Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Педагогикалық рефлексия



                                  2.4.Педагогикалық рефлексия

Рефлекция ұғымы ғылымға Декарттың есімімен енген.Ол адам миының бейнелеуші қасиетін талдаған. Рефлекция - Сократпен Платонның жазған және қолданған ойлау функциясының ір формасы. Бұрынғылардың, адам парасатының жұмысшы аспабы.

Рефлексия - толғану, өзін бақылау, өзін зерттеу. Өзінің ішкі дүниесі, психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті.

  Қазіргі ғылымда рефлекция - құбылыстар мен заттарды танудың объективті бағалау, сапалы талдаудың әмбебап талдаудың әмбебап әдісі.

  Рефлексия педагогикалық қызмет барысында педагогтың әлдеқайда алғыр, икемді болуын, өз ойларын тиімді іске асыруға, басқа адамдармен корпоративті қатынастар түзуге, өз қызметіне қажетті өзгерістерді енгізуге көмекші болады.

Рефлексия творчестволық мәселелерді тиімді шешудің бір механизмі болғандықтан, оның көмегімен адамда адекватты емес мінезді,жаңа тиімдіге өзгертуге мүмкіндік береді.

Социомәдени феномен болғандықтан рефлексия кәсіби руханилықты қалыптастырудың құралы болып табылады.

Педагогикалық рефлексия педагог қызметінің құрылымына кіре отырып ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ал таным тұрғысынан ғылыми рефлексия, философиялық және элементарлы болып ажыратылады.

1. Ғылыми таным әдістері негізінде териялық ғылымды сынаумен талдау

2. Адам мәдениетінің болмысы мен ойлауын тану және сезу

Педагогикалық рефлексия тәрбие және білім беру құбылысы ретінде онтология, яғни пәндік ғылымдар мазмұнына –педагогикаға және педагог өзінің қызметі мен өзіне қатынасын көрсететін, анықтайтын субъект болғандықтан психология салаларына жіктеледі.

   Рефлексия - бұл педагогикалық кәсіби талап ететін үлкен ішкі дүниенің жұмысы, өзімен өзінің «Мен» мүмкіндігі арасындағы қатынас.

    Бірақ рефлекция - кәсіби қасиеттердің бар немесе жоқ екенін, ойлау немесе айту ғана емес, сонымен қатар олардың дамуын, байуын, күшейтуін қолдау болып табылады.

Педагогикалық қызметті атқаруға дайындық компоненеттері ретіндегі кейбір ерекшеліктері бөліп көрсетілген (В.А.Сластенин):

Ø Психологиялық дайындық,яғни оқу тәрби жұмысында оқытушының әртүрлі кәсіби қызметіндегі белгілі бағыттың болуы;

Ø Ғылыми-теориялық дайындық,яғни педагогта рефлекцияға қажетті ғылыми-теориялық,психология-педагогикалық,арнаулы білімдердің болуы;

Ø Практикалық дайындық,яғни педагогтың кәсіби әртүрлі қызметін іске асыру үщін қажетті практикалық шеберлік пен дағдысының болуы.

Педагогикалық рефлексия механизмінің ерекшелігі оның екі деңгейлігінде:пәндік деңгей - ол әрекет, қимыл образы; тұлғалық-әлеуметтік-психологиялық сфераны қамтиды.

Рефлексия типтері:

1. Тұлғалық-мазмұндық;

2. Кооперативті;

3. Коммуникатиті;

4. Интеллектуалды.

   Рефлексияның барлық типтерінің іскеасырылуы үшін рефлексивті дағды қажет,ол-өз қызметінде өзінің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып,өзінің психикалық күйін адекватты бағалай білу,сонымен қатар оқушы тұлғаның әр жақты тану және жан-жақты адекватты қабылдай білу.

   Сонымен, педагогикалық рефлекция педагогтың кәсіби құнды позитивті бағытын ынталандырады, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту жолдарын іздестіруге бағыттайды, жөнелтіледі, педагог пен студенттің тұлғасының творчестволық ашылуына себеп болады. Педагог рефлекцияны тәрбиеленуші тұлғаға зорлық көрсетуге педагогпен студенттің санасымен манипу-ляция жасауға жол бермейді

Педагогикалық этикалық методологиялық негіздері

Педагогтың кәсіби мәдениеті, оның кәсіби портреті ұнамды қасиеттердің бай спектірінің болуын ұйғарады, олардың ішінде орталықтағысы өнегелік қасиеттері, оқушыларға деген сүйіспешілік, олармен ортақ тіл табыса білу, ынтымақтасу, жақсы қатынаста болу, әділ,ұятты болу. Бұл-педагогтың өнегелігінің, мәдениетінің негізі, ал ол субъект-субъект қатынасының іргетасын қалау, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қатынастың берік орнауына, сондықтан да педагогтың педагогикалық этиканың негіздерін білу қажеттігі айқындалады.

    Этика-мораль туралы ілім, мінез-құлық,олардың нормалары мен философиялық пән ретінде қоғамдағы топтың мінез-құлықтық және жүріс-тұрыс нормаларының жиынтық жүйесі.

   Мораль-салт, дәстүр, сән, мінез-құлық, тұлғаның өз құндылығын бекіттіруіне бағытталған қоғамдық категория.

   Мораль, дүниеге қатынастың нормативті-құндылықтар формасы түрінде, адамның рухани-практикалық қызметі нәтижесінде қалыптасуын және оны ерекше түрде аңғарылуын қамтамасыз етеді.

   Мінез-құлықтық қатынастар-адамдардың мінез-құлықтық қызметі нәтижесінде пайда болатын байланыстар мен байланыстылықтар жиынтығынан мінез-құлықтық таңдаудың негізінде жасалған әлеуметтік қатынастардың түрі.

Моральды деп саналатын қоғамдық көріністер мына элементтерден тұрады:мінез-құлықтық нормалар, қасиеттер, принциптер, тұлғалық идеалар мен үлгілер.

  Моральдық нормалар - бір типті іс-қимылдарда адам мінезін реттейтін жалпылама ережелер мен тыйымдардың, мінез-құлықтық талаптардың формасы.

  Моральдық нормалар моральдық қатынастардың да элементі және моральдық сана формасы түрінде көрініс береді.

    Моральдық сананың ең маңызды фунуциялық көрінісі ретінде құндылық бағдары айқындалады,өйткені ол адамның психикасының барлық деңгейін қамтиды.

Құндылықтар - бұл адам үшін мағыналы, мағызды материалдық немесе идеалдық объектілер.

Құндылықтар практикалық-рухани, жоғары, өзгермейтін болып бөлінеді (А.А.Гусейнов,Л.Г.Апресян)

Сонымен, мінез-құлық, мораль, өнегелік дегеніміз - базалаушы құндылықтар категориясында шындықты байқатудың ерекше формасы.

   Педагогикалық этиканың маңыздылық сипаттамасы

Кез келген кәсіп нақты әлеуметтік функцияны алдын-ала болжайды, соныменен оның басқа кәсіптер топтары арасындағы қарым-қатынастары жүйесін анықтап, оларда өзі туралы белгілі ой қалыптастырады. Сондықтан педагогикалық кәсіби қызмет туралы айтқанда педагогикалық этика ұғымы қолданылады. Ол педагогикалық процестегі моральдық функциялардың ерекшелігін көрсетеді.

  Моральдық функциясы. Педагогикалық мораль моральдың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағылыстырушы немесе гуманистикалық болып жүктеледі

  Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл аударған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және оқытушының сенімі құрайды.

  Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой, ар-намыс, әділдік, адалдық.

Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі үш аксиомадан тұрады:

1. Педагогтың студенттерге сый-құрмет,қошеметпен қарауы;

2. Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті;

3. Студент білмеуге құқығы бар.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.