Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нерв жүйесі. Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



 

        

Нерв жүйесі

Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы

Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі – организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады.

Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Оның осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралуы арқылы организмнің  бөліктерін байланыстырып тұрады.

Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон(нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады. Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импулсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импулс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.

Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп бөлінетін үш түрі ажыратылады.

1. Сезімтал(афференттік, рецепторлық)нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері көбінесе аксонына қарағанда ұзын болып келеді. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте, дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортадан әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импулске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.  

1.Экстероцепторларсыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.

2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.

3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда, сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.

2. Аралық(ендірме, ассоциативтік)нейрон нервтік импулсті сезімтал нейроннан, келесі аралық нейронға немесе қозғалтқыш нейронға жеткізеді.

     3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нервтердің құрамында ағзаларға барады.

Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.

Туа біткен, тұқымқуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).

 Өмір сүру барысындағы организмнің қоршаған ортамен байланыстары,  арақатынасы шартты рефлекстерарқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді.

Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.

Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші  сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан. Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері (дендриттері) жұлын нервтерінің құрамында өтеді.

Рецепторлар арқылы қабылданатын импулс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі (аксоны) арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға беріледі. Нервтік импулс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде орналасқан үшінші, қозғалтқыш нейронға келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.

Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі, 1-сурет).Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.

-

                           

.

               1 – сурет. Қарапайым рефлекстік доға (тізе рефлексі).                                                                                    

 1 – проприоцептор;  2 – сезімтал нерв; 3 – қозғалтқыш нейрон; 4 – қозғалтқыш тнбіршік.

   

 

Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.

Анатомиялық - қызметтік ерекшеліктеріне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық) және вегетативтік   (автономдық ) болып екіге бөлінеді.

Сомалық нерв жүйесіорганизмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын, яғни, қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен, сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді.

Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесіішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв жүйесі деп аталып кеткен.         Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахикардия) т.с.с. Автономдық нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға тигізетін әсеріне байланысты, ол парасимпатикалық және симпатикалық бөліктерге бөлінеді.

 

                                                         Нерв жүйесі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.