Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.. ауд. 7 балл.



№8-3-2013ауд. 7 балл.

Аммонийхром ашудасы NH4Cr(SO4)2*12H2O ерітіндісіндегі сутектің массалық үлесі 10,06%. Осы ерітіндідегі хром иондарының массалық ү.лесін анықта.

№8-4-2013ауд. 7 балл.

Бір валентті металл сульфатының кристаллогидратындағы металдың массалық үлесі 14,3%. Осы кристалогидраттың формуласын анықта және есептің шешу жолын түсіндіріңдер. Бұл заттың қолданылуы жайлы не білесіз?

№8-5-2013ауд. 7 балл.

Күкірт қышқылы ерітіндісіне массасы 10г шар темір шарик батырылған. Біраз уақыттан кейін шариктің диаметрі екі есе азайған. Бастапқыда қышқылдың массалық үлесі 25% болған, ал тәжірибе аяқталғаннан кейін ол 2,5 есеге азайған. Ерітіндінің бастапқы массасын анықта.

 

 

№9-1-2013ауд. 7 балл.

Әлдебір алкеннің бірдей мөлшерлері әртүрлі галогенсутектермен әрекеттескенде 31,95г хлортуынды және 45,3г бромтуынды түзіледі.

Алкеннің молекулалық формуласын анықта.

№9-2-2013ауд. 7 балл.

Жалпы көлемі 100мл пропан мен н-бутан қоспасына 600мл оттек қосып, қоспаны жаққан. Көмірсутектер толық жанып болып, реакция нәтижесінде түзілген заттарды бастапқы жағдайға әкеліп, су булары конденсацияланғаннан кейін қоспа көлемі 390мл болды. Бастапқы қоспадағы газдардың көлемдік үлесін анықта. Осы қоспаның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есепте.

№9-3-2013ауд. 7 балл.

Жалпы массасы 10г натрий мен калий карбонаттарының қоспасын суда ерітіп, оған тұз қышқылының артық мөлшерін қосқан. Бөлінген газды ішінде натрий пероксиді бар түтікше арқылы өткізген. Осы кезде түзілген оттек көлемі 1,9л қ.ж сутекті жағуға жеткен. Реакция теңдеулерін жазып, карбонаттардың массалық үлесін есепте.

№9-4-2013ауд. 7 балл.

Массасы 18,36г калий, күміс, мыс нитраттарының қоспасын қақтағанда бөлінген газдардың жалпы көлемі 4,032л болған. Түзілген қатты күйдегі өалдықты сумен өңдегенде оның массасы 3,7г-ға азайған. Бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлесін есепте.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.