|
|||||||
Сібір жарасының таксономиясын анықтаңыз, олардың құрылымдық, тинкториалды қасиеттерін сипаттап жазыңыз.Сібір жарасының таксономиясын анықтаңыз, олардың құрылымдық, тинкториалды қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Жауабы: Тұқымдастығы: Bacillaceaceae Туыстастығы: Bacillus Түрі: Bacillus anthracis Морфологиясы: тізбектеліп орналасқан грам оң, ірі, қозғалмайтын, спора түзетін таяқшалар, спорасы таяқша ортасында орналасқан, иесінің ағзасында қоздырғыш капсула түзеді. Дақылдық қасиеті: Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі. T= 34-370C. pH=7,2-7,5. ЕПА, Хотингер агарында ірі, кедір-бұдыр, шеттері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар, R-пішінді колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортада мақта түйіршігі тәрізді өседі. | |||||||
Туляремия қоздырғышының таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз. Жауабы: Тұқымдастығы: Francisella Түрі: Francisellatularensis Морфологиясы:ұсақ, грам теріс, талшықтары жоқ, спора түзбейді, капсула тәрізді шырышты жабыны бар аэроб.Дақылдық қасиеті: қарапайым қоректік ортада өспейді, дефибриндерген қан, сарысу, сарыуыз немесе цистин, тиамин, глюкоза қосылған қоектік ортада өседі. Тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында жақсы өседі. T= 37-380C, pH=6,8-7,4. Домалақ майда, ақшыл колониялар түзеді. | |||||||
А гепатитінің таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Жауабы: Тұқымдастығы- Picornaviridae Туыстастығы- Hepatovirus Түрі- Hepatovirus A Құрылымы. Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ вирустар тобына жатады. Геномы сегменттелмеген +РНҚ молекуласынан тұрады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздардан (VP-1-4) тұратын капсомерлерден құрылған, куб типтес симметриялы. Суперкапсиді жоқ. Антигендік құрылымы-гепатит А вирусы бір антигендік типтен тұрады (HA-aнтиген). Резитенттілігі. Гепатит А вирусы сыртқы орта жағдайына төзімді, 210 С- та бірнеше апта бойы сақталады, 850 С-та белсенділігін толық жояды. Төменгі температурада жақсы сақталады. Хлордың әсеріне төзімді, сондықтан тазартылған ауыз суларда сақталу қабілеттілігі бар. Формалиннің және УКС әсеріне сезімтал. | |||||||
|
|||||||
|