Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педагогикалық даралық стильдің қалыптасуының бағалу критерийлері



   Педагогикалық даралық стильдің қалыптасуының бағалу критерийлері

1. Кәсіби-педагогикалық қызметтің құндылық бағытталуы

2. Кәсіби қасиеттегі қабілеттің даму дәрежесі

3. Кәсіби-педагогикалық қызметтегі творчестволық белсенділігі

4. Кәсіби өзіндік дамуға қабілеттілігі

Аталған критерийлерді объективті-субъективті, процессуалды-нәтижелік, нормативті, дара-вариативті деп те бөлуге болады.

Даралық стилін бағалау критерийлері оның қалыптасуының бес деңгейін бөліп айтуға мүмкіндік береді:

1. Стихиялық-адаптациялық

2. Имитациялық-комформистикалық

3. Модификациялық-мәнжайлық

4. Жүйелік-ммодельдеуші

5. Инновациялық-креативті

Стильдің тип түзуші сипаттамасы: активтілік-пассивтілік шешім қабылдауда бір ғана басшылық-коллектілік; позитивті-негативті стимуляция; дистанциялы-студенттермен контактілі байланыс; қолда бары-коллективппен кері байланыстың болмауы.

Сонымен,педагогикалық қызмет стилінің мәселесі-ол педагог қызметінде ең жоғары көрсеткіш, нәтиже алуға қол жеткізу, оның кәсіби жетілдіріп қалыптасуы, шындықтың оптималды талаптарына сай даралық қасиеттерінің жетілдіруі.

 

          Оқытушының имиджі

Имидж (образ, тұлғаның сырт көрінісі, оның сыртқа әсері) қайсыбір тұлғаның, заттың немесе құбылыстың образының мақсатты түрдегі басқаларға жарнама немесе әйгілі, атақты және т.б, боолу үшін істейтін эмоционалды-психологиялық әрекеті

Образ-түр, көрініс, бейне, ажар, тұрпат, көркем бір шындық туралы жалпылама қорытынды, белгілі бір құбылыс туралы анықтама деп қарастыруға болады.

Имидж - өзің туралы әңгіме,өзіңнің қоғамда алып отырған орныңды көрсетуші (символ), кәсіпкерліктің қайсысына жататыныңды, қасиетіңіз, мінезіңіз, темпераментіңіз, талғамыңыз, сіздің қаржыландырушылық мүмкіндігіңіз, күйіңіз болып табылады.

Имидж - бұл динамикалық жүйе, өйткені ол адамның өзінің жетілдіруі үшін үнемі жұмыс істеуде талап етеді. Имиджге табиғи қасиеттер, кәсіби және ғұмырлық тәжірибеңіз, тұлғаның тәрбиесі мен білімділік дәрежесі әсер етеді. Имидждің негізін адамның сүйкімділігі құрайды. Бұл жинақталған ұғым. Бұл-адамның барлық жақсы қасиетін аккумуляциялайды және тұлғаның ақпараттық әлеуетінің жиынтығын құрайды (В.М.Шепель)

  Адамның сүйкімділігі, ажарлылығы дегеніміз - оның коммуникабельділігі, эмпатилігі, рефлексивтілігі, шешендігі, қызыл тілділігі, сонымен қатар сыртқы ажарлылығы, қызықтырушылығы, жаңа жағдайларға оңай адаптацияланғыш, таныс емес ортада өзін сенімді сезінуі, басқаша ойлайтындарға шыдамдылық көрсетуі,

  Сүйкімділік, ажарлылық идеялында бұл - барлық тұлғалық-іскерлік қасиеттері мен ептілігін, шеберлігін көрсете білу, яғни өзін-өзі презентациялауы. Бұл өзіңнің ең жақсы жақтарың мен басқаларда өзің туралы белгілі көзқарас қалыптастыру үшін қажет көрсеткіштер.

Тұлғаның имиджін жасауда өзек болатындар:

Ø Адамның әлеуметтік сипаттамасы,өзі тұратын қоғам талаптарына сай келуі;

Ø Символикалық сипаттар,анықтаушы дәстүрлі мәдениет;

Ø Арнайы,нақты имидж иесін көрсетуші дербес сипаттама.

  Имидж қабылданған және қабылдана алмайтын болып бөлінеді, олардың әрқайсысының талаптары бар. Қабылдану процесі түсіну және пайымдаудан тұрады. Түсіну процесі әлеуметтік топтың коммуникативті жүйеге қатынас ерекшеліктерімен пайымдау-имидж қабылдаушы тұлғалардың мотивациялық-пайдаланушыларды сипаттаушы факторлары.

Имиджі қабылдаудың үш деңгейі бар:

Ø Биологиялық-жыныс,жас,денсаулық,темперамент,физикалық көрсеткіштері басты рөл атқарады;

Ø Психологиялық-ерік,ес,ойлау,мінез-құлық,қабілеттілік;

Ø Әлеуметтік-фактілер жүйесі.

Ø Имиджі жіктеуге негіз болатын мүмкіндіктер (Л.К.Аверченко);

Ø Функцияналдық-имиджі функциясына қарай жіктеу;

Ø Салыстырмалы-бір-біріне жақын имидждерді салыстыру;

Ø Контекстуалды –жақын имидждерді контекстеріне қарай жіктеу

Имидждің функционалдық әдісі. Функционалдық әдісте имиджді төмендегідей бөледі:

Ø Айналы;

Ø Кезектегі ағымдағы,қазіргі;

Ø Мақсатты,тілекті;

Ø Корпоративті;

Ø Көпшілікті

Ø Теріс-дұшпанның,қарсыластың ,оппоненттің бізге жасаған имиджі.

Имидждің салыстырмалы әдісі. Имидж ұсынушы екі адамның имидждік сипаттамасын салыстыру. Оларды компетенттілік деңгейіне, интеллегенттігіне, күшпен шешуге дайындығына және т.б. қарап салыстырады. Бұл әдісте имиджді идеалды,біріншілік, екіншілік деп ажыратады.

Имидждің контекстуалды әдісі. Бұл әдісте имиджді адамның тұлғаны қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарай жіктейді: саясатшы имиджі, іс адамы (бизнесмен), попжұлдыз, оқытушы имиджі.

    Педагогтың жекеленген функциялық имиджін бөліп қарастырайық.

1. Коммуникативті функция;

2. Эллютивті функция;

3. Ақпараттық функция;

4. Креативті функция;

5. Когнитивті функциясы;

6. Конативті фукция.

   Қарастырылған педагогикалық қызметтердегі функциялар тәрбие және білім беру функцияларымен байланысты,сонымен қатар олардың мақсатына байланысты және іске асырылу тиімділігін де анықтайды.

Тұлғаның сүйкімділік, ажарлылық техникасын енгізуі, қолдану логикасы бұл қасиеттердің жүйе түзуші имиджін крінуші эффектін құрайтын коммуникативті механикасы, флюидді бейнеленуі болып есептеледі. (В.М.Шепель)

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.