ол ЗИЛ-130 двигательдері үшін шойыннан, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдері үшін алюминийден құйылады. Бұл құймамен картер мен цилиндрлердің салқындатқыш қорабымен қабырғалары көрсетілген.

Двигательдердің конструциясына қарай оның цилиндрлері блоктың ішінде V-тәрізді болып 900 бұрышпен қаз-қатар орналасады (ЗМЗ-53 және ЗИЛ-130 двигательдері) немесе тік бір қатар болып орналасады (ГАЗ-24 двигателі)

Цилиндрлер блогынде салқындатқыш сұйықпен жуылып отыратын және ылғалды деп аталатын алмалы–салмалы гилзалар орнатылған. Олардың ішкі бетімен поршеньдер сырғып қозғалады. Поршень төменгі жағында нығыздаушы сақиналар болады. Жоғарғы жағы цилиндрлердің қалпақшасының басына салатын төсенішпен нығыздалады. Цилиндрлердің қабырғалары үйкеліске берік болулары үшін олардың жоғарғы бөлігіне үйкелуге берік, тоттанбайтын шойынан жасалған қысқа және жұқа ендірме престеп қағады. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінде цилиндр гильзалары жоғарғы жағынан тек цилиндрлердің қалпақшасыменғана ұсталады, сондықтан оларды құрастырғандагильзаның төменгіжағына нығыздалатын мыс сақиналарыды мұқият комплектеп алып, гильза блок пен цилиндрдің қалпақшасы арасын қосатын тегістіктен 0,02-0,10 шығып тұруын қамтамасыз ету керек.

Блоктың үстінгі бетін алюминий құймасынан дайындаған цилиндрлер қалпақшасымен жабады. Қалпақша салқындатқыш сұйық құйылатын кеуек (қуыс)және от алу свечалары үшін тесіктері салмалы ершігі бар жану қоспаларын енгізу және шығару каналдары мен бағыттаушы клапан втулкасы орналастырылған. Цилиндрдің қалпақшасы штампталған қақпақпен жабылған. Қақпақпен қалпақша арасына майға төзімді резина төсеніш салынады.

Цилиндрдің қалпақшасы блокқа шпилькалар мен гайкалар арқылы бекітіледі. Екі арасы тығыз болуы үшін арасына металмен асбестен жасалған төсеніш салынады. Қалпақшаның үстіне газ бөлетін механизмнің бөлшектері бекітілген.

2. Поршень тобы. Поршень газдардың қысымдарын өзінің саусақтары арқылы шатунға (жұмыс кезінде) беру үшін қажет болса және дайындық тактылары да поршень арқылы іске асырылады.

Поршеньдер (9-сурет) цилиндр формалы болып алюминий қоспаларынан құйылады. Поршеньнің түбі мен басы және бағыттауыш қабырғалары (юбкасы) болады. Поршеньнің цилиндртәрізді қалпақшасы ның сақиналар кигізетін жырқшалары болады. Бағыттаушы қабырғаларында поршенің саусағын орнататын екі жапсырма сы (тесіктері бар бобышка) болады. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24двигательдерінің поршеньдері жеңіл болулары үшін поршень қабырғасының бір бөлігі (бобышка асты) алынып тасталған (9-сурет). Бұл инерциялық күшті азайту үшін істеледі. Жұмыс істеп тұрған двигатель жылынып қызған уақытта поршень цилиндрдің ішінде сыналанбауы үшін олардың арасында санылау болу керек. Ыстық газдардың температурасынан поршеньнің бағыттаушы қабырғаларына қарағанда оның бас жағы көбірек қызатын болғандықтан қалпақша диаметрін кішірек етіп жасайды. Двигательқызған кезінде оның поршені мен цилиндрінің арасындағы санылау өте аз болуы керек, ал салқын двигательдегі тарсылды болдырмау үшін поршеньнің бағыттаушы қабырғалары нсопақтау жасайды, оның улкен осі бүйір күштердің жазықтығына, ал кіші осі поршень саусақтары жазықтығы наәсер етеді. Сондықтан поршеньнің қабырғасына ойықтар жасайды. Құрастырғанда поршеньді өз орнына дұрыс жинау үшін оның түбіне стрелкамен белгіленген «Алға» деген жазуы болады. Поршеньдер цилиндрлермен тез қосарланып істеуі үшін олардың сыртың қалайының жұқа қабатымен жабады.

Қаралып отырған двигательдердің поршеньдерінің құрылыстары бірдей деуге болады, бірақ та олар бір-біріне диаметірімен және басқа сол двигательде лайықты кейбір ерекшеліктері арқылы ерекшеленеді.

Поршень қабырғасының төменгі жағында айналуы кезінде қарсы салмақ өтуге арналған ойығы болады. ЗМЗ-53 двигателі қабырғасының көлденең қимасының формасы конус қимасындай болады. ЗИЛ-130 двигателі поршенінің қабырғасындағы ойық–қиғаш, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінде Т - тәрізді келеді.

ЗИЛ-130 двигателінің поршенін шатунмен дұрыс жалғастыру үшін поршень қалпақшасының түбінде тегістелген жері, ЗМЗ-53 поршенінің бүйір бетінде бобышқа тетігінің тұсында «Перед» - деген жазу бар. ГАЗ-24 двигателінің поршенінің бүйір қабырғасында «Назад» деп құйылған жазу бар. Поршень өзінің жазуы бар, яғни, двигательдің артқы жағына қарауы керек. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдерінің поршень саусақтарының осі поршеньнің орта жазықтығынан 1,5-1,6 мм қашықтықта, оң жағына жылжытылған (автомобильдің жүрісі бойынша). Бұл поршеньнің жоғары өлі  нүкте арқылы болатын тарсылын азайту үшін жасалады.

Поршень сақиналары.

Атқаратын қызметіне қарай сақиналар компрессиялық және май ысырғыш болып бөлінеді. Компрессиялық двигатель картеріне газдардың өтпеуі үшін, ал май ысырғыш цилиндр қабырғаларындағы артық майды ысыру үшін қолданылады.

Сақиналар (9-сурет) шойыннан немесе болаттан жасалып, ойығы (құлпы) болады, ол өзінің серпімділігі арқасында жабысып тұрады. Компрессиялық сақиналарды цилиндрдің бос жағындағы ойықтарға кигізсе, май ысырғыш сақинаны ойыққа кигізеді.

       Поршеньге кигізілетін сақиналардың саны бірдей емес. ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінің поршеньдерінде екіден компрессиялық шойын сақиналары кигізілсе, ал ЗИЛ-130 двигателінің поршеньдеріне үштен сақина кигізіледі. ЗМЗ-53 двигателінде бір майсыдырғыш сақина болады.

       Майысыдырғыш сақиналардың компрессиялық сақиналардан айырмашы-лығы олардың май өткізетін тесіктері болады. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдерінде май ысырғыш сақина да бірден, бірақ ол төрт жеке элементтен құралған – екеуі жұқа кесік болат сақина, ал екеуі кеңірдектенген болат кеңейткіші (осьтік және тарамдалған) болады. Май ысырғыш сақина астындағы жырашық поршеньнің ішкі бетімен тесіктер арқылы жалғас-тырылады.

Сақиналар үйкеліске жақсы қарсылық істеуі үшін, олардын сыртын жұқа қалайы қабатымен жалатады немесе фосфаттайды. Сақинаның жақсы үйкелуі үшін оның ішкі бетінің қырналуы үлкен роль атқарады. Тозуын азайту үшін жоғарғы компрессиялық сақина. ЗИЛ-130 двигательінде жоғарғы екі  компрессиялық сақина хроммен қапталады. ГАЗ-24 двигательінің май ысырғыш болат сақинасының жұмыстық бөлігі қатты хроммен жабылған. Сақинаны поршеньге кигізгенде газдың картерге өтуін азайту үшін олардың бекіткішін бір-біріне қарама–қарсы бағытта кигізеді.

Поршень саусақтары шатунды поршеньмен топсалы қосу үшінкерек. Поршеньнің саусағыцилиндр формалы іші қуыс болаттын стерженьнен істеледі. Саусақтың сыртын жоғары жиілікті тоқпен суарады. Саусақтың ось бойымен жылжып қозғалмауы үшін поршеньнің қырналған бобышасына орнатылатын болат серіппе сақина бекітіледі.

Қаралып отырған двигательдерде шатунның жоғарғы басы мен поршеньнің бобышасында еркін айналуы үшін «жүзгіш» саусақ қолданылады, бұл саусақтың тозбауы үшін қажет.

Шатун поршень мен иінді біліктің шатунды мойының жалғастыры үшін және жұмыс жүрісінде поршеннің күшін иінді білікке беру үшін, сондай – ақ дайындық тақталары кезінде иінді біліктің қозғалысын поршенге беру үшін керек. Ол көлденең қимасы қоставарлы болат стерженьнің жоғарғы алынбайтын және төменгі алынбалы қалпақшадан тұрады. Шатунның жоғарғы басына үйкелістен сақтау үшін қола втулка ұстатылған.Екі бөлектен тұратын төменгі басына жұқа қабатты қосымша ішпек қондырылған. Шатунның төменгі басының екі бөлегі өзара болтпен бекітіліп, гайкамен тартылғаннан кейін шплинттеледі. Цилиндрдің қабырғалары мен бөлгіш білікке май шашып тұруы үшін шатунның төменгі басында тесік жасалынған. Шатунның стерженінде бөлшектің нөмірі шампталған, ал қақпағында белгісі болады. Шатунды жинағанда (құрастырғанда) белгі мен нөмірі бір жаққа қарауы керек. V тәрізді двигательдерде иінді біліктің бір шатун мойнына екі шатун бекітіледі. Сондықтан оларды поршеньдерімен дұрыс құрастырып жинауы үшін цилиндрдің оң қатарындағы шатундар поршенімен келесідей жиналуы керек, яғни ЗМЗ-53 двигателінің нөмірі, ал ЗИЛ-130 двигателінде шатунның бекітетін дөнесі автомобальдің жүру бағытына кері қарай орналасуы керек (11 сурет). Ал сол қатардағысы – алға қарайды, яғни поршень түбіндегі жолақшамен, не шатунның бетіндегі жазумен сәйкестеледі.

3. Иінді білік. Иінді білік шатунның поршеньге берілген күшін айналдырушы моментке ауыстырып, маховик арқылы трансмиссияға береді.

ЗИЛ-130 автомобильінің иінді білігіболаттан, ал ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигателбдерінің білігі аса берік шойыннан құйылады. Иінді білік түпкі және шатундық тірек мойындардан, жақтан, қарсы салмақтан тұрады (12-сурет). Біліктің алдыңғы ұшында шестерня мен желдеткіш жетегінің шкивін бекітетін шпонка жырашығы болады. Біліктің доғал басында храповикті бекітетін бұрандалы тесігі, екінші ұшында маховикті бекітетін фланеці болады. Фланецтің орта шенінде беріліс қорабының жетек білігінің подшипнигін орнататын қуыс жасалған. Біліктің қарсы салмағы жақтарымен бірге жасалып, түпкі мойын подшипниктеріне түсетін центрден тепкіш күштердің әсерінен женілдетеді. Себебі ол иінді біліктің подшипнігінің үйкелісін тездетеді.Сондықтан біліктің шатун мойының іші қуыс етіліп жасалады. Түпкі мойыннан шатун мойына қарай май жүреді тесік істеледі. Шатун мойны қуысы слас ұстағыш ролін атқарады. Лас ұстағыштарға май түпкі мойын арқылы кіріп, білік айналғанда центрден тепкіш күштің әсерімен бұл бөлшектер майдан бөлініп, қуыс қабырғаларында шөгеді де шатунның мойынына тазартылған май кіреді. Мойын қуысын двигательді бөлшектегенде ғана бұранда тығызмен жабылған доғал жағындағы тесік арқылы тазартып отырады.

Цилиндрлерінің санына қарай иінді біліктің шатун мойнымен оның саны да өзгеріп отырады. Мысалы, бір қатарлы цилиндрлері бар двигательдің шатун мойының саны цилиндрлердің санынан екі есе кем болады (12,а-сурет), өйткені біліктің бір шатун мойнына екі шатуннан (оң жағына бір, сол жағына бір) кигізіледі.

Көп цилиндрлі двигательдің иінді білігінің шатун мойындары әр түрлі цилиндрлерге жұмыс тактылары кезекпен тең ауысып отыру үшін түрлі жазықтықтарда орналасқан.

Төрт цилиндрлі ГАЗ-24 двигателінің мойындары 1800 бұрышпен орналасқан (12,б-сурет). V-тәрізді сегіз цилиндрлі ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 двигательдерінің иінді біліктері 900 бұрышпен орналасып, төрт-төрттен шатундық мойындары болады (12,а-сурет). 

ЗИЛ –130, ЗМЗ-53 және ГАЗ –24 двигательдерінің иінді білігінің түпкі мойынының саны шатунның мойынынан артық болады, яғни әрбір шатун мрйынының екі жағында да түпкі мойыны болады. Мұндай иінді білік толық тіректі деп аталады.

Иінді біліктің түпкі мойыны мен шатуынды мойыны бір – бірімен жақтары арқылы байланысқан. Болаттан жасалған түпкі және шатунды мойындары берік және пайдалану мерзімін ұзарту үшін жоғары жиілікті тоқпен суарады.

Білік бойлық бағытпен қозғалып кетпеуі үшін түпкі мойынының бірінші подшипнигінің екі жағынанда таяныш шайба қойылған. Иінді біліктің двигательдің картердің шығатын жерлерінде май ағызбауын қамтамасыз ететін сальник және нығыздауыштар қойылады.

Біліктің алдынғы басындаөздігінен қысып тұратын резина сальник, ал артқы жақ ұшында май ағызатын бұрандасы, не май қайыратын кертпек болады.Артқы түпкі подшепниктемай ұстағыш каналдар жасалған, бұған май ағызатын бұрандадан немесе майды кері қайыратын кертпектен май келеді,сондай – ақ сальник орнатылған, ол екі бөлік асбест шнурдан құралады.

Шатунды подшипниктер мен түпкі подшипниктер. Иінді біліктің мойындарына үлкен күш түсетін болғандықтан оларға подшипниктердің арнаулы түрлерін қоюға тура келеді.Ондай подшипниктер жұқа биметалдан немесе триметалдан ішпек (вкладыш) тәрізді етіліп жасалады. Мұндай ішпектің әдеттегі подшипниктерден артықшылығы, олардың төзімділігі қымбат антафрикциялық қорытпалардың аз жұмсалуы және жөндеуге аз уақыт жұмсалатындығы болып табылады. Түпкі подшипниктердің ішпектері картердің қабырғаларындағы ұяға (13-сурет), ал шатун ішпектері–шатунның төменгі алынбалы бастарына орнатылады (10-сурет). Ішпектер тұрған орындарында айналып және жылжып кетпеулері үшін ұяларына сәйкес келетін дөңестері мен подшипник қақпақтары болады.

Биметалдан жасалған ішпек болат лентадан жасалып, ол антрифрикциялық қорытпаларының жұқа қабатымен жабылады, ал триметалл ішпектер болат лентадан жасалып, оның бетіне мыс пен никель және баббит қабатымен қапталады. ГАЗ-24 және ЗИЛ-130 двигательдерінің ішпектері болат – алюминийден жасалған. Түпкі подшипниктердің қақпағы картердің қабырғаларындағы тесікке кіргізілген шпилькалармен немесе болтпен бекітіліп, екі-екіден қосақталып шплинттеледі, не болат пластинамен бекітіледі.

ЗМЗ-53 және ГАЗ-24 двигательдерінің иінді білігі блоктың түпкі подшипниктерімен қарысып (сыналанып) қалмаулары үшін олардың қақпақтарын шойыннан жасайды.

3. Маховик. Маховик двигатель жұмысын қалыптастырып, поршеньдерді өлі нүктеден шығарып, двигателбдің от алуын және автомобальдің орнынан қозғалуын женілдетеді. Маховик диск тәрізденіп шойыннан жасалады, оның жиегі массасын артыру үшін қалындатылған диигательді стартердің жәдемімен от алдыру үшін маховикке тісті тәжі орнатылған. Маховикті иінді біліктің фланецына төрт, кейде алты болтпен бекітеді. Маховиктің білікпен алғашқы тендестігін сақтау үшін бекітілетін болттарының орналасуы симметриялы болмайды. Кейбір двигательдің маховиктерінде от алдыру кезінде жоғары өлі нүктені анықтау үшін белгілегіш белгі жасалған.

Двигательдің картері – иінді білік және т.б. двигательдің бөлшектері орнатылатын негізгі табаны болып есптеледі. Картер цилиндрлердің блогымен бірге құйылып төменгі жағынан болат қаңылтырмен штампталған поддонмен жабылады. Картер мықты болу үшін оның ішінде көлденен қалқалар – қабырғалар жасалып, онда иінді және бөлгіш біліктің тірек подшипниктері үшін ұялар жасалған. Картердің поддоны кривошипті – шатун механизмдеріне лас түспеуі үшін керек болса, екіншіден май жиналатын резервуар ролін атқарады. Поддонды картерге арасына картон, не тығызды артық пробкалы төсеніш салып болтпен бекітеді. Поддонның төменгі жағында майды құйып алу үшін бұрандалы тығынмен жабылатын тесігі болады.

Двигательді бекіту. Двигательді автомобильдің рамасына берік етіп бекітеді, бірақ оның бекітілуі қатты болмай, серіппелі жұмсақ болып двигательдің рамасы жол жағдайына қарсы қисайған кезде оның кронштейніне күш түспейтін болуы керек. Двигатель раманың үш немесе төрт жеріне (нүктесіне) бекітілген. ЗИЛ-130 және ГАЗ-24 двигательдері үш жерден (14-сурет) бекітіледі. ЗИЛ-130 двигательінің алдынғы тірегі бөлгіш шестернясының қақпағы астынғы кронштейн болса, артқы тіректер ілініс картерінің табаны болады. Кронштейн мен раманың алдыңғы көлденең арқалығымен, сондай–ақ ілініс картерінің табаны мен раманың ұзын арқалығы кронштейнің араларына двигательді бекітетін резина төсеніш орнатылған. ГАЗ-24 двигателі блоктың алдынғы бөлегіне жұмсақ екі төсенішпен және беріліс қорабының артқы қақпағының астындағы бір төсенішке бекітілген.

ГАЗ-53А автомобилінің двигателі рамаға төрт жерден бекітілген алдынан штампталған кронштейнің астына салынған екі резина төсенішпен цилиндрлер блогіне, ал артқы жағынан ілініс картерін екі жапсырмасы арқылы бекітіледі. Оның астына серпімді резина төсеніш салынады.

№4-Дәріс



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.