|
|||||||
В гепатитінің таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.В гепатитінің таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Таксономиясы. Тұқымдастыгы: Нераdnaviridae Туыстастыгы: Огthohepadnavirus (адамдардың В гепатитіне вирусы) Аvihepadnavirus (үйректердің В гепатит вирусы) Түрі - Нераdnavirus В Гепатит В-қан арқылы және қанмен жанасу (контакт) механизмімен берілетін, бауыр зақымданып,жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Гепатит В вирусының антигендерін 1964 жылы Б.Блюмберг Австралияның жергілікті тұрғындары- аборигендердің қан сарысуынан тапқан. В гепатит вирусын алғашқы рет Д.Дейн (1970 ж.) Гепатит В вирусының вирионы сфера пішінді, диаметрі 42 нм.Вирионның жүрекшесі - нуклеокапсид, икосаэдр пішінді, 180 капсомерлерден тұрады (НВс-антиген). Айналасы сыртқы липопро- теинді қабықшамен қоршалған (суперкапсид-НВз антиген). Вирионның құрамына ДНҚ, ақуыздар,липидтер, ферменттер және көмірсулар кіреді. Жүрекшенің ішінде ДНҚ, ДНҚ-полимераза және ақуыз орналасқан (НВе-антиген). Антигендері. Гепатит В вирусының құрамында 4 антиген табылған: НВз, НВс, НВе, НВх. НВ» (австралиялық антиген, немесе беткейлік) антиген қан құрамында табылады. Вирустың суперкапсидінде НВз антиген орналасады. НВс-жүрекшелік антиген. Ол гепатоциттер ядросында орналасқан вирионның жүрекшесінің құрамына кіреді (нуклеокапсид болып табылады) және қанға тұспейді, яғни бос күйінде қанда табылмайды. Бұл антиген вирустың гепатоциттерде репликациялана басталғанын көрсетеді. НВе-антиген де жүрекшелік антиген. НВх - антигеннің гепатоцитгердің қатерлі ісіктік трансформациялануына қатысы бар. Қан сарысуында ДНҚ вирустың басқа антигендерімен қатар бір мезгілде пайда болады. Ауру басталғаннан кейін екінші аптаның басында қан айналымына жайыла бастайды. Ұзақ уақыт персистенциялануы індеттің созылмалы тұрге айналғанын дәлелдейді. Жедел В гепатит диагнозын қоюда ДНҚ —н анықтау сирек пайдаланылады. В гепатит патогенезінің негізгі кезеңдері төмендегідей: - гематогендік диссиминациялану, вирустардың бауырға енуі; - паренхиматоздық фаза (гепатоциттердің зақымдануы); - вирус геномының гепатоцит геномына интеграциялануы, вирустың перматенциялануы; - антиденелер титрының артуы, иммундық кешендердің пайда болуы; - аутоиммунды кешендердің цитотоксикалық әсер етуі. Т-хелперлердің басылып қалуы (жедел ағымда өтуі) және Т-супрессорлардың басылып тасталуы (созылмалы ағымда өтуі).
| |||||||
|
|||||||
|