Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шығармашылықты жүйелі модельдеуші деңгей.



Шығармашылықты жүйелі модельдеуші деңгей.

Қызметтің кәсібилігі-қызмет субъектісінің сапалық сипаттамасы, ол осы қызмет саласының кәсіби мәселерін жоғары деңгейде меңгеру дәрежесінің көрсеткіші,яғни жаңа талаптарға сай мазмұнмен және құрал жабдықтардыигеру арқылы өнімді әдістерді қолдана отырып нәтиже алу.

   Педагогикалық қызметтің кәсібилігі - педагогтың студенттерді қойылған мәселені нәтижелі шешуге дайындық өнерін қалыптастыру.

Кәсіби бағыттылық - тұлғаның интегралданған және басқарушылық қасиеттерінің жиынтығы.Т ұлға қызметінде мотивінің тұрақтылығымен, тұлғаның қызметін бағыттаушы.Кәсіби бағыттылық сипатына оның нанымы, сенімі, қызығушылығы жатады.

  Тұлғаның кәсіби бағыттылығы дегенді өзінің білімін,тәжірибесін таңдаған мамандығында қолдануға тұлғалық ұмтылуы

  Педагогикалық бағыттылықтың иерархиялық құрылымы төмендегідей көрсетілуі мүмкін:

1. Оқушының, студенттің, баланың және басқа адамдардың даралық дамуына, өзіндік максималды өзектелуіне педагогтың қамқорлығының, қызығушылығының, сүйіспеншілігінің бағытталуы.

2. Өз-өзін педагогикалық еңбек саласында толық іске асыру,өзіне бағытталуы.

3. Оқу материалының мазмұнын көрсетуші кәсіптің пәндік жағына бағытталуы.

 

2.2.Педагогикалық мәдениет-жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлімі.

   Педагогикалық мәдениеттің мәнін, сипатын бөліп қарастыру үшін оның педагогикалық мәдениетін және жалпы мәдениетпен байланысы мен тәуелділігіне көз жіберейік.

Мәдениетін - қоғамның тарихи анықталған даму деңгейі, адам өмірі мен қызметі, типтері мен ұйымдастыру формаларындағы қарым-қатынасында және рухани құндылығында адамның шығармашылық күші және қабілеттілігімен көрінеді.

Мәдениет - тұлға күшінің іске асырылуының жалпы (универсал) әмбебап формасы,творчестволық жасаушы қызметі деп қарастырылуда.

Мәдениет тек адамзаттың өндірісте, қоғамдық қатынастарда, ойлау қабілеттілігіндегі жетістіктер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар адамзат қызметінің заттастырылған тәжірибесі деп көру керек. Тәжірибе кез келген жағдайда қызмет моделіне ауысқан білім мен қабілеттің бірлігі. Бұл тәжірибе әлеуметтік институттарда білім беру түрінде көрсетіледі. Мәдениеттің тасушысы адамдар тобы сияқты жеке адамда саналады.

  Мәдениет адам қызметінің кез келген түріне нормативті талап қояды.Сондықтан адам қызметінің қанша түрі болса мәдениеттің де сонша түрі болады.

Жоғарыда айтылғандар, педагогикалық процестің интегративті сипаттамасы, бекітілген білім,қабілеттің және арнаулы институттардың адамзат қызметінің жинақталған тәжірибесі мен осы қызмет нәтижелерінің бір ұрпақтан басқа ұрпаққа берілуі деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық қызмет адамның жалпы мәдениетінің басқа ешбір қызмет түрінде болмайтын байланыспен ұштасады. Адамның әлеуметтік-мәдениетке бағытталған жаңаруы жүретін, тұлғаның әлеуметтендірілуі, мәдени мұраларды ұрпақтарға беру функциясын орындау арқылы тұлғаның қалыптасуы мен дамуының басқарылуы іске асатын қоғамның ерекше ортасы болып табылады.

Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мәдениеттанушылық принципі білім беру жүйесінде мәдени жағынан өз-өзін жетілдіруші,тудырушы,жасаушы субъект,адаммен диалогқа бағыттайды.

Ғылыми-әдістемелік әдебиетте педагогикалық мәдениетке анықтама берудің бірнеше жолы көрсетілген.

  Теориялық деңгейде педагогикалық мәдениет жалпы мәдениеттің бір бөлімі болып қарастырылады, өйкені ол:

Ø Адамның тарихи мәдениетін,тәжірибесін интегралдайды, ал оқытушы тәрбиеленушілерге сол тәжірибенің белгілі құндылықтарының жиынтық бағыттарын қарым-қатынас түрінде береді;

Ø Оқытушының әлеуметтік практикасының бір бөлімі бола отырып, студенттермен дәстүрлер арқылы әрекеттесуде, бір-бірімен қарым-қатынастарда байқалады;

Ø Педагогтың қоғамның объективті қажеттілігін бейнелеу әдісі болып табылады.

Педагогикалық мәдениет - педагогикалық әрекеттесу субъектісінің көп деңгейлі құрылымы бар күрделі ұйымдасқан жүйесі. Сондықтан оның қалыптасуы және дамуы туралы әңгіме тек кәсіби педагогтар арасында ғана емес,сонымен қатар барлық қоғам қатпарлары арасында жүргізілуі қажет.

Педагогикалық мәдениет массалардың педагогикалық мәдениет деңгейімен анықталады.

Педагогикалық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлімі ретінде дүниежүзілік тәжірибеге ие. Мәдени дәуірлердің ауысуы соған сәйкес педагогикалық өркениетті де (цивилизацияны) өзгертеді,білім беру парадигмасында өзгертеді.

Әрбір дәуір өзінің педагогикалық мәдениет типін қалыптастырады.Мәдениеттің әр типі білім беруде және тәрбиелеуде өзіне сәйкес әртүрлі рухани құндылықтар тудыратын моделін береді.

  Еуропалық модель білімді қатаң түрде жазбаша жаңғырту әдістерін жетілдіруге бағытталған.

Оқыту оқытушыдан оқушыға қарай жүргізіледі де соған сәйкес пассивті,біртипті оқушы типі қалыптасады.

Шығыс моделінде материалды ауызша баяндауға негізделіп,оқыту процесі тәрбиелеу және тұлғаның қалыптасуымен параллель органикалық біртұтастыққа жүргізіледі.

   Педагогикалық мәдениеттің критерийлерін анықтау –білім беру құндылықтар бағытында, тәрбие мен оқушы қатынасында,сонымен қатар педагогтың әлеуметтік рөлін атқарудағы тәуелсіздігінде. Бұл критерийлер педагогикалық мәдениеттің негізгі үш типін бөліп қарастырады: демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық.

     Педагогикалық мәдениеттің мазмұны үш филисофиялық әдістеме, келістің өзара байланысымен айқындалады:

1. Аксиологиялық келіс.

2. Қызметтік келіс.

3. Тұлғалық келіс

Педагогикалық мәдениеттің практикада іске асу негізін методологиялық мәдениеттер диалогының философиялық теориясы құрайды (В.С.Библер). Теорияның мәні-мәдениет феномені, яғни өткендегі, қазіргі, болашақтағы мәдениеттердің бір-біріне кіруі және диалогпен анықталуында.

Педагогикалық мәдениет педагогиканың категориясы ретінде әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, тұлғалық деңгейлерде белгілі дәрежеде зерттелуі де мүмкін. Олар:

1. Әлеуметтік-педагогикалық деңгей.

2. Кәсіби-педагогикалық деңгей.

3. Тұлғалық деңгей.

  Педагогикалық мәдениетті шартты түрде 3 деңгейге бөліп қарастырады:

 1) жеткілікті деңгей;

 2) кәсіби емес (массалық) деңгей;

 3) компенентті емес деңгей.

   Педагогикалық мәдениет – бұл жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлімі. Онда көп мөлшерде рухани және материалдық құндылықтар көрініс алады, сонымен бірге тұлғаның әлеуметтендірілуі мен адамдардың тарихи процесінде ұрпақтар ауысуында қажетті педагогикалық қызметтің түрі байқалады.

  Сонымен,педагогикалық мәдениет педагогтың кәсіби тәртібі мен қызмет түрлерінің динамикалық жүйесі болып табылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.