|
|||
Топографиясына байланысты). Нерв жүйесінің филогенезі(Топографиясына байланысты)
Орталық н.ж. Шеткі н.ж.
ми жұлын бассүйек нервтері жұлын нервтері
Нерв жүйесі (Анатомиялық – қызметтік ерекшеліктеріне байланысты)
Сомалық Вегетативтік (Анималдық) (Автономдық)
Көлденең жолақты сезім парасимпатикалық симпатикалық бұлшықеттер ағзалары
ішкі ағзалар
Нерв жүйесінің филогенезі Қарапайым бір жасушалы амебада нерв жүйесі болмайды, олардың сыртқы ортамен арақатынасы гуморалдық жолмен іске асады. Нерв жүйесі дамуының бірінші сатысында - ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда (гидрада) пайда болып, тортәрізді құрылым түзеді: жасушалар өзара көптеген өсінділер арқылы байланысып тұрады ( 2 - сурет).
2 - сурет. Нерв жүйесі дамуының сатылары (М.Г.Привес,1993). 1,2 – тортәрізді нерв жүйесі; 3,4 – түйіндік нерв жүйесі;
Филогенездің келесі сатысында нерв жүйесінің түйіндік түрі пайда болады Нерв жасушалары жиналып түйіндер түзеді, бұл түйіндер бір – бірімен бойлық және көлденең орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің бұл түрі сегменттік құрылымды организмдерге ( омыртқасыздарға – сақиналы құрттарға) тән. Көлденең орналасқан нервтер бір сегменттің түйіндерін, бойлық нервтер - көршілес сегменттердің түйіндерін байланыстырып тұрады. Нерв жүйесі дамуының үшінші сатысында түтікті нерв жүйесі пайда болады. Нерв жүйесінің бұл түрі хордалыларға, соның ішінде адамға да тән. Оларда нерв түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами (дөңгелекауыздыларда) бастайды Барлық бассүйекті жануарлар миында үш: ромбтәрізді (артқы) ,ортаңғы және алдыңғы көпіршіктер пайда болады. Олардың ішінде ромбтәрізді мидың дамуы басым болады. Себебі (төменгі сатыдағы балықтарда) көпір мен мишықта есту және тепе - теңдік сақтау орталықтары пайда бола бастайды. Эволюция барысында ромбтәрізді ми - сопақша миға, myelencephalon, және көпір мен мишықтан тұратын артқы миға,metencephalon, бөлінеді. Сопақша мида өмірлік маңызды тыныс алу, ас қорыту және қанайналымды реттейтін орталықтар пайда болады. Осыған орай сопақша мида X жұп - кезбе нервтің, n.vagus, ядролары дамиды. Сондықтан сопақша мидың зақымдануы өлімге әкеліп соғады. Көру рецепторларының дамуы ортаңғы мидың дамуына әкеледі - мидың бұл бөлігінде қыртыс астылық көру және есту орталықтары пайда болады. Құрлықтағы жануарлардың иіс сезу қызметіне байланысты алдыңғы мидың құрамында иіс сезу миы, rhinencephalon , дамиды. Филогенездік даму барысында алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, telencephalon , мен аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесінде, 5 ми көпіршіктері: соңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми пайда болады. Кейінгі даму кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, амфибия, рептилий және құстарда қарапайым ми қыртысы қалыптасады. Сүтқоректілерде соңғы ми күшті дамып, мидың басқа бөліктерін жамылғы, ( pallium), түрінде жауып жатады.
Нерв жүйесінің филогенезі:
Үш кезең:
1 кезең 2 кезең 3кезең
Тортәрізді түйінтәрізді түтіктәрізді (гидрада) (құрттарда) (хордалықтардан бастап адамға дейін)
Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле, күрделене түседі.Соңғы мидың қыртысында сезімталдықтың барлық түрлерінің орталықтары пайда болады. Яғни, мидың дамуы барысында, оның төменгі бөліктеріндегі сезімталдық орталықтарына сәйкес - орталықтар, мидың жоғарғы бөліктерінде де пайда болады. Мысалы, есту орталығы алғаш рет артқы мида пайда болса, одан кейін - ортаңғы, аралық және соңғы миларда дамиды. Бұл жағдайда сезімталдықтытың мидың төменгі бөліктерінде орналасқан орталықтары жоғарғы бөліктеріндегі орталықтарға бағынышты қызмет атқарады. Еңбек ету мен сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты, адамның ми қыртысы дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп, организмнің саналы қызметін қамтамасыз ететін ағзаға айналды.
|
|||
|