|
|||
Педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттеріСтр 1 из 8Следующая ⇒ Педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттері Жоспары. 1. Оқытушының педагогикалық қызметі 2. Оқытушының педагогикалық қызметінің ерекшеліктері: 3. Кәсіби педагогикалық қызмет ұғымы. 4. Педагогикалық технология. Педагогикалық ойлау. Оқытушының имиджі. 5. Тұлғалық-кәсіби сапалар, педагогикалық білім, оқытушының кәсіби біліктілігі мен дағдысы. 6. Педагогикалық рефлексия Адам баласы биологиялық жанды объект болып дүниеге келіп өзінің әлеуметтік келбетін қызмет процесінде қалыптастырады әрі ол неғұрлым әрекетті болса,соғұрлым дамуы жоғары,неғұрлым жан-жақты болса,соғұрлым ой-өрісі кең,компонентті,білімі жоғары тұлға болады.Адам қызметінің қандайында болмасын өзінің алдындағы ұрпақтарда жиналған әлеуметтік тәжірибені елестету,жаңғырту арқылы оны жетілдіреді. «Қызмет категориясы ғылымда кең тараған. Оны философтар, педагогтар, экономистер, психологтар жиі қолданады. Қызмет-тірі нәрсе (мақұлық), субъект ретінде қоршаған шындықпен өзара белсенді әрекеттесуі нәтижесінде объектіге мақсатты ықпал ету арқылы өзінің қажеттілігін қанағаттандырады. Қызмет адам белсенділігінің ішкі (психикалық) және сыртқы (физиологиялық) кейіпте көрініс беретін,әлеуметтік мәні бар,саналы уәде берілген мақсат болып табылады. Кәсіби қызмет нақты бір қызмет түріне терең үңілуді ұйғару ,яғни кәсіптің алдыңғы тәжірибелерін меңгеру арқылы оның теориялық жай-күйімен байланысты зерттеу жүргізу,іздену. Педагогикалық кәсіп-өзінің кәсіби құрал-жабдықтарымен басқа адам тұлғасын қалыптастыруды басқару өнері,адамның күн-көрінісін қамтамасыз ететін кәсіптің бір түрі. Педагогикалық қызмет-педагогтың оқушыға,студентке тәлім-тәрбие және білім беруші әсері арқылы,оның интеллектуалды,қайраткерлік –іскерлік және жеке тұлға ретінде дамыту арқылы оның өзінің дамуына және өзін жетілдіруіне бағыттайды. Педагогикалық қызмет-жүйелі ұйымдастырылған біртұтастыққа интегралданған, алдын-ала нәтижесі белгілі тапсырманы орындау үшін өзара байланыстағы және қарым-қатынастағы адамдар,идеялар және құрал-саймандар бірлестігі деп қарастырылады. Педагогикалық кәсіби қызметтің пайда болуын адамдар арасындағы функцияларды (қызметті) бөлісу нәтижесімен байланыстырады. Оның рөлін анықтаған кезде ең алғашқы және бастапқы қызмет екенін атап өткен жөн,өйткені ол балалардың дамуына,тәрбие мен білім алуына бағытталған. Бұл адам қызметінің ішіндегі ең күрделісі,өткені оның тиімділігі педагогтың адам физиологиясы мен психологиясын терең меңгеру қабілеті арқылы басқа адам дүниесіне кіріп,онда ұымдастырушы-педагогикалық әрекеттер жасауға арналған. Педагогты қоршаушы социумның қабылдауының күрделілігі мен бірқалыпты еместігіне қарамастан, оның еңбегін приоритетті қызметтер қатарына жатқызуға болады, өйткені педагогикалық қызмет адамның барлық қызмет саласының (сферасының) бастауында тұрып, көпшілік жағдайда қоғамның келешектегі дамуын нормалаушы және реттеуші болып саналады. Осыған байланысты педагогикалық қызметті өзінің принциптері, мотиві, мақсат иерархиясы бар,лайықты біріккен әдістері, құрал-сайманы, формасы қажетті әрекеттерімен белгілі мазмұнды шешуге және нәтиже алуға арналған қабілетті біртұтас жүйе екенін атап өтуге болады. Кез келген қызметтің жүйелі принциптерге негізделген, ғылыми тірегі болады. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптерін (И.П.Раченко) үш топқа біріктірген: іс-әрекетті ұйымдастыру: жалпы ұйымдастыру, өлшеуші ұйымдастырушы принциптер. Адамның кез келген қызметі сияқты педагогикалық қызметтің де негізін еңбек әрекеті құрайды, ол бір немесе бірнеше еңбек қимылымен қойылған саналы міндетті шешуге мүмкіндік береді. Әрбір еңбек қимылының үш бағытын көрсетуге болады: физиологиялық, механикалық, психологиялық. Еңбек қимылының физиологиялық негізін бас миындағы арнаулы жүйке құрылымдары құрайды, олар адамның кез келген қимылды орындауда пайда болған кері афферентациялық шешім қабылдауда және алынған сенсомоторлық ақпаратты келесі қимылды мақұлдау және бағалау үшін қажет болады. Механикалық еңбек қимылы: кеңістікте қолдың қимылымен жасалған әрекет:біртекті қозғалыстардың қайталану жиілігі және т.б. Осы қимылдар нәтижесінде еңбек қимылының психологиялық негізінің мақсатына қол жеткізіледі. Бұл аталып өткен категориялар мен еңбек қимылдарының ерекшеліктері және түрлері әртүрлі шамада оқытушының орындауымен болады.Іс-әрекеттің анатомиясына, психологиялық құрылымына, даму және функциялық заңдылығына қарай екі іс-қимыл сипаттамасы бөлек қарастырылады. 1.Функционалдық сипаттама,ол әрбір қимылдың функциясын ашып береді. 2.Құрылымдық сипаттама – қимылдың формасына, жалпылауына (обобщенность), толықтығына және меңгеруіне қарай жіктеледі, бөлінеді. Ойлау қимылының сипаттамасына толығырақ тоқталып өтейік, өйткені педагогтың қызметінде студентті, оқушыны жетілдіру арқылы оқушының өзінің де кәсіби шеберлігі мен қабілеті жоғарылайды. Ойлау қимылының теориясының қалыптасуы алты кезеңнен тұрады: 1. Мотивациялық кезең – оң мотивацияларды қалыптастыру қажеттілігі. 2. Қимылдың негізін құраушы сызбанұсқасын құрау арқылы әрекеттің нақты жоспарын жасауға,курстың негізгі бөлімдерін студенттердің меңгеруіне, оқу, білім берудің логикалық сызбасын, ақпаратты игеруді сезінуіне қол жеткізеді. 3. Материалдық кезең адамды қоршаған нақты заттармен практикалық іс-қимылды (әрекетті) меңгеруге бағытталған. 4. Ауызша кезең іс-қимылды дұрыс түсініп, ауызша суреттеуді ойлау арқылы терең меңгеру үшін қажет. 5. «Өзі іштен» сөйлеу ойлау қимылының жобалау негізін іске асыру арқылы болжаулы образ белгілерін біртұтастандыруға,іс-қимылды меңгерудің соңында «дауыспен сөйлеу» немесе жазбаша кезеңнің борлуы қажет. 6. Ойлау қимылы -соңғы кезең (этап),бұл бағдарланған қимылдардың ішкі ұйымдастырылу арқылы бекітіліп, орындаушы қызметті реттейді Педагогикалық қызметтің ерекшелігіне байланысты, оның құрылымында жай және күрделі оқу-әдістемелік, тәрбиелеу, әлеуметтік-педагогикалық, зерттеу қимылдарын және логикалық операцияларды бөліп көрсетуге болады. Бұлардың барлығы оқытушы алдына қойылған кәсіби мәселелерді белгілі тиімділіпен шешуге мүмкіндік береді. Қимылдың маңызын, мазмұнын мәнін оның өзегі болып саналатын мотив және мақсат құрайды. Мотив - материалдық немесе идеалды зат, ол өзі үшін жасалатын қимылды немесе істі түгелдеп, өзіне қарай бағыттайды. Мотив өзінің қалыптасуында үш кезеңнен өтеді: ниеттенудің оянуы:ниеттің сезілуі; тұлғаның мотив түрінде ниетті сезінуі. Бұл істе қажеттілік ретінде пайда болған мотивтер, адам алдына жаңа мақсаттар қоюға итермелейді, онсыз қызметтің тиімді болуы да мүмкін емес. Қызметтің мақсаты - адамның,саналы қызметін жасау соңында қимылына кіріс деген механизмге ишараты (сигнал) деуге болады. Мақсат заңды түрде қызметтің түрі мен сипатын алдын ала анықтайды. Мақсат педагогикалық категория түрінде педагогикалық істің анықтаушысы бола тұрып, педагогтың әрбір қимылының не үшін қажет екенін сезінуі болып табылады. Функциялық бағытына қарай мақсаттар белсенді және пассивті,творчестволық және репродуктивті,ұйымдастырушы және бұзушы болып бөлінеді.Мақсаттар жүйесі функцияларының төмендегілері маңызды деп саналуда: 1. Бағытталған. 2. Құрылым түзуші. 3. Пішін түзуші. 4. Жобалаушы. 5. Мән түзуші. 6. Жүйе түзуші. 7. Мобилизациялаушы. 8. Ынталандырушы 9. Гармониялаушы 10. Гуманистикалық немесе мінезі-құлықтық. Кез келген мақсат өз қызметінен белгілі бір нәтиже күтеді. Қызмет нәтижелері -ол адамның өз қызметі нәтижесінің соңында алынатынды айтады. Индивидтің алған өнімі қызмет мақсатына сай болуы да болмауыда мүмкін, бірақ мақсатқа жетпеген күннің өзінде қызмет өзін жалғастыра береді, өйткені педагогикалық қызмет нақты бір соңғы нәтижеден басқа да,мақсаты ұзақ уақыттан кейінгі бір нәтижені де көздеуі және алуы мүмкін. Педагогикалық мәселені шешуде педагог өзінің қызметінде нәтиженің үш түрін белгілеуі мүмкін. 1. Психологиялық. 2. Функционалдық 3. Серіктестік. Оқушылардың қызметін нәтижесіне қарай бес деңгейге жатқызуға болады: 1. Репродуктивті деңгей. 2. Адаптивті деңгей 3. Локальдық –модельдеуші деңгей 4. Жүйелі-моделдеуші деңгей.
|
|||
|