|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
4. ГЛОССАРИЙ
Психологияпәні бойынша глоссарий (пән атауы)
Лонгитюдтік әдіс-ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге көптеген зерттеулер жүргізу. Тест– белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі. Проективті әдіс –адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді. Тренинг –қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі реттеуді, кәсіби іскерлікті дамытуға бағытталған топтық жұмыстар формасы. Гипноз – жасанды жолмен пайда болатын сананың күйі, сендіру формасы. Психология– бұл психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі. Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні. Психологиялық қызмет – әртүрлі іс-әрекет түрлеріндепсихологиялық экспертиза , диагностика , кеңес беруде кешенді міндеттерді шешуде психологияны қолданудың практикалық жүйесі. Психологиялық көмек-адамға, топқа, ұйымға психологиялық көмек көрсетуде адамдардың әлеуметтік-психологиялық компетенттілігін арттыруға бағдарланған психологияны практикалық қолданудың саласы. Психодиагностика –тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы. Зерттеу әдістері –тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Анкета әдісі –вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі. Бақылау- психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі. Эксперимент- зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі. Бейімделу - қоршаған орта жағдайына организмнің қызметі мен құрылысының және оның органдарымен жасушаларының бейімделуі. Кәсіби кеңес - мамандық таңдауда практикалық көмек мақсатында жастарға сол мамандық туралы ұйымдасқан ақпарат беру.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|