Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Йерсиниоздың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



Паротит кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Микробиологиялық диагностиканы сипаттаңыз .

Жауабы: Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: сілекей, жұлын сұйықтығы, ликвор, несеп, қан сарысуы. Вирусологиялық әдіс (индикациялау): біріншілік жасуша дақылдарына (синцитиялар пайда болады) және тауық эмбриондарына (ГАР-мен анықталады) жұқтыру қолданылады.

Серологиялық диагноз қою: ИФТ, КБР, ГАТР (науқастан алынған қос сарысулармен қойылады) Экспресс диагноз қою: ИФР

Емдеуі. спецификалық иммунды глобулин қолдану.

Спецификалық алдын - алуы. Эпидемиялық паротитке қарсы бірнеше вакциналар ұсынылған:

- Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина-Ресей (1 жастан үлкен балаларға). Нәрестелерде 6 айға дейін плацентарлық енжар иммунитет сақталады;

- паротиттік - қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей);

- қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы лиофильденген тірі вакцина (Индия);

- ММК-қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы вакцина (АҚШ).

Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы

Эпидемиялық паротит (мысқыл) - шықшыт безінің сирек жағдайда басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын, балалардың вирустық жедел инфекциясы. Ауруды вирустар қоздыратынын 1934 жылы К.Джонсон жэне Э.Гудпасчер анықтады.Таксономиясы. Тұқымдастыгы: Раramyxoviridae

Тұқымдастықшасы: [Рагаmyxovirinae] Туыстастыгы: Rubulavirus

Оба кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Жауабы: Обаның лабораториялық диагностикасы.Обаны бактериологиялық зерттеу үшiн, зерттелетiн материалды /қан, iрiң, қақырық, лимфа түйiндерiнен алынған пунктат/. ЕПА бар табақшаларға егедi. Ерітiндiнiң 25-28оС инкубациялайды. 20-24 сағаттан соң “тоқылған орамал” /R-формасы/ түрiндегi колониялар, ол вируленттілiгi аз бактериялар R–формалы колониялар түзедi. Таза дақылды идентификациялау бактериальды жасушаның морфологиялық, өсу сипаты, антигендiк және биохимиялық қасиеттерiне, арнайы фагқа сезiмталдығы және биосынақ жасайды.

Сорпада оба бактериялары сталактиттер сияқты төмен түскен жiпшiлер мен қабықша түзедi: көптеген қанттарды қышқылға дейiн ферменттейдi, индол түзбейдi, желатиндi сұйылтпайды. Оба бактерияларының топтық термостабильды соматикалық антигенi және арнайы термолабильдi капсулды антигенi бар.

Обаның экспресс-диагностикасы:

Иммунофлюресценттi әдiс қоздырғышты тек қана патологиялық материалды алып қоймай, сондай-ақ қоршаған орта обьектiлерiнiң /су, ауа/, тағам өнiмдерiнен алып тексеруге мүмкiндiк бередi. Бұл мақсатта люминесценттi арнайы обаға қарсы сарысуды, люминесценттi капсулаға қарсы соматик сарысуды пайдаланады.

Оба бактериясының антигенiн анықтау үшiн, зерттелетiн материалды стандартты обаға қарсы сарысуымен тексередi.

Бруцеллез кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Жауабы: Бруцеллездi лабораториялық диагностикалау биологиялық сынама, бактериологиялық әдiстер, серологиялық реакциялар, аллергиялық сынамада /Брюне/ ДНҚ гибридизациясы әдiстерi мен жүргiзiледi. Зерттеу материалы ретiнде қан, сүйек кемiгi, коньюктивальдi бөлінеді, зәр, сирек жағдайда нәжiс, буынаралық сұйықтық алады. Биологиялық сынамаға материал басқа микрофлорамен ластанғанда жүгiнедi. Бруцеллездiң антигендерiн анықтау үшiн мынандай реакцияларды қолданады: ПГАР реакция агрегат-гемагглютинация, преципитация реакциялары және ИФА.

Аурудың сары суынан антидененi анықтау үшiн: Райттың агглютинациясы, Кумбс реакциясын, ТГАР, ИФА, КБР, жеделдетiлген реакциялар: Хеддельсон, Роз-бенгал, латексагглютинация, тiкелей емес гемолиз реакцияларын пайдаланады.

Көкжөтел кезінде микробиологиялық тексеруге алынатын клиникалық материалдарды атаңыз және алу уақытын негіздеп жазыңыз. Бактериологиялық диагностикасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Жауабы: Көкжөтелді микробиологиялық диагностикалау үшін бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеудi қолданады. Лабораториялық диагностикасының негiзгi әдiсi болып бактериологиялық зерттеу болып табылады. Зерттелетiн материалды мұрын қуысынан тампонмен немесе “жөтел пластинкасы” әдiсiмен алады. Бұл үшiн жөтел басталғанда қоректiк ортасы бар Петри табақшасын баланың аузына жақындатып, 5-3 жөтел түйнегi өткенше ұстап тұрады. Материалды ҚУА-ға, Борде-Жангу ортасына немесе сүтті-қанды агарға егедi қоректiк ортаға басқа бөтен микрофлораның өсуiн тежейтiн пеницеллин қосады. Колонияны одан әрi зерттеу үшiн таза дақылды пробиркаға енгiзiп, көкжөтелді және паракоклюшты сарысуы бар агглютинация реакциясын қояды. Көкжөтел қоздырғышының идентификациясын морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және серологиялық құрылымын анықтауға негiзделiп өткiзiледi. Көкжөтелдің серологиялық диагностикасы кезiнде агглютинация реакциясы және КБР қолданады. Аурудың қаныңда агглютининдер аурудың 3-4 аптасында 1:20 және одан жоғары титрде пайда болады. Көкжөтелді экспресс-диагностикада ИФА қолданылады.

Йерсиниоздың таксономиясын анықтаңыз, олардың морфологиялық, боялу қасиеттерін сипаттап жазыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.