|
|||
Адам нерв жүйесінің эмбриогенезі.Адам нерв жүйесінің эмбриогенезі.
Нерв жүйесі эктодермадан дамиды.Тұлғаның арқалық жағында эктодермалық жасушалар нервтік(милық) табақша түзеді.Кейін, нервтік табақша, нервтік( милық) жүлгеге айналады.Нервтік жүлгенің жиектері бір-бірімен тұтасып, нерв (милық) түтігін түзеді. Осыдан кейін нерв түтігі эктодермадан бөлініп, мезодерманың ішіне еніп , орналасады. Нерв түтігінің бас жағы жуандап миға, қалған артқы бөлігі жұлынға айналады. Пренаталдық онтогенездің алғашқы үш айында жұлын омыртқа бағанасы өзегін толығымен алып жатады, яғни екеуінің ұзындығы бірдей болады.Дамудың төртінші айынан бастап жұлынға қарағанда омыртқа бағанасының ұзаруы тезірек жүреді де, жұлынның ұзаруы омыртқа бағанасының өсуінен қала бастайды. Сондықтан, нәрестелерде жұлынның төменгі шеті II-III бел омыртқаларының , ересектерде I-II бел омыртқаларының деңгейінде орналасады. Эмбриондық дамудың 4-ші аптасында, ми эмбриогенезінің бірінші кезеңінде - ми үш көпіршіктен: алдыңғы ми, prosencephalon, ортаңғы ми, mesencephalon, және ромбтәрізді ми, rombencephalon,тұрады. Ми эмбриогенезінің екінші кезеніңде (4 аптаның соныңда) бес ми көпіршіктері пайда болады. Алдыңғы ми көпіршігі – соңғы миға, telencephalon, және аралық миға,diencephalon; ромбтәрізді ми көпіршігі – артқы миға,metencephalon, және сопақша миға,myelencephalon,бөлінеді. Ортаңғы ми өзгеріссіз қалады. Нерв түтігінің алдымен үш көпіршекке, одан кейін бес бөліктерге бөлінуі сагиталды жазықтың бойында орналасқан үш иіндер арқылы өтеді. Ми көпіршігінің бірінші иіні - шекелік иін деп аталады. Ол басқа иіндерге қарағанда ертерек дамиды. Оның артқы беті дөңестеу келген - ортаңғы мидың көпіршігінде орналасады. Екінші – шүйделік иін, ромбтәрізді көпіршік пен болашақ жұлынның шекарасында орналасады. Бұл иіннің де артқы беті дөңестеу келген. Ми көпіршігінің вентралды орналасқан үшінші – көпірлік иіні, сопақша ми мен артқы мидың аралығында жатады. Бұл иін арқылы ромбтәрізді ми сопақша және артқы миға бөлінеді (3-сурет).
3 - сурет. Мидың бес көпіршігі, дамудың сегізінші аптасы. 1 - соңғы ми; 2 - аралық ми; 3 - ортаңғы ми; 4 – артқы ми; 5 – сопақша ми; 6 – жұлын.
Нерв түтігінің бүйір жақтарында орналасқан нервтік қырлардан сезімтал нейрондар орналасқан жұлын түйіндері дамиды.Нервтік қырлар жоғарғы жағында артқы ми көпіршігіне дейін жетеді де, бассүйек нервтерінің сезімтал түйіндерін түзеді.
|
|||
|