Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

 

№ 1 дәріс

Тақырып: Когнитивті психология ғылым ретінде

Дәрістің мазмұны

1.Когнитивті психология пәніне кіріспе, мақсат міндеттері

2. Когнитивті психология пәні

 

1. Адам – машиналық интерфейс немесе қолданушы интерфейс басқару жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол оператор- қолданушы және мехатрондық жүйе арасында ақпараттыалмасуды қамтамасыз ету үшін арналған. Адам мехатрондық жүйемен өндіруші және қолданушы сияқты кездеседі. Мехатрондық жүйе өндірушінің мақсаты, берілген интерфейс үшін қандай жабдық қолданылатынын шешу. Және де өндіруші программалық қамтамасыздандыруды дайындайды, яғни интерфейс көмегімен оператор мен мехатрондық жүйе ақпаратты керектігін, неге ұмтылу керектігін, нені күту керек және орнатылған жағдайда тез шешу керек. Бұл жүйеде оператор мехатрондық жүйе көмегімен іске асыратын нақты мақсаттары мен есептері бар қолданушы ретінде болады. Бұл жағдайда басқару жүйесі және барлық мехатрондық жүйе қойылған мақсатты жүзеге асырушы құрал болып табылады. Мақсыттың табысты шешімі көбінесе адам-машиналық интерфейстің мүлтіксіздігіне байланысты. Сондықтан мехатрондық жүйені басқару бойынша оператор функцияларын жобалау кезінде интерфейс өндірушінің көз алдында болу қажетті. Интерфейсті жобалау кезіндегі үш негізгі принцип бар:
     Қарапайымдылық;
     Көрнекілік;
     Тізбектілік.
Қолданушы интерфейсін құру кезінде, дисплейде жүйе моделін көрсетуге ұмтылады. Қарапайымдылық ол оператордың шешімін қабылдауын қиындататынмаңызды деректермен бірге көптеген керексіз деректер шықпауын білдіреді.
Көрнекілік мақсаты, қолданушының болып жатқан процессте тікелей байланыста және қатысушылық сезімі болу. Кейбір жүйелерде көрнекілік графикалық метафор-пиктограмма көмегімен жетеді. Кескін ассоциацияны туғызады, олар қолданушыға көмектеседі, жаңарылмайды.Мысалы, пиктограммада ортаның өзгеру температурасының шкаласын көрсетеді және осы пиктограммада жіберілетін шектер белгіленген (1-сурет).
Қолданушы интерфейсінде табиғи тілді қолдану көбінесе адам мен машина арасында ақпарат алмасуына мүмкіндік туғызады. Қолданушы интерфейс құрылғысы ретінде монитор, пернетақта, басқару панельдері, тышқан, трейкбол, джойстиктер, қашықтан басқару құрылғысы және т.б. атап өтсе болады. Жетілмеген интерфейсі бар құрылғысы ретінде көбісі қолданылмайтын көп батырмасы бар олардың пультін айтуға болады.

Психология ғылымындағы танымдық процестердің – түйсіктен қабылдауға дейінгі бейнелерді тану, зейін, ес ұғымының қалыптасуы, ойлау, қиял, есте сақтау, тіл, эмоция, яғни даму процестеріне дейінгі психологиялық ерекшеліктердің бүкіл ауқымын, мінез-құлықтың барлық мүмкін болатын салалрын қамтитын бөлімі когнитивтік психология деп аталады.

2. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды. Таным психологиясы зерттеу мәселелері мен ғылыми жетістктері бойыншажалпы психология құрылымында орталық орынға ие. Қазіргі таным психологиясының негізіне ХХ ғасыр зерттеушілерінің жаратылыстану ғылыми ойларының жетістіктері , сонымен бірге танымның философиялық теориясы жатыр. Әлемді танитын адам туралы түсініктердің дамуында Карл Поппердің сыни рацонализмі теориясының пайда болуы мен талауы негізгі түрткі болды. Поппердің таным теориясы негізгі бірқатар ой қозғаулардан тұрады.

· Барлық адамдар мәселені шешеді.Мәселелер объективті болады.

· Әрбір мәселе бойынш болжамдардың саны шектеусіз.

· Мәселе болжамдарды байқап көру және қателесу әдісі арқылы алып тастау жолымен шешіледі, яғни белсенді эксерименттеу барысында.

· Адам қандай болжам дұрыс, қайсысы қате екенін алдын ала білмейді.

· Сәтсіз болжамдар не жойылады, не түзетіледі және таным үрдісі қайта басталады.

Адам –белсенді, ол әрекет етеді және іс-әрекеті барысында түрлі мәселелермен кезігеді. Адам мәселелерді шешу үшін ақпараттарды тұрақты түрде ізденісін жүргізеді, бірақ нені іздеу керектігін білу үшін өзінің ойларын қосады.

Адам жеке объектілердің әлемінде өмір сүреді: ол басқа жүйелермен (табиғатпен, әлеуметтік-мәдени ортамен )өзара әрекетте болатын күрделі жүйе болып табылады.

       Сөйтіп, қазіргі таным психологиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында алынған психофизиология, нейропсихологи, нейрофизиология зерттеулерінің нәтижелері ықпал етті. Сонымен, адамның таным психологиясы мына мәліметтерге сүйенеді:

«нені таниды»- әлем құрылымы туралы білім;

«кім таниды» - адамның таным жүйесі ретінде құрылымы туралы білім;

«ұалай таниды»- философияда қарастырылатын тұсініктер (таным теориясы)

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.