Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азамматық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі.



3.Азамматық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі.

 

Азаматтық процестегі арнаулы білімді пайдаланудың ең білікті нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол дербес кұқықтық институттан, яғни сараптаманы тағайындау, жүргізу, сарапшы қорытындысын алу мен бағалау бойынша қатынасты реттемелейтін азаматтық іс жүргізу құқықтары нормаларының жиынтығынан тұрады.

Қазақстан Республикасы соттарының практикасын оқып-зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сот сараптамасы құралдары жеке адамдардың талап-өтініштері бойынша соттың қараған мына іс санаттарын қарау кезінде пайдаланылды: мүлікті бөлу туралы; ата-ана құқығынан айыру туралы; әкелік фактісін анықтау туралы; бала асырап алу туралы; лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне шағым жасау бойынша; некені бұзу туралы; алименттер өндіріп алу туралы; материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу туралы; парызды өндіріп алу туралы; ар-ождан мен абыройды қорғау туралы; жалақыны өндіріп алу туралы; жұмысқақкайта орналасу туралы; шарттарды бұзу туралы; мәмілерді жарамсыз деп тану туралы; шарттарға өзгертулер енгізу туралы; меншік құқын тану туралы; зейнетақыны дұрыс есептемеу туралы.

Сот сараптамалары сондай-ақ занды тұлғалардың талап-өтініштері бойынша соттың: шарттарды бұзу туралы; мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы; банкроттық туралы; салық инспекциясының тексеру актілерін жарамсыз деп тану туралы; мүлікті басқару жөніндегі комиссия қорытындыларын жарам­сыз деп тану туралы; акцияларды қайта ұйымдастыру және жеке меншікке беру туралы қорытындыларды заңсыз деп тану тура­лы; мүлікті бөлу кезінде үлес құқығын тану туралы; лауазым­ды адамдардың заңсыз әрекеттеріне шағым жасау бойынша іс санаттарын карау кезінде тағайындалған.

Арнаулы ғылыми білімдерді меңгеруден басқа сарапшыға қойылатын өзге талаптар АІЖК-нің 91-бабы 4-бөлігінде және «Сот сараптамасы туралы» Занның 10-бабында белгіленген.

Сарапшының құқықтары мен міндеттері АІЖК-нің 92-ба- бында көзделген.

Сарапшының: 1) сараптамаға қатысты іс материалдарымен танысуға. Оның қарауына ұсынылатын материалдардың көлемін әрбір жағдайда сараптама тағайындайтын сот белгілейді; 2) өзіне қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге. Егер өтініш бір ай мерзім ішінде қанағаттандырылмаса, ол қанағаттандырылмаса бірде-бір қойылған сұрақты шешу мүмкін емес, сарапшы сараптама тағайындаған органға қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жібереді; 3) соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптамаға қатысты сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға; 4) өз бастамасымен сараптама жүргізу кезінде анықталған іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге; 5) өзінің ана тілінде не өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; 6) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 7) сарап­тама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтірген соттың әрекетіне шағым жасауға; 8) өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытын­ды беруден бас тартуға; 9) сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу онын қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сарапшының: 1) соттан басқа процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; 2) өз бетінше қорытынды беруге қажетгі материалдар жинауға, өйткені бұл жағдайда ол өзінің іс жүргізу функцияларының шегінен асып кетеді, ал ол дәлелдемелерге жол берушілік принципін бұзуға әкеледі; 3) егер оған сараптама тағайындаған соттың арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі касиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ. Сарапшы: 1) соттың шақыруы бойынша келуге; 2) өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге. Объективті қорытынды беру дегеніміз, ол сарапшы өзінің ішкі сеніміне негізделе өзінің ар­наулы гылыми біліміне сәйкес өзі жүргізген зертеудің нәтижелерін толық, жан-жақты бағалау дегенді білдіреді. Объективтілік сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде сарапшының ең тиімді, мақұлданған әдістер мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы. Сарапшылық қорытындының негізділігі сарапшы пайдаланған зерттеу әдістемесінің сенімділігі мен ғылыми негізділігін, оған ұсынылған материалдардың, соның ішінде алғашқы мәліметтердің жеткіліктігі мен дұрыстығын, сарапшы тұжырымдарының өзі жүргізген зерттеуге сәйкестілігін білдіреді; 3) жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәсе­лелер бойынша жауап беруге міндетгі.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі сот сараптамасы тікелей сот талқылауы сатысында, сондай-ақ өзге сатыларда жүргізілу мүмкін. Осы белгілер бойынша сараптама тағайындаудың мына төмендегі іс жүргізу нысандарын бөліп көрсетуге болады:

- дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен;

- істі сот талқылауына дайындау кезінде;

- сот талқылауында.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен сараптама таға­йындауАІЖК-нің 74, 75, 76-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сараптаманы жүргізу дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Оны дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен тағайындау, егер соңынан сараптама жүргізу мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар жағдайда болуы мүмкін.

Аталған мән-жайлар сараптама объектілеріне, олардың уақыт өте қасиеттерінің өзгеруіне, жойылуына немесе зерттеу үшін қол жетпейтіндігіне байланысты.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен сараптама таға­йындаудың заңды негіздері мүдделі адамның мәлімдемесі бо­лып табылады, онда: қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар; өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер; қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен сараптама таға­йындау туралы өтінішті беру осы іс-әрекеттер үшін заңда көзделген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен сараптама таға­йындау істің сотта туындауға дейін де, сондай-ақ кейін де бола­ды. Бірінші жағдайда сараптаманы нотариус немесе консулдық мекемелердің лауазымды адамы тағайындай алады. Аталған жағдайлардағы сараптама тәртібі Қазақстан Республикасының «Но­тариат туралы» Заңының 99-бабымен белгіленген. Соттың сараптама тағайындауы АІЖК-нін 91-бабында көзделген тәртіпте жүргізіледі. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін (АІЖК-нің 75-бабы З-б.).

Сот талқылауына істі дайындау кезіндегі сот сараптамасыісті барынша толық, жан-жақты қарау шарттарын жасау үшін тағайындалады.

Судья сараптама тағайындау қажеттілігі кезінде іске қаты­сушы адамдарға міндетті түрде олардың сарапшының алдына сұрақ қою құқығын түсіндіреді. Ал сарапшы АІЖК-нің 92-бабында көзделген құқықтардың барлығына ие болады. Алайда, ол соттың куәлардан жауап алу және өзге дәлелдемелерді зерт­теу кезінде қатысуға құқығы жоқ, бұл істі талқылауға дайындау сатыларының айрықша мақсаттарынан шығады.

Сот отырысындағы сот сараптамасыіс бойынша шешім шығарылғанға дейін процестің кез келген сатысында тағайындалуы мүмкін.

Қылмыстық процеске қараганда, азаматтық процесте алдын ала тергеу сатылары болмайды, сот талқылауына дейін іс жүргізу әрекеттері тек шектеулі деңгейде және тек сотта істі кейін қарау үшін жағдайлар жасау мақсатында ғана жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізу заңы сот отырысында бұрын жүргізілген іс жүргізу әрекеттерін міндетгі түрде қайталауды талап етпейді. Іс жүргізу әрекеттері, соның ішінде бастапқы сараптама оларды сот талқылауында қайталамас үшін сотқа дейінгі сатыларда жүргізіледі. Егер сараптама алдында жүргізілсе, сот талқылауында қайтала­ма немесе қосымша сараптама тағайындалуы мүмкін, ал қыл­мыстық процесте сот талқысы барысында жүргізіліп отырған сараптама оның бұрын алдын ала тергеу сатысында жүргізілген/ жүргізілмегендігіне қарамастан бастапқы болып есептеледі.

Сот талқылауында сот сараптамасын тағайындаудың іс жүргізу тәртібіне, ең алдымен, сарапшының алдына сұрақтарды қоюдың рәсімі кіреді. Іске қатысушы әрбір адам өзінің осы мәселе бойынша өз ойларын сотқа қоюы мүмкін, алайда түпкілікті сұрақтар шеңберін айқыңдау құқығы сотқа беріледі, ол сұрақты қабылдамауға немесе оған түзетулер енгізуге, сондай-ақ сұрақтардың тізбесін кеңейтуге құқылы (АІЖК-нің 91-бабы 7-6.).

Қорытындының қатыстылығы, жол берушілігі мен дұрыстығы көбінде зертеуге ұсынылған материалдардың сапалылығы және толықтығымен белгіленеді.

Егер сараптама алдынғы сатыларда жүргізілген жағдайда, сот отырысына қорытынды берген сарапшы шақыртылуы мүмкін. Оны сотқа шақырту қажеттілігі әрдайым мақсатка лайықты емес. Сарапшы қатыспаған кезде қорытынды талас және күмән тудырмаса, сот қорытындыны жария етумен және оның зерттеумен шектелуі мүмкін. Әрбір жагдайда сарапшыны шақырту туралы мәселе жеке шешіледі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.