Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: «Ойлап тап және сурет сал»



5. Саусақтармен ойын - жаттығулар. Бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, бала қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой - қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады. Бұл жинақтағы ойындар 3 - тен 6 жасқа дейінгі балаларға арналады. Тәрбиешілер ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алып, оқу - тәрбие үрдісінде қолданады [25, 430].

Дидактикалық ойын кезінде баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Ойын іс - әрекетінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш - жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым - қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс - әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық қатынасын анықтайды.

Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары [26, 11-16].

Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жүйелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.

№1

Тақырыбы: «Ойлап тап және сурет сал»



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.