|
|||
Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтерінің ядролары.Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтерінің ядролары. Ромбтәрізді шұңқыр аймағында: үштік, әкететін, бет, кіреберіс-ұлу және тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты бассүйек нервтерінің ядролары орналасады. Бұл шұңқырдың жоғарғы бөлігінде (көпірде) V, VI, VII және VIII, ал төменгі бөлігінде ( сопақша мида ) IX, X, XI және XII жұп бассүйек нервтерінің ядролары жатады ( 18 - сурет ).
Бассүйек нервтерінің V жұбы, үштік нервтің n.trigeminus, төрт ядросы бар, олардың үшеуі - сезімтал, біреуі - қозғалтқыш. Сезімтал ядролары: 1.Үштік нервтің көпірлік ядросы, nucleus pontinus nervi trigeminalis, көпірдің артқы ( дорсалды) бөлігінде орналасқан; 2.Үштік нервтің ортанғы милық ядросы, nucleus mesencephalicus nervі trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдан ортанғы миға жалғасып , суқұбырдың жанында орналасады ; 3. Үштік нервтің жұлындық ядросы, nucleus spinalis nervi trigeminalis, көпірден басталып , сопақша ми арқылы өтеді де, жұлынның жоғарғы сегменттерінде (I-V) аяқталады ; 4. Үштік нервтің қозғалтқыш ядросы, nucleus motorius nervi trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдың жоғарғы болігінде ( көпірде ) жатады. VI жұп, әкететін невтің, n.abducens, ядросы, nucleus nervi abducentis, (қозғалтқыш) беттік төбешіктің (colliculus facialis) тереңінде орналасады. VII жұп, бет нервінің, n. facialis, үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар. 1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болып, көпірде және сопақша мида орналасады. Бұл ядрода дәм сезімін өткізетін аксондар аяқталады . 2. Парасимпатикалық ядросы: жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior,деп аталады . 3. Қорзғалтқыш ядросы: бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, көпірде терең орналасады . Бұл ядродан шығатын нерв талшықтары жоғары (дорсалды) жүріп VI жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді. VIII жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulocochlearis, : 2 ұлулық, 4 кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік алаңында орналасқан. Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы ұлулық ядрода , nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады. Кіреберістік ядролар: кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior, ішкі құлақтың жартылайдөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршаларынан және жатырша, utriculus, пен қапшаның, sacculus, дақтарынан келетін дене қалпының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импулсті) қабылдайды . IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossоpharyngeus ,сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. Сезімталы - жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болады. 2. Парасимпатикалық ядросы - төменгі сілекей бөлетін ядро, nucleus solivatorius inferior,- деп аталады. 3. Қозғалтқышы – қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді . X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus ,үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш ядролары бар . 1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады . 2. Парасимпатикалық ядросы : кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,- trigonum nervi vagi, аймағында жатады . XI жұп қосымша нервтің , n. accessorius, қосымша нервтің ядросы, nucleus nervi accessorii, деп аталатын қозғалтқыш ядросы, сопақша мидың төменгі жағында және жұлынның жоғарғы 5-6 сегменттері деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасады. XII жұп, тіласты нервінің, n. hypoglossus, тіласты нервінің үшбұрышында жататын тіласты нервінің ядросы, nucleus nervi hypoglossi, деп аталатын бір қозғалтқыш ядросы бар .
|
|||
|