Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Интероцепторлық сезімталдықтың өткізгіш жолдары



  Интероцепторлық сезімталдықтың өткізгіш жолдары

  

      Интероцепторлар ас қорыту, тыныс алу және несеп-жыныс ағзаларында, тамырларда, біріңғай саналы бұлышықеттерде орналасады.

      Интероцепторлар пішіні мен қызметі бойынша әртүрлі болып келеді.  Хеморецепторлар - химиялық құрамы әр түрлі заттар туралы; барорецепторлар - ағза қабырғасының керілуі туралы; механорецепторлар – түрлі заттардың жанасуы туралы; терморецепторлар - ағзалардың температурасының өзгеруі туралы ақпараттарды қабылдайды.

      Ішкі ағзалар интероцепторларынан шығатын өткізгіш жолдардың бір бөлігі  V, VII, IX, X бассүйек нервтерінің құрамында, екінші бөлігі жұлынның артқы түбіршіктерінің құрамында өтеді.

   Бассүйек нервтерінің құрамында өтетін жоғарылаған өткізгіш жолдардың бірінші (сезімтал) нейрондары – үштік нервтің түйінінде, бет нервісінің иіндік түйінінде, тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің жоғарғы және төменгі түйіндерінде жатады. Бұл түйіндердегі сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) ми діңіндегі екінші нейрондар орналасқан: үштік нервтің сезімтал ядроларында және бет, тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерге ортақ , сезімтал -  жеке ядрода аяқталады.

     Екінші нейрондардың аксондары қарсы жаққа өтіп, ядро - таламустық жолдың құрамында – ішкі ағзалық рецепторлардың (интероцепторлардың) қартысастылық орталығы – таламустың базалды ядроларында аяқталады. Осы ядролардағы үшінші нейрондардың аксондарының бір бөлігі, таламус-қыртыстық жолдың, tractus thalamicorticalis, құрамында – ішкі қапшықтың артқы аяқшасы арқылы өтіп, ішкі ағзалық рецепторлардың (интероцепторладың) қыртыстық проекциялық орталығы орналасқан орталық артындағы қатпардың, gyrus postcentralis, төменгі бөлігінде аяқталады. Сонымен қатар аксондардың екінші басым бөлігі орталық алдындағы қатпарда, gyrus precentralis, аяқталады.

      Таламустың базалды ядроларындағы үшінші нейрондар аксондарының аз бөлігі – таламустың медиалды ядроларына барады. Медиалды ядролар экстрапирамидалық жүйенің қартысастылық орталығы болып табылады. Сондықтан, ішкі ағзалардың аурулары кезінде кейбір көлденең жолақты бұлшықеттердің тонусының өзгеруі осыған байланысты болады.

       Жұлынның артқы түбіршігінің құрамында өтетін жоғарылаған өткізгіш жолдардың бірінші (сезімтал) нейрондары жұлын түйінінде жатады.Олардың интероцепторлардан шығатын шеткі өсінділері (дендриттері)  ішкі ағзалық үлкен нервтің, n. splanchnicus major, ішкі ағзалық кіші нервтің, n. splanchnicus minor, ішкі ағзалық бел нервтерінің, nn. splanchnici lumbales, ішкі ағзалық сегізкөз нервтерінің, nn. splanchnici sacrales, және ішкі ағзалық жамбас нервтерінің, nn. splanchnici pelvini, құрамында өтеді.Сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) жұлынның аралық затында, substantia intermedia, орналасқан екінші аралық нейрондарда аяқталады. Екінші нейрондардың аксондары санының аз болуына байланысты, олар айқын көрінетін жеке жолдар түзбей, артқы және бүйір жіпшелердің құрамында жоғары көтеріледі.

    Олар да бассүйек нервтерінің екінші нейрондарының аксондары сияқты жоғарыда аталғандай ішкі ағзалық рецепторлардың қыртысастылық орталығы - таламустың базалды ядроларында аяқталады. Осы ядролардағы үшінші нейрондар аксондарының аз бөлігі таламус-қыртыстық жолдың, tractus thalamocorticalis, құрамында жүріп, интероцепторлық жолдың қыртыстық орталығы – орталықартындағы қатпардың gyrus postcentralis, төменгі бөлігінде аяқталады.

Интероцепторлық жолдың екінші басым бөлегі орталықалдындағы қатпарда, gyrus precentralis, аяқталады.

Сонымен, интероцепторлар ішкі ағзалардың жағдайын ми қыртысына «хабарлап» тұрады. Мысалы, қарын ашқанда, шөлдегенде немесе ауырған кезде, т.с.с. жағдайлар туралы ақпарат орталыққа жіберіліп отырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.