Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тұздыққа піскен майшабақ



                                     Тұздыққа піскен майшабақ

Құрамы:
4 майшабақ, 2 кесе сүт, 2 ас қасық сірке суы, 1 кесе ақ шарап, 1 пияз, 1 сарымсақ, 1 шай қасық қыша, 1 шай қасық қызыл бұрыш, 5-6 түйір қара бұрыш.
Дайындау процесі:
Басы кесіліп, ішек-қарны алынып тасталған майшабақ жақсылап жуылады да, 1-2 сағат сүтке салынып қойылады. Осы мерзім өткеннен кейін сүттен алынып, сорғытылады. Тұздық үшін сірке суы мен жеңіл ақ шарап араластырылады да, пияз, сарымсақ, бұрыш, тұз салып қайнатылады. Осы тұздыққа сорғып, дегдіген майшабақ салынып, үстіне ыстық су құйылады. Тұздыққа майшабақ толық батып жатуға тиіс. Сөйтіп 7 минуттай қайнатылады. Содан кейін майшабаң шығарып алынады. Ал сорпасы дәкемен сүзіледі де, салқындатылып, үстіне жұмыртқаның сары уызы, қаймақ құйылады. Қыша салынып, қызыл бұрыш себіледі.Дайын майшабақ жайпақ ыдысқа салынады да, үстіне манағы тұздықтан құйылып, дастарқанға ә

Тағамның аты: Балық сегіздігі

Азық-түліктер Брутто Нетто Дайындау технологиясы
Балық 380г 356г Жартылай дайын өнім даярлау:бір үлесі-бантик тәрізді,екіншісі-сегіздік тәрізді.Бірінші жағдайда таза сүбеден үлестік кесектерді ромб сияқты етіп кесектің ортасын тіліп,оған келесі ұшын енгізіп,бантик сияқты бүктеп,тұз,бұрыш сеуіп,ұнға аунатады.Сосын льезонға батырады да,ақ нанның кепкен ұнтағына тағы да аунатады.Сегіздік түріндегі жартылай дайын өнімді алу үшін сүбені қалыңдығы 0,8-1 см және ені 4-5см етіп,екі қайтара ұнға аунатады.Содан соң сегіздік түріне келтіріп,істікке түйрейді. Жартылай дайын өнімді алдымен фритюрде,содан соң қуыру шкафында қуырады. Шикі картопты кесектеп кеседі,матамен кептіреді,фритюрде қуырады,сүзгімен сүзіп,кепсерге қояды.Сонда майы сорғиды.Содан соң ұсақ тұзбен тұздайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.