Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жұлынның қабықтары



Жұлын

Жұлын, medulla spinalis,омыртқа бағанасы өзегінде орналасқан. Пішіні алдынан артына қарай аздап қысыңқы, цилиндртәрізді болып келеді. Оның мойындық, кеуделік және белдік бөліктерін ажыратады. Ұзындығы еркектерде орта есеппен 45 см, әйелдерде 42 см шамасында, жуандығы 8 мм-ден ( кеуделік бөлігінде) 14 мм- ге (мойындық және белдік бөліктерінде) дейін болады . Жоғарғы жағында, шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейінде жұлын сопақша миға жалғасады (4-сурет).

           

  4 - сурет.Жұлын, medulla spinalis, алдыңғы көрінісі.

1 - сопақша ми; 2 - мойындық буылтық; 3 - алдыңғы орталық саңылау;4 - алдыңғы латералды жүлге; 5 – бел-сегізгөздік буылтық; 6 – милық конус.

5 – сурет.Жұлын, medulla spinalis, артқы көрінісі.

А – мойын – кеуделік бөлігі: 1 - сопақша ми; 2 – артқы орталық жүлге; 3 – мойындық буылтық; 4 – артқы латералды жүлге; 5 – тістәрізді байлам; 6 – жұлынның қатты қабығы; 7 - бел-сегізгөздік буылтық;

Б - бел-сегізгөздік бөлім: 1 – артқы орталық жүлге; 2 – милық конус; 3 – соңғы жіп; 4 – «ат құйрығы»; 5 - жұлынның қатты қабығы; 6 – жұлын түйіні; 7 – қатты қабық ішіндегі соңғы жіп.

 Бұл жерде жұлыннан бірінші жұп жұлын нервтері шығады. Жұлынның төменгі шеті сүйірлене милық конус, conus medullaris, түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады (5 – сурет). Милық конус жіңішке соңғы жіпке, filum terminale, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның жуандаған мойындық буылтығы, intumescentia cervicalis мен бел – сегізкөздік буылтығы, intumescentia lumbosacralis, ажыратылады, олардан қол және аяқ нервтелуіне байланысты, аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан. Жұлынның алдыңғы бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, артқы бетінде артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior, орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі. Жұлынның әрбір жартысында алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis және артқы латералды жүлге, sulcus posterolateralis, өтеді. Артқы латералды жүлгеге артқы түбіршік, radix posterior (сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен қосылатын жерінде сезімтал нейрондардан түзілген  жұлын түйіні, ganglion spinale, орналасқан. Осы нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден алдыңғы түбіршік,radix anterior, (қозғалтқыш) шығады. Бұл түбіршік жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін, nervus spinalis,түзеді. Жұлыннан 31 жұп жұлын нервтері шығады.

Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі ( кесіндісі ) жұлынның сегменті, деп аталады ( 6 – сурет).

        

                      

                                    

                                      6 - сурет. Жұлын сегментінің құрылымы.

1,6 – алдыңғы түбіршік; 2,5 – артқы түбіршік;  3 – сұр зат; 4 – ақ зат; 7 – жұлын түйіні; 8,9 – жұлын нерві; 7 – жұлын нервінің; 8,12 – жұлын нервінің артқы тармағы; 10 – алдыңғы орталық саңылау; 11 – симпатикалық діңнің түйіні.

 

 Жұлында: 8 мойындық ( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 белдік (L1- L5), 5 сегізкөздік(S1 - S5 ) және 1 құйымшақтық (Co1), барлығы 31сегмент бар ( 7 – сур.). Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін (метамерін) нервтендіреді. Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа бұлшықеттері енеді .

                                           

7 - сурет. Жұлын сегментерінің топографиясы.

1 - мойындық бөлігі (С1-CVIII) ; 2 – кеуделік бөлігі (ThI-ThXII) ; 3 – белдік бөлігі ( LI-LV ) ; 4 – сегізкөздік бөлігі ( SI – SV ) ; 5 – құйымшақтық бөлігі ( Co1 – CoIII ) .

Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia grisea, және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген. ( 8 – сурет).

                          8 - сурет. Жұлынның көлденең кесіндісі.

1 - жұмсақ қабығы; 2 – артқы орталық жүлге; 3 - артқы аралық жүлге; 4 - жұлын нервінің артқы түбіршігі; 5 - артқы латералды жүлге; 6 – шекаралық аймақ; 7 – кеуекті аймақ; 8 – сілікпетәрізді заттек; 9 – артқы мүйіз; 10 – бүйір мүйіз; 11 – тістәрізді байлам; 12 – алдыңғы мүйіз; 13 - жұлын нервінің алдыңғы түбіршігі; 14 – жұлынның алдыңғы артериясы; 15 – алдыңғы орталық саңылау.

Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et columna posterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен I - III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті - латералды бағананы, columna lateralis, түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек, canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы мүйізін, cornu anterius , және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың арасында аралық орталық және  аралық латералды  заттар орналасқан. Аралық орталық зат , substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Аралық латералды зат, substantia intermedia lateralis , аралық орталық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III  сегменттерінде бүйірлік дөңесті - латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды. Латералды мүйізде – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталығы орналасады.  

Артқы мүйізде аралық нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік ядроны, nucleus thoracicus, (Кларк-Штиллинг ядросы), сілікпетәрізді затты, substantia gelatinosa, және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді.

Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан. Олар бес: латералды-алдыңғы, латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.

Жұлынныңақ заты, substantia alba, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқы жіпше, funiculus posterior, артқы орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады:

1. Ассоциативтік будалар, артқы мүйізде орналасқан аралық нейрондарды өз сегментіндегі, сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын - меншікті будаларды,fasiculi proprii, түзеді.

2. Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар, нервтік импулсты миға жеткізеді.

3. Төмендеген ( қозғалтқыш) өткізгіш жолдар, нервтік импулсты мидан жұлынның алдыңғы мүйізіне өткізеді.

Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш пайда болып, жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар сегментүстілік өткізгіш аппарат деп аталады.

Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты филогенездік даму барысында ерте пайда болып, шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары енеді.

Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар орналасады ( 9 – сурет).(

9 - сурет. Жұлынның көлденең кесіндісі. Өткізгіш жолдары мен ядролары.

1 – жіңішке буда ; 2 – сынатәрізді буда; 3 – артқы меншікті буда; 4 – жұлын-мишықтық артқы жол; 5 – қыртыс–жұлындық (пирамидалық) латералды жол ; 6 – латералды меншікті буда ; 7 – қызыл ядро-жұлындық жол; 8 – жұлын-таламустық латералды жол ; 9 – кіреберіс-жұлындық латералды жол; 10 – жұлын-мишықтық алдыңғы жол; 11 – жұлын-төбелік жол; 12 – олива- жұлындық жол; 13 – торлы-жұлындық алдыңғы жол ; 14 – кіреберіс-жұлындық жол; 15 – жұлын-таламустық алдыңғы жол ; 16 - алдыңғы меншікті буда; 17 – қыртыс –жұлындық (пирамидалық) алдыңғы жол; 18 – төбе-жұлындық жол; 19 – алдыңғы медиалды ядро; 20 – артқы медиалды жол; 21 – орталық ядро; 22 – алдыңғы латералды ядро; 23 – артқы латералды ядро; 24 – аралық латералды (симпатикалық) ядро; 25 – аралық медиалды ядро; 26 – орталық өзек;      27 – кеуделік ядро; 28 – артқы мүйіздің меншікті ядросы ; 29 – шекаралық аймақ; 30 – кеуекті аймақ ;  31 – сілекпетәрізді заттек.

Артқы жіпше,артқы аралық жүлге арқылы, медиалды орналасқан жіңішке буда, fasciculus gracilis, (Голл будасы) мен латералды орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, (Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш жолының бір бөлігі өтеді.

Бүйір жіпшеде орналасқанжоғарылағанөткізгіш жолдар:

1. Жұлын – мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris anterior,   (Говерс жолы);

2. Жұлын – мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior,  (Флексиг жолы), аталған екі жол мишыққа санасыз проприоцептивтік импулстарды жеткізеді.

3. Жұлын – таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, ауырсыну және температура сезімталдығын өткізеді.

Бүйір жіпшенің төмендеген өткізкіш жолдары:

1. Қыртыс – жұлындық латералды жол, tractus corticospinalis lateralis, саналы қозғалтқыш импулстарды ми қыртысынан ( орталықалды қатпарынан ) жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.

2. Қызыл ядро – жұлындық жол, tractus rubrospinalis, ортаңғы мидың қызыл ядросынан басталып, қарама – қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады.Бұл жол экстрапирамидалық жүйеге жатады, яғни қаңқалық бұлшықеттердің тонусын және жиырылу реттілігін санасыз түрде қамтамасыз етіп отырады (қимыл – қозғалыстарды «автоматты» басқарады ).

 

Алдыңғы жіпшеніңнегізгі өткізгіш жолдары :

1. Қыртыс – жұлындық алдыңғы жол, tractus corticospinalis anterior, мидың орталықалды қатпарының пирамидалық жасушаларынан басталып ,жұлында ақ дәнекер арқылы қарама - қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға саналы импульстарды жеткізеді.

2. Жұлын – таламустық алдыңғы жол, tractus spinothalamicus anterior , миға жанасу және қысым ( тактилдік) сезімталдығын өткізеді.

3. Торлық – жұлындық жол, tractus reticulospinalis, мидың торлы құрылымынан жұлынның қозғалтқыш нейрондарына келеді, басқа жолдар арқылы өтетін импулстардың күшін реттейді және бұлшықеттердің тонусын қамтамасыз етеді.

4. Төбе - жұлындық жол, tractus tectospinalis, ортаңғы мидың жоғарғы  (қыртысастылық көру орталығы) және төменгі төбешіктерінің (қыртысастылық есту орталығы) нейрондарынан басталып, жұлынның алдыңғы мүйізінде аяқталады. Аяқ астынан туындаған дыбыстық, жарықтық жіті, шұғыл ақпараттарға (тітіркендірулерге) қарсы қорғаныстық қызметті (шартсыз рефлекстік тез қозғалыстар арқылы )  қамтамасыз етеді.

Пренаталдық онтогенездің алғашқы үш айында жұлын омыртқа бағанасының өзегін толық алып жатады. Жұлын нервтері жұлыннан горизонталды жазықтықта шығып, сәйкес омыртқааралық тесік арқылы өтеді. Дамудың төртінші айынан бастап жұлынның ұзаруы омыртқа бағанасының өсуінен қала бастайды. Сондықтан, жаңа туған нәрестенің жұлынының төменгі шеті II немесе III бел омыртқаларының деңгейінде орналасады. Осыған байланысты сәйкес омыртқааралық тесіктерден өту үшін - бел,сегізкөз және құйымшақ нервтерінің түбіршіктері төмен түседі. Олардың жиынтығы ат құйрығы, cauda equina , деп аталады (10 – сурет).    

10 – сурет. Жұлын және оның қабықтары. 1 – милық конус; 2 – торлы қабық; 3 – торлы қабықастылық қуыс; 4 – қатты қабық; 5 – соңғы жіп; 6 – «ат құйрығы»; 7 – соңғы жіп және жұлын қабықтары.
                                        

 

Жұлынның қабықтары

Жұлынды үш қабық жауып жатады. Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis,жұлынды сыртқы жағынан  қоршап жатады (11 – сурет). Қатты қабық пен омыртқалардың аралығында қатты қабықүстілік ( эпидуралды немесе перидуралды) қуыс, cavitas epiduralis, орналасқан. Бұл кеңістікте көптеген дәнекер тіндік будалар және жұлын нервтерінің қабықтарына жалғасатын қатты қабықтың бүйір өсінділері орналасады. Қатты қабықүстілік кеңістікте шелмай және омыртқаішілік веналық өрім жатады. Мидың қатты қабығы жоғарғы жағында шүйделік үлкен тесікке бекиді де, ары қарай мидың қатты қабығына жалғасады , ал төменгі жағында II сегізкөз омыртқасының деңгейінде тұйық аяқталады. Осы жерде қатты қабық жұлынның басқа қабықтарымен тұтасып, соңғы жіптің қабығына жалғасады да, құйымшаққа бекиді.

Қатты қабықтың ішкі жағындағы  жұлынның торлы қабығы, arachnoidea spinalis, жұқа, түссіз және мөлдір (тамырлары жоқ ) болып келеді, қатты қабық екеуінің аралығында жұқа саңылау – қатты қабықастылық кеңістік, spatium subdurale, - деп, аталады.

11– сурет. Жұлынның қабықтары.

1 – қатты қабық; 2 – қатты қабықүстілік қуыс; 3 – торлы қабық; 4 – жұлын нервінің артқы түбіршігі; 5 - жұлын нервінің алдыңғы түбіршігі; 6 – жұлын түйіні; 7 – жұлын нерві; 8 - торлы қабықастылық қуыс; 9 – тістәрізді байлам.

 

 

Жұлынның жұмсақ қабығы, pia mater spinalis, жұлынға тығыз жанасып, оны тікелей жауып жатады және қан тамырларымен бай жабдықталған. Жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді торлы қабықастылық қуыс , cavitas subarachnoidalis, орналасқан , оның іші ми – жұлын сұйықтығымен, liquor cerebrospinalis , толған. Бұл кеңістік мидың аттас қуысына жалғасады. Жұмсақ қабықтың латералды бетінен, фронтальды жазықтықта орналасқан үшбұрышты 19-23 тісшетәрізді байламдар, ligamentum denticulata, шығады, олар торлы қабықпен жабылып, көршілес екі жұлын нервтерінің аралығындағы қатты қабықтың ішкі бетінде аяқталады. Жұлынды тісшетәрізді байламдардан басқа, жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығындағы көптеген дәнекер тіндік жіпшелер де бекітіп тұрады.

Жұлынның скелетотопиясына байланысты ми – жұлын сұйықтығын тексеруге алу үшін инені III - IV бел омыртқаларының аралығы арқылы өткізеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.