Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бруцеллез қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.



Бруцеллез қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.

Таксономиясы. Тұқымдастығы:brucellacea

Туыстастығы:brucella

Түрлері:Brucella melitensis, brucella abortus, brucella suis, brucella canis, brucella ovis, brucella neotomae.

Морфологиясы және тинтериалдық қасиеттері .Бруцелла ұсақ грамм теріс, сопақша пішінді таяқшалар. Спора түзбейді,талшыұтар және капсулалары жоқ.Спецификалық бактериофаг немесе құрамында 10 процент иммундық сарысуы бар ортада өскенде нәзік капсула түзеді. Морфологиялық қасиеті бойынша бруцеллалардың 6 түріннбір-бірінен ажырата алмайды, ал жағындыда ретсіз шашырап орналасады.

Антигендік қасиеттері: бруцеллалардың О – антигендері бойынша бірнеше түрі бар, негізгі беткейлік антигендері-А және М. Бұл антигендердің түрге байланысты арнайылығы бар; Brucella melitensis-тің М антигені басым. Ал brucella abortus және brucella suis-те А антигені артығырақ болады. Бруцеллаларда термостабильді Vi-антиген анықталған.

Патогенді факторлары: Бруцеллалар жоғарғы инвазиялық қасиетке ие, эндотоксин және агрессия ферменттеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың адгезиялық қасиеттері сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты. Осымен қатар бруцеллалар аллергендік қасиетке ие.

 

 

Ауруханаішілік инфекция қоздырғышының таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз (стафилококк мысалында).

Токсономиясы:

Тұқымдасы:Micrococcaceae

Туысы: Stahylococcus

Түрі: S.aureus, S. Epidermidis.S. saprophyticus

Морфологиясы:Стафилококктардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықгары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протейінімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. S.аurеus-тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардың ІgG Fс-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді.

Ферменттік қасиеті. Биохимиялық белсенділігі жоғары: көптеген штамдары глюкозасы бар ортада ацетоин түзеді (Фогес-Проскауэр реакциясы оң), аммиак бөледі, нитраттарды нитритке немесе азотқа йінқалыпқа келтіреді, ақуыздарды, гиппуратты, майларды және твиндерді гидролиздейді. Тек Stарhу1о- сus туыстастығына тән қасиет - анаэробты жағдайда глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы, филококтардың микрококтардан айырмашылығы болып келеді.

Антигендік қасиеті. Стафилококтардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі. Түрлік арнайы антигені тейхой қышқылдарымен байланысты: S.аurеus-те - рибитолтейхой қышқылы, S.еріdermіdіs-те- глицеролтейхой қышқылы, S.sарrорhуtісus-та тейхой қышқылының екі түрі де анықталады. А протейін IgG молекуласының Fс фрагментіментығыз байланысады. Иммундыглобулиннің Fаb фрагменті бос болып еді және спецификалық антигенмен байланысуы мүмкін. Осыған байланысты А протеин диагностикалық әдісте (коаглютинация) қолданылады.

Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококтардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.

Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия ферменттері таза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолоизин, в лактамаза, гемолизин- в, г, ө) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының токсині, энтеротоксиндер А, В, С, D, Е, F) (14.2,-кесте). Стафилококтар өте бейімделгіш болып келеді: ибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг комегімен жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар өте маңызды рөл атқарады. R-плазмидалар бір немесе рнеше антибиотиктерге тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетта-лактамаза ферментін бөліп бетта-лактамды қатарға жататын антибиотиктерді бұзады.

 


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.