Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





айталап жүргізу, қосымша, комиссиялық және кешенді сараптамаларды тағайындаудың процессуалдық тәртібі.



3.Қайталап жүргізу, қосымша, комиссиялық және кешенді сараптамаларды тағайындаудың процессуалдық тәртібі.

Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі аталған сараптама түрлерін тағайындаудың тәртібін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталады.

Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады. Егер сараптама тағайындаган органның қаулысында ол комиссиялық болып белгіленбесе, комиссиялық сараптама жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы.

Практикада зерттеуге біртекті объектілердің біраз мөлшерін ұсынған кезде, көбінде комиссиялық сараптама қате тағайындалатындығына назар аудару керек. Бұл жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы немесе жетекші сарапшы объектілерді комиссия мүшелеріне бөліп береді, ал олар бөлінген топтар аукымында оларды жеке зерттейді және ортақ тұжырым шығарады. ҚІЖК-нің 249-бабы 2-4 бөліктерінің мазмұнында комиссиялық сараптаманы тағайындаудың шарты оның күрделілігі және шешімді қабылдаудағы алқаластығы айтылған, демек әрбір сарапшы барлық объектілерді толық көлемде зерттеуге және зерттеу нәтижелері бойынша тұжырым шығаруга қатысуы керек.

Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі сарапшылық мамандыктардын негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда кезде тағайындалады. Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы, егер ол сараптама тағайындаған органмен дұрыс белгіленбесе, сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылмайды. Егер сараптама тағайындаған органның қаулысында сараптама кешенді болса да, олай болып белгіленбесе, онда кешенді сараптаманы жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы.

Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптама тағайындау кезінде сарапшыға барлық алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуы тиіс.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптаманы тағайындау дәлелді болуы керек.

Қайталама сараптама тағайындау кезде сарапшыға барлық алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуға тиіс.

Практикада қайталама сараптамаларды тағайындау іс жүргізу кемшіліктеріне қатысты болады, олардың ең кең тарағаны мыналар:

- бұрын пайдаланғандардан айрықшаланатын алғашқы мәліметтер зерттеуге ұсынылған жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады;

-      қайталама сараптама тағайындаудың іс жүргізу негіздері болмайды: қайталама сараптама айыпталушының алдыңғы сараптама нәтижелеріне келіспеуі туралы шағымының негізінен айырылу кезінде, сондай-ақ оны тағайындаған адамның онымен ешбір дәлелсіз келіспеуі кезінде қайталама сараптама тағайындалады.

Сот сараптамасының теориясы мен практикасында бастапқы сараптама қорытындысымен келіспеу жағдайларында оларды тағайындау міндетті ме деген мәселе талқылануда.

Қайталама сараптама дәлелдемелерді сот бағалауы тұрғысынан бастапқыны бағалау мақсатын қоятын «бакылау», «тексеру» дегенмен ешбір байланысы болмаса да, ҚІЖК-нің 241-бабында көзделген жағдайлардан басқа, оны тағайындау міндетті болып табылмайды. Тиісті мөселені шешу кезінде сараптама тақырыбы болып табылатын мән-жайлар бойынша істегі өзге дәлелдемелердің болуын, сондай-ақ зерттелетін объектілерді жоғалту немесе олардың елеулі өзгеріске ұшырауы кезінде қайталама сараптама өткізудің практикалық мүмкіндігін ескеру керек. Айтылғандарға қосымша Т.А. Лилуашвили, өзінің позициясы тұрғысынан, сарапшының қорытындысы жалғыз ғана дәлелдеме болуы мүмкін және соның негізінде іс бойынша сот шешім шығара алады деп қолдай отырып, ымырашылық нұсқаны ұсынады: егер істе басқа дәлелдемелер болмаса немесе сарапшының қорытындысы жол берілетін жалғыз дәлелдеме болса, сот қайталама сараптама тағайындауға міндетті.

 

 

Дәріс №6. Тақырып: Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері

 

1.Сотта сараптама жүргізу ерекшелігі

2.Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі

3.Азамматық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.