Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сараптама жүргізу кезінде сезікті мен айыпталушылардың құқықтары мен міндеттері.



2.Сараптама жүргізу кезінде сезікті мен айыпталушылардың құқықтары мен міндеттері.

Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің сараптама тағайындау және жүргiзу кезiндегi құқықтары

1. Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің:

1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;

3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;

4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;

5) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен, ҚІЖК-нің 246-1-бабында көздел­ген тәртіппен сараптама жүргізу кезінде қатысуға;

6) көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.

2. Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да және психикалық жағдайы мүмкiндiк берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адам да ие. Қылмыстық істі қозғау сатысында тізбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адам ие болады.

3. Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның осы Кодекстің 254-бабында көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.

4. Жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасау­дан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже ҚІЖК 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.

5. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде де аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын дәлелді қаулы шығарады.

Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық техноло­гияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу­лердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамды баламалы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдерін және жанама әсерлерді қоса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердің пайдаланылатын әдістері туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Көрсетілген ақпарат сот сараптамасы жүргізілетін адамның өтініші бойынша оның заңды өкіліне де беріледі.

3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтініштерді медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жолданым иесіне жібереді және олар цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты оның келісімімен жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

 Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты оның түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.

2. Сараптама жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті.

3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулер ба­рысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сарап­тамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.

5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарап­шысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарап­шысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші орган алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшы­ларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысу­шылардың қатысуына жол берілмейді.

7. Сот психиатриялық және сот психоло­гиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпия жағдайда жүзеге асырылады.

8. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сарап­тамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.

 

Дәріс №8. Тақырып: Сот сараптамасының құқықтық жағдайы

1.Сот сараптамасының құзыреті мен өкілеттігі: құқықтары мен міндеттері

2.Сот сараптамалық қызметті лицензиялау және аттестациялау тәртібі

3.Сот сараптамасының мемлекеттік реестрі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.