|
|||
Оқытушының педагогикалық позициясы.Оқытушының педагогикалық позициясы. Позиция (лат.positio- позиция)-жағдайдың бір нәрсеге көзқарасы, қатынасы; осы қатынасқа негізделген мінез-құлық, жүріс-тұрысы қимылы. Позиция дамушы білім беру болып көрінісін алуы мүмкін. Оның жетілгендігі көрініс қайшылықсыздықтарындағы бекемдіктің формаларындағы тұрақтылығымен анықталады. Позиция дегеніміз - тұлғаның басқа адамдармен салыстырғандағы нақты функционалды орны, анықталған құқығы және жауапкершілігі; әлеуметтік рөлі, басқа адамдармен арақатынас жасаудағы мінез-құлқы. Оны тұлғаның даму дәрежесінің көрсеткіші деп те қарастыруға болады, өйткені ол тұлғаның сезімі мен тұлғасын моральдық таңдауының негізіндегі бірлігін көрсетеді. Педагогикалық позиция-педагогтың студенттерге деген ойындағы орыны және студенттермен қарым-қатынасындағы кезіндегі мінез-құлықтың анықтаушы орны. Кәсіби позиция - күрделі тұлғалық құрылым, онда оқытушының өзінің оқу орнындағы педагогикалық процестегі рөлі мен орнына қатынасы айқындалады.Ол іс жүзінде педагогтың құндылық нұсқаулар жүйесін іске асырады, өзінің кәсіби қызметінің өзіндік құндылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Педагогикалық позиция өз кезегінде: «мен өзім студенттерге кім болам? Неліктен мен оларға барамын? Менің студенттерім мен үшін кім болады?» сұрақтарына жауап береді. Оқытушының педагогикалық позициясы оқытушының студенттермен қарым-қатынасындағы приоритеттер негізінде төмендегідей болып жіктеледі: Педагог-студенттер үшін қажетті және маңызды ақпарат көзі, позициясы. Оқытушы ақпаратты оның көзінен алуда және тасымалдауда белсенді, баяндауда бірізділік, ойға қонымды, қисынды, көрнекілілігі ерекше тиянақтылықпен ойластырылған болуына көңіл бөледі. Өзінің студенттері алдында жақсы баяндаушы ретінде көрінеді, бірақ әуестенудің нәтижесінде педагогтың назар, ілтипат орталығы студенттер емес оқу материалын ұсыну болып қалады. Оқытушының оқушыларға берілген материалы жеңіл, оңай меңгерілетін болып көрінеді, ал студенттер оны керісінше қабылдай алмайды. 1. Позиция «педагог-бақылаушы» 2. Позиция «педагог-қайырымды,мейірбан оқытушы» 3. Позиция «араласпаушылық» 4. Позиция-«педагог дос,жолдас,тәлімгер (ұстаз)» 5. Позиция «дистанциялық»Бұл позиция және бұдан кейінгілер оқытушымен студенттің тіке-көлбей қатынасында бір-бірінен қаншалықты қашықтықта екенін көрсетеді. 6. Деңгейлік позиция 7. Кинетикалық позиция 8. Ашық позиция 9. Жабық позиция Педагогтар типологиясы. Педагогтардың бірнеше типологиясы белгілі, бұлардың барлығы орта және жоғары оқу орнындағы оқытушылардың, жүріс-тұрыстық, мінез-құлықтық әрекеттер мен қимылдар жиынтығы болып табылады. Позициясына қарай типология да бірнеше түрге жіктеледі. 1. Педагог –бастық 2. Педагог-компьютер 3. Педагог-азапкер 4. Педагог-өрен-жаран,дос 5. Пьдесталсыз педагог
Педагогикалық ойлау мәдениеті Педагогтың кәсіби ойлауының күрделі құрылымды, өзіндік мазмұнды сапалы сипаттамасы болады. «Педагогикалық ойлау» термині екі қолданылады: біріншіден маманның кәсіби деңгейінің жоғарылығы туралы сөз болғанда, әсіресе ойлау қабілетінің ерекшелігі жөнінде сапалық жағына көңіл аударғанда, екіншіден,кәсіби қызметтің сипатына қарай ойлау қабілеті ерекшелігі, бұл жағдайда заттық аспектіге акцент жасалады. (Е.М.Рогов). Кәсіби ойлауды арнаулы білімдермен қорытылған (обобщенное), ортақтандырылған объектінің, процестің, педагогикалық немесе өндірістік жағдайлардың бейнеленуі деп қарастыруға болады. Педагогикалық ойлау - бұл педагогтың этикалық нұсқауларын, ғылыми білімін, педагогикалық технологияларды тұлғалық сапаларын білім беру - тәрбиелеу жұмысында тиімді қолданылатын ерекше практикалық және ойлау қызметі (А.А.Орлов) Педагогикалық ойлау үш принципке негізделеді: табиғилық бойынша, мәдениет бойынша және қосымшалық. Практикалық жағынан көру-алдын ала көру, қимылдау формуласы бойынша іске асырылады. Оқытушының педагогикалық ойлауы теориялық және практикалық болады. Теориялық ойлау жұмысы педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагогикалық принциптерді табу, оның стратегиялық заңдылығын жасап шығару. Практикалық ойлау конкретті педагогтық мәселелерді шешуге бағытталған. Педагогикалық ойлау логикасының өзіндік ерекшеліктері бар: ол таным мен қызметті байланыстыруға бағытталады, өйткені педагогикалық жағдай іс-жүзінде оқытушыдан білім беру мен тәрбиелеудің,жалпы мәселелерінің шешімін іздеуге және табылған шешімдерді жеке тұлға да қолдануды талап етеді. Теориялық және практикалық ойлаудың байланысы оқытушы қызметінің тек логикасында ғана емес,сонымен қатар педагогтың байқалатын педагогикалық интуицияда да көрініс алады.Ол оқытушының тәжірибесінің,білімінің жинақталуында және оларды жаңа кенеттен пайда болатын мәселелерді шешуде қолдануға дайындық болады. Педагогикалық міндет жүйе түзу арқылы білім беру тәрбиелеудің жалпы перспективасын болашағын айқындайды, оқытушыны шығармашылық ойлауға,жаңа мәселелердішешудің жолдарын іздестіругеитермелейді.Шешім қабылдау процесі педагогикалық шешімдердің ішінде оқытушы қызметіндегі орталық шешім,көбінесе оның педагогикалық ойлау деңгейінің даму дәрежесіне байланысты болып табылады. (Ю.Н.Кулюткин) Педагогикалық ойлауды үш категориялық деңгейге бөледі: 1. Бастаушы немесе жетектеуші идеялар деңгейі; 2. Конструкторлық-әдістемелік сызба; 3. Сызбаның деректі іске асырылу деңгейі. Ойлау педагогикалық қызметтің әртүрлі буынына кіргізілген, сондықтан оқушының қимылы менрефлекциясы мазмұны болып табылады. Педагогикалық ойлаудың әр тектілігі педагогтан белгілі мәдениет пен дағдыны талап етеді. Оқытушы өзінің ойлау процесінің рефлекциясын, сынау мен жобалауы хатталған ойлауы педагогикалық ойлау мәдениетінде көрініс табады. Педагогикалық қызметтің творчестволыққа белгілі шамада әсерінің төрт мотивінің пайда болуы көрсетілген. (О.М.Красноярцев) 1. Егер ақаулықтар,қиындықтар пайда болса ,болып жатқанның себептерін түсіндіру үшін және педагогикалық қызметтің өз арнасына қайтарылуы үшін ойлау пайда болады.Педагог оқу жоспарда көрсетілген бойынша,сабақты жоспар бойынша өткізуге ұмтылады. 2. Педагогикалық монотондықтан шығу педагогтың өз еркімен мотиві болуы мүмкін. 3. Оқытушының моральдық және кәсіби құндылықтары творчетвалық ойлауының мотиві болуы.Бұл жағдайда бұл құндылықтар оқытушының және оқушылардың кәсіби дамуына әсер етеді. 4. Педагогтың өзімен қойылмаған міндетті орындау үшін қойылған мәселенішешу мотив түрінде болуы. Ойлаудың қалыптасқаны туралы айтқанда ғылыми стильде ойлаудың белгілерін анықтаған жөн, өйткені ол оқытушының маңызды көрсеткішіболатын мәдениеті мен шеберлігін анықтайды. 1. Ойлаудың жүйелілігі; 2. Ойлаудың детерменизмі; 3. Ойлаудың ықтималдығы; 4. Ойлаудың нақтылығы; 5. Ойлаудың перспективасы; 6. Ойлаудың үнемділігі; 7. Ойлаудың рефлектіктілігі-өз қимылын,өз қызметін сырттан қараушы көз,мысалы,оқушы көзімен көру; 8. Ойлаудың эвристикасы-гипотезаларды қоя білу,түрлі крийтерилерді қолдану арқылы альтернативаларды сүзе білу,ақпараты күшейту,қорытынды жасай білу қабілеттері (Л.Ф.Спирин)
|
|||
|