|
|||
Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру· Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру · Ойын кезінде бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын қалыптастыру · Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану · Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру · Балалардың өздеріне ұнаған ойынды, рөлді өзі таңдай білуі · Ойын жинағын қолдану барысында күтілетін нәтиже: Білу: Балалардың ойын түрлерін біліп, заттарды белгілері бойынша танып, салыстыра білуі Болу: Әрбір ойынның шарты болатындығы жайлы түсініктерінің болуы Қолдану: Балалардың өз беттерінше ойынды ұйымдастыра білуі, өз ойларын толық жеткізе білуі, балалармен қарым - қатынаста болып, ойын шартын бұзбай ойнауы Бұл жинақ 5 бөлімнен тұрады: 1. Дидактикалық ойындар. Оның мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. «Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз. 2. Сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжеттi - рөлдiк ойындар мектепке дейiнгi балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Олар балалардың ой - өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс - тәжірибелерін толықтыра түседі. 3. Драматизацияланған ойындар. Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. 4. Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық, жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық қарым - қатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
|
|||
|