Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педагогтың тұлға ретінде өсуінің мазмұндық жағы.



2.5.Оқытушы мәдениетінің тұлғалық (өзіндік) және кәсіби өсуі. Педагогтың білімін және кәсіби мәдениетін өзін-өзі жетілдіруі

   «Оқытушының тұлғалық өсуі» ұғымы бірнеше категорияны қарастырумен байланыты: тұлға, дамуы, өсуі, өзін-өзі реттеуі, өзіндік ойлауы, өзін анықтауы.

  Психология тұрғысынан тұлға –қоғамдық дамудың феномені,нақты қасиеті бар тірі адам.

Тұлғаның дамуының барлық сатысынан, яғни адаптациядан даралыққа, содан соң интеграцияға өтетін дамушы тұлға, ол-педагог. Сондықтан тұлға ретінде педагог үнемі өзін өзектеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуда. Бұл педагогикалық қызметтің өзінің ерекшелігімен анықталады,я ғни ынта-ықыластылықты өздігінен ойлай білуге,тапқырлыққа,суырып салмалыққа бейім болады.

Өзін-өзектеу - ол адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін дамытуымен әлдеқайда толық анықтау қабілеті.

Өзін-өзі жетілдіру - өзіндік идеяны тану, онымен салыстырылуы, қанағатсыздық тудыратындықтан өзін өзгертуге ұмтылу.

Тұлғаның өзін-өзі өзектеуі және жетілдіруі өмір сүрудің мазмұнын іздеу процесінде және мына сұрақтарға жауап іздеу кезінде қалыптасады: адам өзіне тән қажеттіліктер мен құндылықтарға сәйкес өмір сүруде ме? Ол өмірінде істегісі келгені, істей алатыны, істеуі қажеттігі, қолында бар сияқты ұғымдарды қалай ұштастыруда, біріктіруде ме? Оның өмір сүруінде перспектива бар ма?

  Тұлғаның өсу негізі-«Мен» концепциясы «Мен» ұғымы адам туралы барлық ғылымдарда қолданылады, сонда да ол өте анық емес, жылжымалы, көп мағыналы. Философиялық мағынада «Мен» тұлғаның рухани орталығы ретінде қарастырылады, психологияда «Мен»-ді бір жағынан, «тұлғаға» жатқызса, екінші жағынан, «өзіндік сана» ұғымына жатқызады, бірақ ол олардың ешқайсысымен де аяқталмайды, өйткені «мен» жай тұлға ғана емес, ол-ішкі мағынасы қарастырылған тұлға.

  Педагогтың тұлға ретінде өсуінің мазмұндық жағы.

  Қызметтік-тұлғалық жол тұлғаның өсу негізін құрайтын, негізгі құрылымдық компоненттеріне сай келетін келесі элементтерін бөліп қарастырайық: өзін-өзі тану, өзін оятуы, тұлғалық және кәсіби өсуін жоспарлау, өзін-өзі өткізу. Өзін-өзі тану –бұл өзінің өзін тануы.

  Өзін-өзі тану өзінің мүмкіндіктерін, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған. Бұл басқа адамдармен қарым-қатынасы жағдайында, олармен араласып-хабарласу барысында, бірге қызмет атқару кезінде, адам өзінің сенсорлық қабілеттілігін ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болған кезде, байқағыштығы, аңғарғыштығы, есте сақтау, ойлау операцияларының ерекшеліктері және сөйлеуі, шығармашылық қиялмен қайта жаңғырту дәрежесі, инабаттылық көрсеткіші ретінде сана-сезімнің дамығандығы, мінезінің оң және кері жақтары, сонымен бірге жалпы және арнайы қабілеттігін анықтау.

Бұл процесс ерекше күрделі:

Ø Өзін-өзі тануға бастамас бұрын адам белгілі материал жинауы қажет;

Ø Сол тәжірибені жинақтау үшін адамның белгілі бір іспен шұғылдануы,немесе қызметінің болуы қажет;

Ø Адам-ол өзі жетілуші жүйе,сондықтан өзін-өзі тану үнемі өз объектісінен кейін қалып отырады;

Ø Өзін-өзі тану процесі адам үшін субъективті мәні бар нәрсе,өйткені өзі туралы деректерді алған соң ол өзін өзгертуге тырысады.

    Өзін-өзі аңғарғыштығы - бұл адамның өзінің психологиялық өмірінің ішкі жоспарын бақылауы, оның көрінісін-байқалуын ойлауы және сезім көріністерін көріп бекітуі. Оның екі жағы болады:ішкі және сыртқы кез келген қызметті атқару барысында адам оларды сырттан өзін бақылап отырғандац болып көрінеді,ол жұмыс нәтижесін өзінің мақсат-мүдделерімен салыстырады әрі осы кезде ол өзінің психикасын таниды,оның даралық ерекшеліктерін үйренеді.

Өзін-өзі бақылаушылықтың екі түрі болады:

Ø Тікелей адам өзін-өзі тікелей нақты бір жағдайда бақылауы;

Ø Ретроспективті – адам өзінің істегенін бір апта ,бір ай өткен соң белгілі жағдайға қатысып анықтап бағалайды

   Өзін-өзі талдау – ол тұлғаның өзін бағалауы, мүмкіндіктері мен қабілеттері және басқа адамдармен қарым-қатынасындағы орнын анықтайды.

  Өзін-өзі талдау - тұлға өзінің дара және жалпылама қасиеттерін, қызметін, мінезін, құндылығын, мағынасын анықтайды.

Өзіне ниеттену (өзін-өзі ояндыру) - тұлғаның өсуін ынталандырушы компонент. Оның негізін өзін-өзі зорлау принципі құрайды, ал ол өзін реттеу және өзіне қатынасы бар принциптер механизмінің әсеріне негізделеді.

    Тұлғаның өсу компонентінің тәсілі (жоспарлау). Бұл тұлға өзінің барлық қажеттілігін сезген соң реалды қызметке көшудің қажеттігін көрсетеді.

    Өзін-өзі шынайыландыру - тұлғаның психикалық өсуі, пісіп жетілуі, жасырын мүмкіндіктерінің оянуы және көрініс беруі. Бұның төмендегі факторлары анықталған:

Ø Өзін сыйлауы,жағымды,ұнамды «Мен концепциясы»

Ø Өзін тануы,ашықтық дәрежесі,ішкі бақылауы;

Ø Өзін-өзі реттеуге және ұйымдастырылуына қабілеттілігі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.