Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ



АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ

№1-Дәріс

 

1. Жалпы мәліметтер

2. Автомобильдердің жіктелуі

3. Автомобильдің жалпы құрылысы

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Халық шаруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т.б. тасуда қажетті құралдың бірі.

Революцияға дейін аздаған шетелдік автомобильдерден (көбінесе жеңіл автомобильдер) басқаны есептемегенде Россияда не өзінің автомобиль өндірісі, не автомобиль транспорты болған жоқ.

Совет өкіметі жылдарында елімізде қуатты автомобиль өндірісі құрылды, ол халық шаруашылығын осы заманғы түрлі маркалы және конструкциялы автомобильдермен қамтамасыз етеді. Осы күнгі - Москваның Лихачев атындағы, Горький, Ульяновск, Кременчук, Минск, Кутаиси, Волжск, Ирбитск автомобиль заводтары мен Москваның шағын литражды және Запорожьенің микролитражды автомобильдер шығаратын заводтары; Ликинск, Львов, Павловск автобус заводтары, Риганың автобус қораптарын жасайтын тәжірібе заводымен қатар жаңадан автомобиль заводтары салынып, ескеріле қайта құрылуда.

Халық шаруашылығының өрендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында өткен бесжылдықтай автомобильдің түрлі маркаларын шығаруды арттыру көзделді.

Совет автомобиль жасушылары автомобильдердің конструкциясын жақсарту жөнінде зор жұмыстар жүргізуде. Осындай мақсатпен автомобиль двигательдерін жасайтын мамандырылған Заволжье мен Ярославль мотор заводтары, сондай-ақ қоректендіру және электр жабдықтары жүйелерінің приборларын, резина-техникалық бүйымдардың және жекелеген тораптар мен агрегаттар шығаратын кәсіпорындар салынды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.