|
|||
Тұлғалық-кәсіби сапалар, педагогикалық білім, оқытушының кәсіби біліктілігі мен дағдысы.Тұлғалық-кәсіби сапалар, педагогикалық білім, оқытушының кәсіби біліктілігі мен дағдысы. Әрбір педагогтың кәсіби қызметі оның басқа түрлері мен бірлігі,педагогтың абстрактілік моделінің негізі болатын мотиві мен бағытталуында.онда тұлғалық кәсіби сапалары интеграцияланып, педагогтың жоғары мәдениеті мен шеберлігінің бірігуі арқасында жақсы нәтижелерге жете алады. Қазіргі заманғы оқытушы тұлғасы оның эрудициясымен, жоғары деңгейлі мәдениетімен анықталады, өйткені, біріншіден, оның өзі студенттер үшін ғылыми –мәдениеттік ақпарат көзі, екіншіден, кәсіби компоненттілігімен әр түрлі ақпарат көздерімен педагогтың үнемі жәнеұдайы жаңартуы керек, үшіншіден, педагог өз студенттерімен оқушыларына үнемі мінез-құлық әсер етеді әрі оның тиімділігі педагогтың мәдениеті мен мінез-құлық деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Оның көрсеткіші ретінде интеллектуалдық сапалар: педагогикалық ілтипаттылық, аңғарғыштық, ұғымталдық, иілгіштік, қайраттылық, батылдылық, біртумалық, сынаушылық, айқындылық, ақиқат, түсініктілік, логикалылық, педагогикалық білуге құмарлық айқындалған. Жоғары деңгейдегі кәсіпкер оқытатын пәні бойынша және оған жақын пәндер бойынша ойы терең әрі жан-жақты хабардар болуы керек. Эмпатия-эмоционалдық-өнегелік сана, онсыз мейірімді педагог болуы мүмкін емес. Бұл қасиеттің барлық мазмұнды жақтарын қарастыра келе, қарсы алдындағы адамның қиындығына, қайғысына, проблемасына онымен бірге уайымдау, мазасыздану арқылы, сол адамның көзқарасымен дүниені көруі сияқты, яғни бұл дүниені оның көзімен көру қабілеті екенін басып айту қажет. Бұл басқа адамның сезімімен таңдануына және сол туралы оған айту қабілеттілігі болып табылады. Тұлғалық-кәсіби маңызды қасиеттің бірі толеранттылық болып табылады, ол оқытушы мен студенттер арасында сүйкімсіз, ұнамсыз қылықтар немесе өрескел мінезін, студенттің жеке қасиетіне байланысты теріс қылықтарды шыдамдылықпен, төзімділікпен қабылдау арқылы сипатталады. Толеранттылық келесі аспектілерде байқалады: Ø Басқаның ой-пікірін өзімдікі деп қабылдап,оның логикасын меңгеру; Ø Басқаның ой-пікірінен оң.позитивті пайдалы сәттерін бөліп алу әрі оның өз ой пікірінен ерекше екенін сезіну; Ø Өз ойын басқаның пікіріне қарап түзету және өз ойының күшті жақтарын мақұлдау; Ø Өзінің және басқаның ойындағы артықшылықтарды іздеу,оларды мойындау; Ø Басқаның пікірінің де құқығы бар екенін мойындай білу және бұған ішіндегі қарама-қайшылықты тойтара білу. Оқытушының ажырамайтын кәсіби қасиеті - адалдығы, әділдігі - объективтілігімен ассоцияланады. Барлық тұлғалық - кәсіби қасиеттер оқытушының шеберлігімен педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші болуы үшін оның көлемді білімі мен кәсіби икемі және машық дағдысының болуы шарт. Әрбір нақты қызмет белгілі бір білім жиынтығымен анықталады,йткені білім-сапаның ядросы. Ол ядроның беріктігі,сенімділігі.мықымдылығы,белсенділігі мен тиімділігі, ол білімнің қандай екеніне,яғни кәдімгі немесе ғылыми,пәндік (заттық) немесе жүйелі болуына байланысты. Педагогикалық ептілікте шеберлік педагогика-психологиялық білім мақсатына, принциптеріне және тәрбиелеу мен оқытудың маңызын, сонымен бірге педагогикалық процесті ұйымдастыру туралы туралы білім беруді ұйымдастыру қарастырылып іске асырылады. Педагогикалық ептілікте (шеберлік) проблемаларына зерттеудің туындау қажеттілігі: біріншіден, педагогикалық қызметтің әртүрлі компоненттерін құрайды: ұйымдастырушы, коммуникативті, гностикалық, коммуникативті бұлардың әрқайсысы өзіне сәйкес ептілік тізімінен тұрады. Екіншіден, қызметтің жемісті (ойдағыдай) іске асуы үшін белгілі ептілік кәсіби ептіліктерін талап етеді. Ептіліктің қалыптасыуның бес кезеңін шартты түрде бөліп қарастырады: 1. Алғашқы ептілі: 2. Жеткіліксіз қызметтік ептілік; 3. Кейбір жалпы ептілік; 4. Жоғары дамыған ептілік; 5. Шеберлік;
Оқытушы қызметіндегі жеке педагогикалық стиль Кәсіпкер-педагогта (профессионал) жарқындық, біртумалық, қайталанбаушылық әрқашан оның қызметіндегі стилінде аңғарылады. Стиль-көркем мәнерлілік, творчестволық әдіспен, идеялық-көркемдік мазмұнның біртұтастығымен сипатталатын бейнелер жүйесінің қауымдастығы. Стильдердің бірнеше түрі белгілі, бірақ олардың жіктелуінде негізгі төрт келіс әдістеме бөлініп қарастырылады 1. Тұлғалық 2. Тәрбиелік,мінез-құлықтық 3. Құрылымдық-қызметтік 4. Кешендік Педагогикалық қызметтің дараланған стилі туралы айтқанда оның динамикалық, ашық. Өздігінше дамушы жүйе екенін, ал ол нәтижелерді болжауға, өзгертуге, қызметті педагогикалық позицияға қарай корректілеушінің даму принциптерін педагогикалық бағытталған ойлау жүйесіне сай бөліп қарастыру қажет. Педагогикалық қызметтің даралық стилінің төменде келтірілген даму принциптері белгілі: 1. Өзін сақтау және үздіксіздік принципі 2. Кері байланым принципі 3. Конструктивизм принципі 4. Инерция принципі 5. Иілімділік принципі 6. Нормативті және иілгіштік принципі 7. Ортаның әлуетін тиімді пайдалану принципі 8. Ашықтылық принципі 9. Этика-мәдени даму принципі 10. Полисубъектілік принципі 11. Тәуелділік принципі
|
|||
|