Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Көк іріңді таяқшаның таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



Көк іріңді таяқшаның таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.

Жауабы: Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалар. Көк-іріңді таяқшалардың биологиялық қасиеттері. Pseudomonas туыстығы, Pseudomonadaceae тұқымдасына жатады оның ішіне 20 астам түр кіреді. Кейбір түрлері топырақпен судың табиғи мекендеушілері болғандықтан табиғаттағы зат айналуына қатысады, басқалары адамдардың, жануарлалардың және өсімдіктердің ауруларын шақырада. Зерттеулердің нәтижелері бойынша көк-іріңді таяқшадан - Pseudomonas aeruginosa (1862 жылы А. Люкке ашқан, 1872 жылы Дж. Шрегер бөліп алып сипаттама берген) басқа бір қатар псевдомонадалар адамдар үшін патогенді болып табылады (P. putida, P. fluorescens, P. cepacia тағы басқалар). P. aeruginosaға келесі белгілер тән: Грам теріс, тіке немесе сәл иілген, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, барлық анилин бояғыштармен боялады. Жұғындыларда бір-бірлеп, жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасады. Әдетте қозғалмайды (монотрих немесе лофотрих). Спора және капсула түзбейді, бірақ ол бактериальды жасушаны қоршап тұратын шырын бөледі. Көк-іріңді таяқша аэроб, хемаорганотроф, өсу температурасы 6°С дан 45°С дейін, рН диапазоны 4,5-9,9. оптимумы 37°С, рН 7,2-7,5 , 42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да, ЕПС-да жақсы өседі. Сорпада бір тәуліктің ішінде көк-іріңді таяқшалар бірқалыпты лайланып, бетінде сұр қабықша пайда болып, тұнба түзбейді. ЕПА-да бір тәулікте үлкендеу (3-5 мм) жартылай мөлдір, сұр түсті өзіне тән (жасмин)иісі бар колониялар түзбейді. Колониялалардың шеттері тегіс, ортасы қаралау болып келеді. Көк-іріңді таяқша, бір тәуліктен кейін дақылдың көк-жасыл түске боялып, пигменттің (пиоциынин) қоректік ортаға сіңуі тән. P. aeruginosa мен қатар P. putida, P. fluorescens жасылдау түспен шағылысатын сарғыш пигмент түзбейді. Кейбір штаммдар қызыл (пиорубин) немесе қоңыр-қара (пиомелынин) пигменттер түзбейді. Көк-іріңді таяқшалар әлсіз кантты ыдыратушы қасиетке ие: қалыпты жағдайда газсыз, қышқылға дейін глюкозаны ыдыратады. Айқын протеолитикалық қасиеттері болады: желатинді және қанды сарысуды ыдыратады, казеинді гидролиздейді. Нитраттарды нитриттерге дейін, сонан соң азотқа дейін тотықсыздандырады. Индол және H2S түзбейді, теріс Фогес-Плоскауэр реакциясын көрсетеді. Оксидаза сынағы төмен болып табылады. Көк-іріңді таяқшада О-, Н-, М-антигендері болады. Патогенді факторлары О-антигені болып табылады. Жасуша қабырғасының липополисахариді, оның әсер ету механизмі басқа Грам теріс бактерияларға ұқсас. Басқа псевдомонадалар әр түрлі экзотоксиндер өндіреді: гемотоксин, лейкоцидин, гистотоксин, энтеротоксин. Экзотоксиндердің ішіндегі ең маңыздысы – экзотоксин А, олар рибосомадағы ақ уыз түзілуінің бүзылуына алып келеді. Көк-іріңді таяқшалар, оның патогенді қасиеттерін күшейтетін бір қатар ферменттер өндіреді: дәнекер жасушаларды бұзып, қоздырғыштың таралып кетуіне алып келетін коллагеназа; комплемент жұйесінің тежелуіне алып келетін протеаза; лецитиназа, нейраминидаза т.б. Псевдомонадалар табиғатта кең таралған, олар суда, топырақта, жануарлар мен адамдардың ішегінде, терісінде, шырышты қабатында мекендейді. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты (УК-сәулесі, дезерітінділер, температура т.б.). Қоршаған ортадан ағзаға қарым-қатыңас арқылы түседі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.