|
|||
Балықтан, балық котлет массасынан және теңіз өнімдерінен тағамдар дайындау3. Балықтан, балық котлет массасынан және теңіз өнімдерінен тағамдар дайындау Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ.
Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге ықпал етеді.
Балықтардан басқа теңіздер мен мұхиттарда шаян тәрізді жануарлар және өсімдік организмдері тіршілік етеді. Олардың өкілдері омыртқасыздар, теңіз балдырлары болып табылады, олардың тағамдық, азықтық, техникалық және емдік құндылыққа ие.
Омыртқасыздар ішінде тағамдық мақсатта шаян тәрізділер, моллюскалар инетерілілер, ал балдырлар ішінде теңіз орамжапырағы маңызды орын алады. Омыртқасыздар еті жоғары құнды, емдік және профилактикалық қасиетке ие. Тағамдық құндылығы жағынан жұмыртқаға, сүзбеге жақын және ет, балық құндылығынан асып кетеді. Омыртқасыздар етінде белок көп. Омыртқасыздар минералды тұздарға, әсіресе микроэлементтрег бай. Олардың құрамында 1% май бар, май құрамында полиқанықпаған май қышқылдары көп болғандықтан биологиялық құнды болып саналады. Негізінен В тобы ыитаминдері, сонымен қатар С және D провитамині бар.
Омыртқасыздарды тамаққа қолдану қандағы холистеринді төмендетуге ықпал етеді,зат алмасуға әсер етеді, вирустарды өлтіретін антимикроб заттарын бөледі. Шаянтәрізділер – краб, лангуст, омар, креветкалар, өзен шаяндары, криль – саудаға негізінен шикілей мұздатылған, пісіріліп-мұздатылған, тоңазытылған түрде , табиғи консерві және Океан пастасы түрінде түседі. Шаян тәрізділердің дәмі ерекше, тағамдық құндылығы жоғары. Шаян тәрізділерді жеке тағам ретінде, салат, бірінші және екінші тамақ жасауда қолданады. Шаянтәрізділер ішінде камчатка крабы бағаланады, оның массасы 1,2-ден 4,2 кг дейін. Крабтың жеуге жарамды еті шымшуырында, суытқыш аяғында және абдоменде орналасқан. Шикі еті сілікпе консистенциялы, сұр-көк түсті, ал піскен еті тығыз қызыл түсті болады. Көксеркені пісіру
|
|||
|