|
|||
ауіпсіздік ережелері1.2 Қауіпсіздік ережелері 1. Асхана ыдысын жууды мына тәртіппен жүргізеді: 1) тамақ қалдықтарын механикалық жолмен тазалау; 2) суға жуу құралдарын қосып, ваннаның бірінші секциясында жуу; 3)температурасы 40оС төмен емес суда және ваннаның бірінші секциясына қарағанда, екі есе аз мөлшерде жуу құралдарын қоса отырып, ваннаның екінші секциясында жуу; 4) ыдыстарды температурасы 65оС төмен емес ыстық ағынды суда ваннаның үшінші секциясында шаю; 5) ыдыстарды тор көзді сөрелерде, стеллаждарда кептіру; 2. Шыны ыдыстар мен асхана аспаптарын жууды екі секциялы ваннада мына режиммен жүргізеді: 1) жуу құралдарын қоса отырып, температурасы 40оС төмен емес суда жуу; 2) температурасы 65оС төмен емес ағынды сумен жуу; 3) торларда, стеллаждарда кептіру. 3. Ас үй ыдысы мен айналымдағы ыдысты жууды екі секциялы ванналарда мына тәртіппен жүргізеді: 1) тамақ қалдықтарын механикалық жолмен тазалау; 2) жуу құралдарын қоса отырып, температурасы 40оС төмен емес суда щеткамен жуу; 3) температурасы 65оС төмен емес ағынды сумен шаю; 4) еденнен 0,5 биіктікте орналасқан тор көзді сөрелер мен стеллаждарда төңкерілген күйде кептіру. Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар: 1). Объектілер оңаша тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған үй-жайларда, алаңы 700 шаршы метрден артық болмайтын ғимараттардың бірінші қабаттары мен төменгі қабаттарында, сол сияқты өнеркәсіптік және басқа да объектілердің аумағында орналаса алады. Бұл жағдайда қоғамдық тамақтандыру нысандарымен қатар немесе олардың үстінде орналасқан адамдардың тұрмысы, дем алу, емделу, еңбек етудегі санитариялық-гигиеналық жағдайлары нашарламауы керек. 2). Тұрғын үйлерде орналасқан объектілердің тұрғындар бөлігінен оқшауланған кіретін есігі мен эвакуациялық шығатын есіктері болуы керек. Азық-түліктік шикі заттар мен тағам өнімдерін тұрғын үйлердің ауласы жағынан қабылдауға рұқсат етілмейді. 3). Тұрғын үйлердің бірінші қабаты терезесінің астына, тротуарларға қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарын орналастыруға, тағам дайындайтын технологиялық жабдықтарын, дыбыс шығаратын аппаратураларын орнатуға рұқсат етілмейді.
|
|||
|