Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Клебсиелла таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.



Клебсиелла таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз.

Таксономиясы.

Түцымдастыгы: Еntеrоbасtеrіасеае Туыстастыгы: Кlеbsіеllа

Түрі: Кlеbsіеllа рnеumоnіае, К.охуtоса, К.mоbіlіs, К.ріаntісоlа, К.tеrrіgеnа

Адамға патогенді түрі Кlеbsіеllа рnеumоnіае, үш түрастына бөледі: Кlеbsіеllа рnеumоnіае subsp. рnеumоnіае, Кlеbsіеllа рnеumоnіае subsр. оzаеnае, Кlеbsіеllа рnеumоnіае subsр. rhіnоsсlеrоmаtіs. Соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері аньіқгалған (К.охуtоса, К.mоbіlіs, К.ріаntісоlа, К.tеrrіgеnа), олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытга кездеседі. Кlеbsіеllа рnеumоnіае - ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Морфологиясы. Клебсиеллалар - ғрам теріс, шетгері жұмырланған, қысқа таяқшалар, мөлшері ( құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі - капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе қалын полисахаридті капсуласын көруге болады. Жағындыда бір-бірігуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады. Биохимиялық белсенділігі (14.8-кесте). Клебсиеллалар көмірсуларды ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді ыдыратпайды, индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалық белсенділігі бар, сүтті ірітпейді. Антигендік қүрылымы. Клебсиеллалардың О- және К-антигендері бар. О-антигендері бойынша 11 серологиялық топтары анықталған, К-антигендері бойынша - 82. Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын анықтауы К-антигендерін ажыратуымен шектеледі. Кейбір клебсиеллалардың К-антигендері эшерихиялардың және салмонеллалардың К-антигендеріне туыстас болып келеді.

Патогенділік факторлары. Клебсиеллалардың негізгі патогенділік факторлары К-антиген (фагоцитозды тежейді) және эндотоксин. Сонымен қатар, термолабилді және термостабилді энтеротоксин түзеді, әсер ету механизмі мен ақуыздар құрылысы бойынша энтеротоксигенді ішек таяқшасының токсиніне ұқсас келеді. Клебсиеллалардың адгезивтік қасиеті жоғары (маннозаресзистентті фимбриялар). Вирулентгік ферменттер түзеді: ДНҚаза, нейраминидаза, фосфатаза.

 

 
Протей таксономиясын, морфологиялық, боялу, биохимиялық, антигендік қасиеттері мен патогенді факторларын сипаттаңыз. Жауабы: Протейлердің биологиялық қасиеттері. Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады оның ішіне 3 түр кіреді. P.vulgaris P.mirabilis адамдар үшін патогенді болып табылады, олар іріңді-қабыну процесстерін және тағам токсикоинфекцияларын шақырада. Барлық Proteus туыстығының өкілдері Грам теріс, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, спора және капсула түзбейді, перетрихтан тұрады. Полиморфизмге бейім, кокк және жіп тәріздестері де кездеседі. Қозғалмайтын талшықсыз түрлері де кездеседі (О -формасы). Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 20°С дан 38°С дейін, оптимумы 37°С рН 7,2-7,4, 42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да Н-формасы (талшықты) көкшіл-түтін түстес, нәзік жабынды болып, жайылып өседі (қазылу феномені). Бұл феноменді Шукевич әдісінде қолданады (егіндіні конденсантты суы бар қиғаш ЕПА-ға еккенде жайылған жабынды кетеріліп тұрады). О-формасы ЕПА шеттері тегіс үлкендеу колония түзеді. ЕПС - да диффузды лайланып, бетінде нәзік қабықша пайда болып, қою, ақ тұнба түзбейді. О-формасы өт қышқылы бар: 0,1-0,2% карболқышқылы, 5-6 % этанол, бояғыштар, дегергенттер Плоскирев ортасында өседі. Мұнда мөлдір, нәзік, жылтыр, өзіне тән иісі бар, колониялар түзбейді. Біраз уақыттан соң колониялар лайсаңданып, ортасы сұр-қаралау болып келеді. О-формалы протейлердің колониялары сальмонеллалардың колонияларына ұқсас, ол идентификацияны күрделендіреді. Протейлер глюкозаны қышқылға және аз мөлшерде тұз түзе отырып ферменттейді. Лактозаны ферменттемейді, уреаза мен фениланинминазаны күкіртсутегін түзеді. Желатинді ыдыратады. Түрлерді арнайы тест арқылы анықтайды Протейлерде О-және Н-антигендер болады. Жасуша қабырғасының ЛПҚ (С)-негізгі патогенді факторы, эндотоксин болып табылады. Табиғатта кең таралған. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты. Аурухана инфекцияларына жатады. Протейлер адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін, көбінесе тағам токсикоинфекциясы тәрізді өтеді, ал басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қосылса: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит шақырады. Аурудың ауырлығы ағзаға түскен протейлердің мөлшеріне байланысты.

Туберкулез кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз. Жауабы: Туберкулезге зертханалық диагноз қою микробиологиялық әдістеріге сүйенеді, ол жарықтық және люминесценттік микроскопта зерттеу; бактериологиялық немесе дақылдық әдіс, биологиялық әдіс. Оған қоса микробтың өсуін анықтайтын радиометрикалық әдіс, ПТР қолданылады. Зерттеуге алынған материалды қақпағы тығыз бұралып жабылатын стерильді контейнерлерге жинайды. Ол қақырық, аспират, бронх пен асқазанның шайындысы, экссудаттар, операциядан кейінгі материалдар болуы мүмкін. Материалды зертханаға жеткізу кезінде күн сәулесінен, ыстықтан қорғау керек. 48 сағаттың ішінде зертханаға материал жеткізілсе оған консерванттар қажет емес. Туберкулезбен біріншілік жұқтырылғандарды туберкулинмен қойылған реакция нәтижесі терістен оңға айналған кезде (туберкулиндік сезімталдық «виражы») қорытынды диагноз қоюды бастайды. Бактериологиялық әдіс.Дақылдық әдіс микроскопиялық тәсілге қарағанда жоғары сезімталдықпен сипатталады. Таза дақыл бөліп алу үшін 1 мл зерттеу затында 20-100 микроб саны болса жетекілікті. Патологиялық заттан Левенштейн-Йенсен, Финн-2 қоректі орталарына себінді жасайда, бір сепкенде құрамы әр түрлі 2-3 қоректік орталарға себінді жасайда, сонда микобактериялардың өсіп шығуы ықтимал. M.tuberculosis-тің таза дақылын бөліп алғуға 3-8 апта уақыт кетеді. Алынған таза дақылдың биохимиалық қасиетін зерттеп, идентификациялап, антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. M. tuberculosis complex идентификациялағанда биохимиялық негізгі тесттерді қояды: ниацин тест (никотин қышқылын бөлу қабілеті); нитратредуктазасын анықтайды; термостабильді каталазасын анықтайды; натрий салицин қышқылымен өсуін байқайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.